Тақырыбы: Індеттанулық балау, індеттанулық талдау актісі
Сабақтың мақсаты: Инфекциядан сау емес пунктте індеттанулық зерттеу әдісін меңгеру.
Құралдар және материалдар: Кестелер, плакаттар, суреттер, және т.б. көрнекі құралдар.
Сабақтың мазмұны: Іңдеттанулық балау, инфекциялық аурудың маңызын, таралу себептерін, індет процессін сипаттайды.
Індеттанулық талдаудың жоспары
1. Індеттік ауру шыққан шаруашылқтың аты (елді мекені, ауданы, облысы), географиялық жағдайы және топографиялық ерекшеліктері, байланыс қатынастары.
Шаруашылықтағы жануарлардың түрі, жасы, жынысы жағынан бөлінуі (кесте түрінде). Олардың топ-топқа бөліну ерекшеліктері.
Малдардың қора-жайы. Шаруашылықтағы фермалардың саны және олардың орналасуы. Малдардың қора-жаймен қамтамасыз етілуі, олардың зоогигиеналық талаптарга сәйкестігі.
Малдың жаз айларындағы күтімі. Жайылымның, суаттың сипаттамасы, олардың санитариялық жағдайы. Қан сорғыш буынаяқтылардың бар-жоқтығы, оларға қарсы жүргізілетін шаралар (дезинсекция).
5. Малды азықтандыру. Жем-шөптің сапасы, рациондардың құрамының белгілеген талаптарға сәйкестігі.
6. Шаруашылықтың ветеринариялық-санитариялық жағдайы:
- ферманын қоршауы;
- әртүрлі ауруды емдейтін ветеринариялық емхананың, соятын алаңшаның, қалдықтар өңдейтін қондырғылардың, оқшауханалардың барлығы және олардың санитариялық жағдайы;
- көңді және өлексені жинаудың және зарарсыздандырудың әдістері; қора-жайлардағы және ферма ауласындағы кеміргіштердің бар-жоқтығы және дератизациялау шаралары.
Емдеу және дауалау шараларының тиімділігі. Ауырған және өлген жануарлардың есебі.Жануарларды пайдалану жағдайында ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау.
Індеттің сипаттамасы:
- ауру жайлаған топтардағы ауру малдардың күндік, апталық, айлық есебі;
- ауру шыққаннан бастап талдау жасағанға дейінгі аралықта ауырған және өлген малдардың жалпы саны;
- шаруашылыққа ауру қоздырушысының мүмкін болған ену жолдарын анықтау;
- бұдан бұрын осыңдай немесе осыған ұқсас індеттің қай кезде болғаны туралы мәліметтер;
- Іңдеттің індет ошағының сыртына таралу мүмкіндіктерін анықтау.
9. Аурудың клиникалық белгілері, ерекшеліктері.
10. Негізгі патолого-анатомиялық өзгерістер.
Аудандық, аймақтық ветеринариялық лабораториялардың зерттеулерінің нәтижесі.
Дауалау шаралары және олардың тиімділігі.
Аурудың шығу тегі туралы қорытынды және оған қарсы жүргізілетін сауықтыру шараларының нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |