ІНДЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ АКТІСІ
( мерзімі) (шаруашылыктың аты, мекен-жайы)
Біз, төменде қол қоюшылар, бас биоселекционер ___________, бас мал дәрігері _____________, ферма меңгерушісі _____________ осы актіні жаза отырып, төмендегіндей жағдайды анықтадық.
1. Ауруға бейім малдардың саны (түрі, тұқымы, жасы, жынысы — кесте түрінде).
2.Фермадағы ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық жағдай (қоршауы, ветеринариялық-санитариялық жібергіш, мал қоралардың орналасуы, мал туатын бөлім, профилакториялар, оқшаухана және серуен алаңдары, олардың зоогигиеналық талаптарға сәйкестігі). Жануарларды күту жағдайы. Төл өсіру әдісі.
Жануарларды азықтандыру тәртібі: жем-шөпті дайындау, сақтау, оның құнарлығы, құнарлы жем, рацион жасау.
Суару және су көздерінің жағдайы.
Жайылымның жағдайы, көшіп-қонуы.
Көнді жинаудың және зарарсыздандырудың әдістері.
Өлексені, малдың шуын, түсіктерді, қасапхана қалдықтарын өңдеудің (жоюдың) әдістері және олардың ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі.
8. Індеттанулық балау.
Клиникалық сипаттама (тексерілген малдын саны).
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер (тексерілген өлекселердің саны және олардағы осы ауруда ғана кездесетін өзгерістер).
Серологиялық, аллергиялық, гемотологиялық биохимиялық, бактериологиялық, вирусологиялық зерттеулердің нәтижелері.
Ажыратып балау.
Ауру шыққанға дейін және одан кейін шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы жалпы, арнайы шаралардың тиімділігі.
Аурудың әсерінен шаруашылыққа келген экономикалық нұқсан және ветеринариялық шаралардың нәтижесінен алынған экономикалық тиімділік.
Шаруашылықты іңдеттен сауықтыру шараларының тиімділігін арттырып,олардың мерзімін қысқартуға бағытталған ұсыныстар.
Қолдары:
Достарыңызбен бөлісу: |