3.1.49. Стандарт «Жатыр мойнының жыртылуларын тігу»
Мақсат: жатыр мойнының бүтіндігін қалпына келтіру.
Ресурс: үлкен қынаптық айналар; 3 зажим; 2 корцанг; 2 Кохер зажимі; инеұстағыш; қайшылар; пинцеттер; хирургиялық инелер; кетгут; стерильді мақталық-дәкелік шариктер; дезинфекциялық ерітінділер; стерильді перчатка; маска; антисептикалық заттар.
Іс-әрекет алгоритмі.
1 .Әйелге процедураны түсіндіріп, келісімін алыңыз
2.Қуықты катетер арқылы босатыңыз
3.Сыртқы жыныс мүшелерін антисептикалық ерітінділермен өңдеңіз
4.Гинекологиялық куреслоға стерильді пеленка төсеңіз
5.Испаптық үстелшеге керек заттарды қойыңыз
6.Қолыңызды хирургиялық өңдеңіз
7.Маска және стерильді перчатка киіңіз
8.Жатыр мойнын айна арқылы жалаңаштаңыз
9. Жыртылған тіндердің шетіне қысқыштарды салып тартып көріп тексеріңіз
10.Инеқстағыш арқылы инені кетгутпен дайындаңыз және бірінші т ігісті жыртылған жерден жоғары салыңыз. Жіп ұшын Кохер зажимімен ұстаңыз. Кохер қысқышын ұстаушы ретінде пайдаланыңыз.
11 .Келесі тігістерді араларын 1 см жасап салыңыз.
12.Қолданған заттарды дез.ерітіндіге салыңыз және КБУ-ға тастаңыз
13.қолғаптарды шешіп КБУ-ға тастаңыз.
14.Қолыңызды сабынмен жуып, антисептикпен өңдеңіз.
3.1.50. Стандарт «Нәрестені біріншілік өңдеу»
Мақсат: нәрестенің сыртқы ортаға бейімделуіне жағдай жасау, нәрестеде дамитын патологиялық жағдайлардың профилактикасы.
Ресурс: босану залының жабдықталуы, нәрестені өңдеуге арналған құрал-жабдықтар жинағының пакеті
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз, стерильді перчатка киіңіз
Жылулық тізбекті сақтау үшін және теріге тері принципін сақтау үшін баланы алдын ала жылылтлғын жаймамен қабылдаңыз.
Баланы теарада құрғатыңыз.
Қажет болса отсоспен ауыз қуысын тазалаңыз. .
Кіндікбауды туылған соң 1 минуттың соңында пулсация аяқталғанда зажиммен қысыңыз. Кіндікбау сақынасынан 10 см алшақ және жыныс саңылауынан 8 см алшақ орналастырылған екі зажимнің ортасында кіндікбауды антисептикпен алдын ала өңдеп кесіңіз. Мүмкін болатын ВИЧ инфекциясын алдын алу үшін кіндікті кеспес бұрын оған үлкен дәкені қою керек, себебі қан шашырауы мүмкін.
Баланы анасына көрсетіңіз және жынысына мән ьеруін анықтаңыз.
Баланы анасының кеудесіне жатқызыңыз.
Алғашқы 30 секундта нәресте жағдайын бағалаңыз, анасына айтыңыз.
8.Нәрестеге таза жылы құрғақ бас киім, носки кигізіңіз үстін жаймалармен жабыңыз және 2 көрпемен жабыңыз.
9. Туылғаннан 30 минут ішінде дене температурасын өлшеңіз.
10.Нәрестені омырауға салуды үйретіңіз
Гонобленореяның профилактикасы ретінде бала анасының кеудесінде жатқанда алғашқы 1 сағаттың ішінде көзге 1 % тетрарациклин немесе эритромицин жақпаларын жағыңыз. Егер анасында хламидичлық немесе гонореялық инфекция болса жоғарыда аталған дәрілік заттарды қайталап 2 сағатта жағыңыз.
Кінідкбауды екіншілік өңдеу 2 сағаттан соң келесі ретпен жүргізіледі: кінідкбау сақинасынан 0,3 см алшақ арнайы қысқыштарды кіндікке салыңыз. Стерильді қайшылармен қалғант қалдығын алып тастаңыз. Егер анасының қаны теріс болған жағдайда инфузиялық терапия жүргізу мақсатында кіндікбау сақинасынан 2-3 см алшақ қысу керек ал қысқыштың өзінен 0,3-0,5 см алшақ қалған қалдығын алып тастау керек.
Нәрестенің дене салмағын өлшеңіз. Таразы электронды болған жөн және алдын ала жылытылған болуы керек. Нәрестенің бойын стерильді сантиметрлік лентамен өлшеңіз яғни шүйдесінен өкше сүйегіне дейін. Одан әрі бас айналымын және куде айналымын да өлшеңіз.
Нәрестенің қолына тағылатын браслетке нәрестенің аты –жөнін, әкесінің атын, анасының босану тарихының нөмірін, жынысы, массасы, бойы және туылған дата және уақыты жазылады.
Оденьте ребенка в чистую одежду (распашонка, ползунки, шапочка, носочки), накройте теплым одеялом и уложите рядом с матерью для совместного пребывания.
Достарыңызбен бөлісу: |