Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Тұлға дамуы мен қалыптасуының негізгі теориялық-әдіснамалық амал-тәсілдерінің сипаттамаларын беріңіз.
2. Тұлға қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды атаңыз.
3. Әлеуметтену кезеңдері қандай және олар тұлғаның әлеуметтік даму кезеңдерімен қандай байланыста?
№ 15-16 Дәріс тақырыбы: Тұтас педагогикалық үрдістің (ТПҮ)мәні және құрылымы
Мақсаты: тұтас педагогикалық үдерістің құрылымы және мектептегі білім беру мазмұны туралы түсінік беру
Тірек ұғымдар: білім беру, мамандық, даралық, ұжым.
Жоспары:
Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту.
Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
Білім беру ұғымы әрі қарапайым, әрі күрделі. Өйткені ол жеке адамға арналып айтылғанымен, бүкіл қоғамды қамтиды. Білім беру жеке мағынада айтылғанмен ол екі жақты үрдіс. Бір жағынан мұғалім бір жағынан оқушы әрекеті. Алайда ол екі жақты әрекет болып көрінгенімен, ол көп жақты әрекет. Ол бүкіл қоғаммен байланысып жатады. Мұғалім, оқушы, сынып, оқулық, жоспар, бағдарлама – оны әзірлейтін, шығаратын т.б. Сондықтан білім беру ісімен бүкіл қоғам, оның индустриясы, білімдік потенциялы, қуаты түгел айналысады.Білімнің өзі – жалпы, политехникалық, мамандық т.б. болып жіктеліп кете береді. Білім беру деген ұғымның өзі сайып келгенде өмірге әзірлеу. Білім беру ұжымдық және жеке болып келеді. Оқу орындарында ұжымға білім беріледі, бірақ соның өзінде білім жеке даралық негізін жоймайды. Білім берудің сипаты қоғамдық нарықтық қатынасқа, қоғамның нарықтық даму дәрежесіне тікелей байланысты. Білім беру жалпы оқыту барысында іске асатын заңдылық. Оны іске асыратын, ұйымдастыратын, белсенді білім алуға жетелейтін мұғалім. Ол оқушыны саналы білім алуға, барынша өз бетімен, творчестволықпен игеруге жетелейді. Білім жеке адамның қажеттігіне, белсенділігіне, еңбек сүйгіштігіне байланысты ынта-жігеріне байланысты жүзеге асады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Тәрбие мақсатының мәнін ашыңыз.
Тәрбие теориясы дегенді қалай түсінесіз?
Тәрбие дегеніміз не?
№ 17-18 Дәріс тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Достарыңызбен бөлісу: |