Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)


Тақырыбы: Мал фермаларындағы ветеринариялық-санитариялық нысандар және санитариялық реттілік Сабақтың мақсаты



бет23/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Тақырыбы: Мал фермаларындағы ветеринариялық-санитариялық нысандар және санитариялық реттілік
Сабақтың мақсаты: Мал фермаларындағы ветеринариялық-санитариялық нысандар және санитариялық реттілік танысу.
Сұрақтар:
1. Санитариялық реттілік.

  1. Дезенфекциялық тосқауыл.

3. Санитариялық өткелек.
Сабақтың мазмұны: Мал фермалары мен кешендерінде жүргізілетін ветеринариялық –санитариялық тиімділігі тиісті нысандардың қызыметіне байланысты. Ол нысандарға жататындар – дезенфекциялық тосқауыл, санитарлық өткелек, оқшауханалар, карантиндік жайлар, көң қоймасы, санитариялық қасапхана (сою пункті) малды тоғтуға арналған жабдықтар (тоғытқыш), ет-сүйек ұнын өндіруге арналған шикізатты жинау пункті.
Дезенфекциялық тосқауыл (дезтосқауыл). Ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезенфекциялық тосқауыл арқылы өтеді.
Дезтосқауылды жерді ойып, бетін бетондап жасайды. Оның жалпы ұзындығы 9-12 м , ал дезенфекциялық ерітінді құйылатын бөлігінің ұзындығы 6-8 м . Кіретін және шығатын екі жағы 1,5-2 м мөлшерінде жадағайланып барып бітеді. Дезтосқауылдың ені қақпаның енімен бірдей 3-3,5 м мөлшерінде. Ертінді тұратын бөлігінің тереңдігі 35-40 см. Көлік жүріп өткенде шайқалған ерітінді кемерінен асып кетпеу үшін кіретін және шығатын екі жағы да жер бетінен дөңестеліп барып бітеді. Шұңқырдағы ерітіндіні ағызып жіберетін құбыр болуы керек. Дезтосқауыл формальдегидтің сілтілі ертіндісімен толтырылады. Ерітіндіде 3% формальдегид және 3% күйдіргіш натр болу қажет. Аталған заттарды 2%-тен де алуға болады. Іс жүзінде бастапқы кездегі концентрациясы 3%-тен болып, пайдалана келе 2%-ке дейін кемиді. Дезтосқауылдың шұңқырын басқа да ерітінділермен толтыруға болады. Атап айтқанда 3% каустикаландырылған сода- сақар қоспасы, кислонафт немесе нафтолизолдың 5%-ті эмульсиясы. Қысты күні ертінді қатпау үшін оған 10-15 % мөлшерінде ас тұзын қосқан жөн. Дезтосқауылды бір рет толтыру үшін 10 м³ шамасында ертінді кетеді. Дезтосқауылдың үстіне жауын-шашыннан сақтау үшін шатыр орнату керек.
Санитариялық өткелек (санөткелек) – фермадағы маңызды санитариялық объект болып табылады. Оның атқаратын қызметі: 1) көлік, құрал-сайман, тараны (ыдыс) жуып, дезенфекциялау; 2) адамдарды душ қондырғысынан өткізу; 3) жұмыс киімін жуып, дезенфекциялау.
Көлікке арналған санитариялық өткелек аэрозольді және суармалы дезинфекция жасауға бейімделген. Ыдысқа арналған өткелек дезинфекциялық камерамен екі бөлімнен (таза және лас) тұрады.
Өндірістік аймаққа өтетін барлық көлік алдымен жуылып, содан кейін 2%-ті формальдегид ерітіндісімен дезинфекцияланады. Жұмыс күні біткеннен соң ветсанөткелектің бұл бөлімінде фермадағы барлық көлік (жем-шөп үлестіргіш т.б) дезинфекцияланады.
Өндіріс аймағына өтерде барлық жұмыскерлер гардеркиімі мен аяқ киімін шешіп, душ қабылдап, дезинфобтаекцияланған жұмыс киімі мен аяқ киімін киюлері керек. Жұмыс біткен соң жұмыскерлер ветсанөткелек бөлмесінде жұмыс киімі мен аяқ киімін шешіп, жуып, дезинфекциялауға өткізіп, душ қабылдап, өздерінің киімін киіп фермадан қайтады.
Әр жұмыскерге екі дана жұмыс киімі болу керек. Жұмыс киімін ветсанөткелекте булы формалин, булы ауа камерасында дизенфекциялайды. Бұл камераның екі бөлімі (салатын және алатын) болады. Салатын бөлімнің есігі лас киімді сақтайтын бөлме жақта болады. Алатын бөлімнің есігі дезинфекцияланған киім сақталатын бөлмеге қарайды. Аяқ киімді 2% формальдегид ерітіндісін шүберекпен сүрту арқылы дезинфекциялайды.

4- сабақ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет