Информационное письмо



бет13/43
Дата14.04.2022
өлшемі5.83 Mb.
#456688
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
ПОӘК Педагогика Л.М.Маденова 2020-2021гг

Тірек ұғымдар: әдіснама, әдіснамалық негіз.
Жоспары:
1. Педагогикалық зертеудің әдіснамалық негіздері.
2. Педагогиканың жаңа әдіснамасы
3. Аксиологиялық әдіснамаға сипаттама.
Әдіснама (методология; грек. мethodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ,,,, логия) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педпгогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші педагогиканың нәтижеге жетуі оның ғылыми-құрал жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.
Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттелетін обьекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты - обьективтік ақиқатты ашу. Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Теория - обьективтік шындықтың идеялық бейнесі.
Педагогика ғылымының әдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі.
Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім. Бұл нақты философиялық жүйемен байланысты. Ғылым әдіснаманың негізін Гегель салған. Әдіснаманы меңгеру арқылы дүниетанымдық көзқарас, ұстаным қолданылды, ол кейін зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1.Әдіснамалық білімнің деңгейлерін атаңыз, олардың педагогикадағы спецификасын көрсетіңіз?
2.Педагогикалық құбылыстарды зерттеуде аксиологиялық тұрғыны қолданудың спецификасы қандай?
3.Аксиологиялық принциптерді атаңыз, оларды педагогикада қолдануды көрсетіңіз.

13-14 Дәріс тақырыбы: Жеке тұлға тәрбиесінің объектісі,субъектісі ретінде және оның




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет