3.1.48. Стандарт «Аралыққа тігіс салу операциясы»
Мақсат: аралық тіндерінің бүтіндігін қалпына келтіру.
Ресурс:
Шприц 10,0 мл ұзын инесімен.
Новокаин 0,25% - 50,0.
2% йод немесе 1% йодонат ерітіндісі.
Стерильді материал (дәкелік, мақталық шариктер, салфеткалар).
Үстелшеге тігіс салуға арналған заттарды қою.
Айналар
Корнцанг.
Пинцет.
Инеұстағыш.
Инелер хирургиялық.
Тігіс материалдары (кетгуг, жібек).
Қайшылар.
Аралықтың 1 дәржелі жыртылуында жүргізілетін іс-әрекеттер:
Сыртқы жыныс мүшелерін антисептикалық еретінділермен екі рет өңдеңіз
Әйелдің жамбас астына стерильді төсеме төсеңіз.
Ауырсандыруды жасаңыз (жараны 0,25 %р новокаин ерітіндісімен ауырсыздандыру).
Үстелшеге аралыққа салатын тігіс заттарын қойыңыз.
Қынаптың жыртылған жарасының шетінен бастап кетгутпен тігістер салыңыз (түйіндік немесе үздіксіз тігістер)
Аралыққа жібек жіппен тігіс алыңыз.
Тігістерді 1 % йодонат немесе 2 % йод ерітіндісімен өңдеңіз
Аралықтың 2 дәржелі жыртылуында жүргізілетін іс-әрекеттер:
1 .Сыртқы жыныс мүшелерін 1 % йодонат ерітіндісімен өңдеңіз.
2. Әйелдің жамбас астына стерильді төсеме төсеңіз.
3.Ауырсандыруды жасаңыз (жараны 0,25 %р новокаин ерітіндісімен ауырсыздандыру).
4.Үстелшеге аралыққа салатын тігіс заттарын қойыңыз.
5.Кетгут жіптерімен бұлшықеттердің жыртылған жерлерін қосып тігіңіз.
6.Жара бұрышына кетгут жіппен тігіс салыңыз, оны ұстап тұрушы деп пайдалануға болады және ары қарай артқы жабыспаға дейін (спайка) кетгуттан тгістер салыңыз. Соңғы түйін де ұстап тұрушы деп есептеледі.
7.Аралық терісіне жібек жіптен тігістер салыңыз.
8. Тігістерді 1 % йодонат немесе 2 % йод ерітіндісімен өңдеңіз
Достарыңызбен бөлісу: |