Информационное письмо


Мақсаты: тәрбие ұғымы туралы түсінік беру; озық педагогикалық тәжірибені меңгерту, дарынды балаларды анықтау. Тірек ұғымдар



бет16/43
Дата14.04.2022
өлшемі5.83 Mb.
#456688
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
ПОӘК Педагогика Л.М.Маденова 2020-2021гг

Мақсаты: тәрбие ұғымы туралы түсінік беру; озық педагогикалық тәжірибені меңгерту, дарынды балаларды анықтау.
Тірек ұғымдар: тәрбие теориясы, тәрбиелеу мақсаты, жүйе, міндет, қалыптасу.
Жоспары:
1.Тәрбиенің мақсаты.
2.Тәрбиенің міндеттері.
3. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.
Кез-келген тәрбие мақсатты түрде жүргізіледі. Мақсатқа мазмұн, ұйымдастыру, тәрбиенің формалары мен тәсілдері бағынышты. Сондықтан, педаогикадағы тәрбиенің мақсатын анықтау маңызды мәселе.
Тәрбиенің жалпы және жеке мақсаттарын белгілейді. Жалпы мақсаты - барлық адамдарға тән, қалыптасуы қажет қасиеттерді белгілесе, жеке мақсат тек бір адамды тәрбиелеуде ғана белгіленеді. Дамушы педагогика ғылымы жалпы және жеке мақсаттарды біріктіре қарастырады.
Практикада мақсат - бұл нақты міндеттер жүйесі. Мақсат және міндет өзара тұтастық және бөлік, жүйе және оның компоненттері ретінде байланысты болады. Сондықтан, тәрбиенің мақсатын - тәрбие арқылы шешілетін міндеттер жүйесі деп анықтауға болады.
Мақсат - тәрбие жүйесінің анықтаушы сипаттамасы. Мақсат арқылы тәрбиелік жүйелер бір-бірінен ажыратылады.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Тәрбие қандай функцияларды орындайды?

  2. Адам тәрбиесі туралы айтылған ойшылдар, педагогтардың пікірлері

  3. Қазақ ойшылдары, педагогтарының адам тәрбиесі туралы ойларының мәні.

19-20 Дәріс тақырыбы: Ғылыми дүниетаным-оқушының интеллектуалды дамудың негізі


Мақсаты: дүниеге көзқарас жиынтығы, дүниетанымның компоненттер байланысын анықтау.
Тірек ұғымдар: дүниетаным, әлеуметтік орта, тұлғаның құндылық бағдары, дүниетанымды қалыптастыру құралдары
Жоспары:

  1. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.

  2. Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері.

  3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі мәселелері.

Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіледі: білім жүйесі, дүниетаным, сенім, адам мұраты. Білім обективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетаным дамуының үлкен тірегі. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әртүрлі көзқарастар бар.Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез –құлқын сипаттайды.Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы,талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет