Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)


Студенттердің өзіндік жүмысы



бет22/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Студенттердің өзіндік жүмысы:
1. Сақтық ережелердің негізгі принциптері, арнайы шараларды орыңдау техникасымен танысу.
2. Инфекциялық ауру малмен жұмыс істеу ережелерін меңгеру.

2–сабақ




Тақырыбы: Серологиялық зерттеуге жануарлардан жаппай қан алу, сарысуын бөлу, консервілеу. Жіберілген сынамаларға, алынған нәтижелерге құжаттар толтыру
Сабақгың мақсаты. Малдан жаппай қан алу, сынамаларды лабораторияға жіберу тәсілдерін үйрену.
Сұрақтар:
1. Сиырдан қан алу.
2. Қойдан қан алу
3. Жылқыдан қан алу
4. Доңыздан қан алу
5. Құстан қан алу
Сабақтың мазмұны: Серологиялық зерттеуге жануарлардан жаппай қан алу, сарысуын бөлу, консервілеу. Жіберілген сынамаларға, алынған нәтижелерге құжаттар толтыру.
Малдан жаппай қан алуды ұйымдастыру. Жануарлардан жаппай қан алу арнайы шприц пробирка қолданылады. Щприц пробирка стерильді сырты қапталған. Оның құрамына ішінде поршены бар пробирка және қан алатын ине кіреді. Бұл қан алу құралы тек бір рет қолданылады. Қолданылып болған ине және пробиркаларды утилдейді. Барлық пробиркалар нөмірленеді. Қан алу ведомостары толтырылады. Онда малдың инвентарлық нөмірлері, болмаса мал иесінің аты-жөні, малдың жынысы, жасы, түрі тексерілетін реакциялар көрсетіліп, қан алған мал дәрігерінің аты-жөні жазылады.
Қан алынғаннан кейін пробирка номерленіп 30-35°С-да 30 минут ұсталуы қажет (әсіресе қысқы мерзімде). Одан кейін ұйыған қанды салқын жерде қан сарысуы бөлініп шыққанша ұстайды. Жоғарыдағыдай тәсілмен гемолизденбей, ұйыған қаннан ажыратылған қан сарысуы лабораторияға арнайы ведомость толтырылып жіберіледі.
Сиырдан қан алу. Қан мойынның күре тамырынан, мүмкіндігінше таңертең азықтандырудан бұрын алынуы қажет. Қан алынатын тері аймағы арнайы қырқылып, 3%-ды фенол ерітіндісімен немесе 70%-ды спирт ерітіндісімен сүртіледі.
Әр малдан қан алуға жеке ине қолданылуы шарт. Фермаларда қан арнайы жабдықталған станоктарда, болмаса малдың байлаулы тұрған жерінде алынады. Алдымен күре тамырды резина түтікшемен қысып байлап, резина түтік арқылы пробиркамен байланысқан инені күре тамырға енгізеді.
Қан алуға арнайы мықты орнатылған бағаналарды пайдалануға болады. Техникалық қауіпсіздікті сақтау үшін қан алу кезінде бас бармақпен сиырдың мүйізі басылып ұсталып тұруы керек.
Алынған қан қыс кездерінде бөлме температурасында 1—2 сағат мөлшерінде қаннан сарысуы бөлініп шығу үшін ұсталуы керек. Қан сарысуы лабораториялық зерттеуге жіберілгенше салқын бөлмеде сақталады.
Қойдан қан алу. Қойдың күре тамырын резинамен қыспай, саусақ арқылы басып тұрып қан алуға болады. Көбінесе ыңғайлы болу үшін арнайы үстелге жатқызып алады.
Доңыздан қан алу. Құлақ тамырынан немесе құйрығынан алады.
Құстан қан алу. Құстан қан жаппай арнайы шаралар жүргізген кезде алынады. Ол жайыңда арнайы құс аурулары бөлімінде толық көрсетіледі.
Жылқыдан қан алу. Жылқыдан қан алу сиырдыкіндей. Тек қана жылқыны үркітпей көзін жауып тұрып, мұрындық салып еппен алу қажет.
Қан сарысуын консервациялау. Қанды алғаннан кейін лабораторияға жіберу мүмкіндіктері болмаған жағдайда, ұйыған қаннан бөлінген сарысуды стерильді пробиркаға құйып алып, 5%-ды фенолмен (1 см3 консервант 9 см3 қан сарысуына қосылады) немесе құрғақ бор қышқылымен консервацияланады (скальпель ұшымен бор қышқылы сарысуға қосылады).
Алынған қанға жолдама құжат толтырылып, лабораториялық зерттеуге жіберіледі. Қанға жолдама құжат толтыру үлгісі төмендегідей.

ЖОЛДАМА ҚҰЖАТ


Жолдама құжатта қанның алынған уақыты, қандай ауруларға зерттелу қажеттілігі, вакцинамен егіліп, егілмегендігі, бұл жылы осы табыннан не отардан нешінші рет қан алынғаны және аурудың балауын объективті қоюға қажетті басқа да қажетті деректер көрсетілуі тиіс



Реттік
№№



Шаруа-
шылық,
ферма,
мал
иесінің
аты-
жөні



Жасы, жынысы



Инвен-тарлық нөмірі



Зерттеу нәтижелері

РБС

АР

КБР



Нәтижесі























Қан сынамаларын жіберген Зерттеу жүргізген серологтың
мал дәрігері (аты-жөні, қолы) (аты-жөні, қолы)

3- сабақ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет