Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


Стандарт «Жатырдың бимануальді компрессиясы»



бет25/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.44. Стандарт «Жатырдың бимануальді компрессиясы»



Мақсат: жатыр гипотониясын/атониясын емдеу.
Ресурс: босану залының/палатасының жабдықталуы, стерильді перчатка, антисептик.


Іс-әрекет алгоритмі:
1 .Әйелге іс-әрекет қажеттігін және барысын түсіндіріңіз

2.Қолыңызды сабынмен жууп, антисептикпен өңдеп, стерильді қолғап киіп, қынапқа қолыңызды енгізіп, жұдырыққа түйіңіз.


3. Алдыңғы күмбезге басып, жатырдың алдыңғы қабырғасын басыңыз
4. Екінші қолыңызбен жатырды сыртқы құрсақ қабырғасы арқылы пальпациялап, оның артқы қабырғасын басып ұстаңыз, сонда жатыр екі қолдың ортасында қысылып тұрады.
5. Басуды қан кету тоқтап, жатыр жиырылғанша тоқтатпаған жөн.
6. Манипуляция аяқталған соң қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.
7.Қолыңызды сабынмен жууп, антисептикпен өңдеңіз


3.1.45. Стандарт «Құрсақ аортасын басу»


Мақсат: қан кетуді уақытша тоқтату.
Іс-әрекет алгоритмі:
• қолыңызды жұдырыққа түйіп, сыртқы құрсақ бөлімі арқылы құрсақ аортасын басыңыз, оның нүктесі кіндік үстінде және сәл сол жақта орналасқан.
• екінші қолмен сан артериясын пальпациялаңыз.
• егер пульс анықталса демек аорта дұрыс басылмады, ал егер пульс болмаса демек аорта дұрыс басылды, қан кету уақытша тоқтады деген мағына білдіреді.
Ескерту. Босанудан кейінгі ерте кезеңде аорта пульсациясы сыртқы құрсақ бөлімі арқылы оңай анықталуы мүмкін.
3.1.46. Стандарт «Бала жолдасын қол салып бөліп алу»


Операция мақсаты: бала жолдасын бөлу және шығару.
Көрсеткіштер: бала жолдасының бөліну белгілерінің болмауы, бала жолдасының қалдықтарының жатыр қуысында қалуы, босанудан кейінгі қан кету.
Ресурс: дезинфекциялық ерітінді, мақталық шариктер, корцанг, стерильді қолғап, қуық катетері, фантом, наркоздық аппарат, медикаментер, стерильді шприцтер, мұзды мұйық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет