Имам ғазали жүректің сырлары


Зекет  Алла Тағала былай дейді: «...олар зекетін де береді



Pdf көрінісі
бет47/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Зекет 
Алла Тағала былай дейді: «...олар зекетін де береді...»
151
 
151
 
«Муминун» сүресі, 4. 
Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алтын-
күміс, ақшасы бар болып, олардың ақысын (өлшемі белгіленген зекетін) 
бермегендер үшін қиямет күні сол алтын-күміс ерітіліп жалпақ тақтайға 


61 
айналдырылып, денелері олармен жандырылып және жамбасы мен жон терісі сол 
тақтайлармен теріс қаратылады». 
Яғни елу мың жылға созылған ауыр есеп-қисап күні бұл тақтайлар суыған сайын 
қайта-қайта қыздырылады және бұл көрініс есеп-қисап бітіп, әрбір кісінің пейішке не 
тозаққа баратыны білінгенге шейін жалғаса береді. 
Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Шүбәсіз, яһудилердің 
машайықтары мен христиан дінбасыларының көпшілігі (иләһи Кітаптағы 
үкімдерді бұрмалап, пара алу және дінді табыс көзіне айналдыру арқылы) ел-
жұрттың дүние-мүлкін сөзсіз арам жолмен жеуде һәм оларды Алланың ақ 
жолынан қақпайлауда. Ендеше, (ашкөздікке салынып) алтын мен күмісті үсті-
үстіне жиып, оны Алла жолында жұмсамайтындарды жан төзгісіз азаппен 
«сүйіншіле». 
Қиямет күні дүниеде (ашкөздікке салынып) үсті-үстіне жиылған алтын мен 
күміс тозақ отына қыздырылып, онымен иелерінің маңдайлары, бүйірлері және 
арқалары күйдіріледі һәм оларға: «Міне, мыналар – қара бастарың үшін 
жиғандарың. Ал енді сол (ашкөздікпен) жиған дүниелеріңнің (ащы) дәмін 
татыңдар», – делінеді»
152

152
 
«Тәубе» сүресі, 34-35. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні «Біз үшін парыз қылынған ақымызды бермеді» 
деген жарлылардан басына бәле келген байлар құрысын! Өйткені сол сәтте Алла 
Тағала жарлыларға: «Ұлылығымның құрметіне бүгін сендерді өзіме жақындатып
оларды алыстатамын», – деп айтады». Оның артынан Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет