Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет81/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Алладан басқаны дос тұту 
Алла Тағала былай дейді: «Сондай-ақ өзгенің де, өзінің де обалына қалып 
жүрген залымдарға сәл де болса көңілдерің ауып, ықыластарың түспесін 
(оларға мүлдем көңіл салмаңдар), әйтпесе (екі дүниеде де) отқа күйесіңдер. 
Шындығында, сендердің Алладан өзге қорғандарың да, қамқор достарың да 
жоқ. Содан кейін Одан да қолдау таппайсыңдар!»
276
 
276
 
«Һуд» сүресі, 113. 
Икрима (р.а.): «...залымдарға көңіл салмаңдар» дегенді «Олармен серіктесіп іс 
жасамаңдар» деп түсіндірген. 
Аятта барлығынан мүшріктер және бұзылған мұсылмандармен ымыраға келуден 
тыйған. 
Нисабури тәпсірінде: «Ғалымдар бұл аятта тыйым салынған «көңіл салмауды» 
«залымдардың іс-әрекетіне разы болу, олардың жолын басқаларға мақтау және 
дәріптеу, олардың әрқандай жаңылыс істеріне серік болу» деп көрсетеді. Бұл 
көзқарастар бойынша, қайсыбір зиянның алдын алу не уақытша пайда үшін залым 
басшыларға тілену аятта тыйым салынған «көңіл салмау» мағынасына жатпайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Адам досының дінінде болады. Әрбір пенде кімді 
дос ұстанғанын жақсы білсін»
277

– деген. 
277
 
Әбу Дәуіт, Тирмизи, 2378. 
Риуаяттарға қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жақсы дос әтір сатқан 
саудагерге ұқсас. Ол саған әтір тарту етпесе де, жақсы иісі сіңеді. Жаман дос көрік 
басқан кісіге ұқсас. Жаққан оты сені күйдірмесе де, түтініне ысталасың»
278

– деген. 
278
 
Бұхари, 2101; Мүслим, 2628. 
Алла Тағала былай дейді: «Алладан өзгені ие (пір) тұтқандардың мысалы бейне 
бір өзіне тордан ұя салған өрмекшіге ұқсайды. Анығында, ұя біткеннің ең осалы 
– өрмекшінің ұясы. Олар осынау ақиқатты білсе ғой»
279

279
 
«Анкабут» сүресі, 41. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Байға байлығы үшін құрмет көрсеткен кісі дінінің үштен 
бірінен айырылады», – деп айтқан. 
Тағы бір хадисте: «Күнәһар кісі мақталғанда, Алла Тағала ашуланады және сол 
себептен Арш тітірейді»
280
 
деген. 
280
 
Әбу Йағла, Муснад. 
Алла Тағала былай деп айтқан: «Күндердің күнінде (ғарасат майданына) барлық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет