Іс-әрекет алгоритмі.
1.Қуықты катетер арқылы босату.
2.Әйелдің келісімін алу.
3.Сыртқы жыныс еріндерін антисептикалық ерітіндімен өңдеу (1% йодонат немесе 2% йод ерітіндісі).
4.Қолыңызды хирургиялық тәсілмен өңдеп, стерильді қолғаптар киіңіз.
5.Әйелді жалпы ауырсыздандырыңыз.
6.Сол қолдығ сұқ және үлкен саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз.
7.Оң қолыңызды конус тәрізді ұстап, жамбастың тік өлшемімен кіріп, екінші қолыңызыд жатырды сыртқы құрсақ бөлімі арқылы пальпациялап бекітіңіз.
8. Алақан сыртын сегізкөзге қаратыңыз, кіндікбау бойымен жүре отырып, бала жолдасын табыңыз және бала жолдасының шеттеріне қарай жылжи отырып, алақан қырымен бала жолдасын жатыр қабырғасынан ажырата бастаңыз және жатыр мойнына қарай жылжытыңыз.
9.ол қолмен кіндікбаудан тарта отырып, бала жолдасын шығарып алып, ассистентке беріңіз.
10. Оң қолды жатыр қуысында қалдырыңыз, яғни қалдықтарды шығару үшін.
11 .Қалған қан ұйындылары шыққан соң қолыңызыд жатыр қуысынан шығарыңыз.
12.Қолғапты шешіп, ережеге сәйкес тастаңыз.
13.Қолыңызды сабынмен жуыңыз..
14.Көктамыо ішіне жатырды жиыратын препараттарды енгізіңіз, төменгі құрсақ бөліміне мұзды мұйық қойыңыз.
3.1.47. Стандарт «Жатыр қуысын қол салып тексеру»
Операция мақсаты: бала жолдасының қалдықтарын анықтау және шығару
Көрсеткіштер: бала жолдасының бүтіндігінің бұзылуы. Операциядан кейін жатыр бүтіндігіне көз жеткізу. Ұзақ босану. Гипотониялық және атониялық қан кетулер. Жатыр тыртығы бар әйелдер.
Ресурс: дезинфекциялық ерітінді, мақталық шариктер, корцанг, стерильді перчатка, қуық катетері, фантом, наркоздық аппарат, медикаменттер, стерильді шприцтер, мұзды мұйық.
Іс-әрекет алгоритмі.
1.Қуықты катетер арқылы босату.
2.Әйелдің келісімін алу.
3.Сыртқы жыныс еріндерін антисептикалық ерітіндімен өңдеу (1% йодонат немесе 2% йод ерітіндісі).
4.Қолыңызды хирургиялық тәсілмен өңдеп, стерильді қолғаптар киіңіз.
5.Әйелді жалпы ауырсыздандырыңыз.
6.Сол қолдығ сұқ және үлкен саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз.
7.Оң қолыңызды конус тәрізді ұстап, жамбастың тік өлшемімен кіріп, екінші қолыңызыд жатырды сыртқы құрсақ бөлімі арқылы пальпациялап бекітіңіз.
8.Оң қолдың саусақтарының жастықшаларымен жатырдың ішкі бетін түбінен бастап жатыр мойнына дейін пальпациялаңыз.
Қолыңызды жатыр қуысынан шығарыңыз
Қолғапты шешіп, ережеге сәйкес тастаңыз.
Қолыңызды сабынмен жуыңыз..
Көктамыо ішіне жатырды жиыратын препараттарды енгізіңіз, төменгі құрсақ бөліміне мұзды мұйық қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |