62
алмадым. Нәтижеде, жағдайы қалай болды екен?» – деп қабірін қаза бастадым.
Қазсам, қабірдің іші күйіп, бауырымның мойнына оттан жасалған бұғау кигізіліпті.
Бауырмалдық мейіріміммен оны мойнынан шығарайын деп ұстасам, саусақтарым мен
алақаным күйіп қалды».
Ол соны айтып жамылғының астына жасырған қолын шығарып көрсетті. Алақанында
шынында да күйіктің қара дағы бар еді.
Бауыры қаза болған кісі сөзін одан ары былай жалғастырды: «Бұл
жағдайға куә
болғаннан кейін қабірді топырақпен көміп, кетіп қалдым. Бірақ бауырымның жағдайы
көз алдымнан кетпей тұрып алды. Мен оның жағдайын біліп тұрып қайтіп жыламай
отыра аламын? Оның тартқан азабын қайтіп ұмытамын?»
Одан: «Бауырың тірі кезінде қандай жаман істерді жасаушы еді?» – деп сұрадық.
«Мал-мүлкінің зекетін бермейтін», – деді. Сонда бәріміз: «Алла Тағаланың «Алланың
шексіз шарапатымен үйіп-төгіп берген (мал-дүние, ілім, күш-қуат сынды) нығметтерін
игі жолда жұмсамай сараңдық қылғандар бұл қылықтары өздері үшін қайырлы болады
деп ойламасын.
Керісінше, бұл өздері үшін жаман болады. Қиямет күні сараңдық
қылып, жинаған дүние-мүліктері өз мойындарына оралады»
155
деген аятын естідік.
155
«Әли Имран» сүресі, 180.
Демек, оның бауырының азабы қиямет күнге қалдырылмай,
қабірде де беріліп
жатқаны».
Мұхаммед ибн Юсуф сөзін былайша жалғастырды: «Біршама уақыттан кейін әлгі
кісінің жанынан шығып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабасы Әбу Зәррға (р.а.) бардық.
Оған әлгі кісіден естігендерімізді айтып бердік те, «Яһудилер мен христиандар өлгенде
неге олардың қабірлерінде мынадай көрініс болмайды?» – деп сұрадық. Ол: «Олардың
тозақы болғаны анық. Алла Тағала мүминдердің мұндай жағдайларын сендерге сабақ
болсын деп көрсетіп жатыр», – деп жауап берді.
Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «
Расында, сендерге Раббыларыңнан
Достарыңызбен бөлісу: