Мақсаты: үздіксіз білім беру жүйесі мен олардың ғылыми мазмұн негіздерімен танысу.
Тірек ұғымдар: білім беру, заң, мазмұн, категория, тәсіл, тәжірибе, мәдениет.
Жоспары:
1. Білім беру мазмұны туралы түсінік және оның мәні.
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және білім мазмұнына
қойылатын жалпы талаптар.
3. Оқу жоспары, бағдарламалары, оқулық және оқу құралы.
Білім (оқыту, оқу үрдісі) мазмұны – жас ұрпақты неге оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім мазмұнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және дағдылардың нақты жүйесі деп түсіндіруге болады. Бұл жүйеге оқушылардың белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман өндірістері, мәдениет және өнер туралы білім; білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді. Білім мазмұны категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері; қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі; өмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары көрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.Қазіргі заманғы мұғалім гуманист-педагог ретінде қандай болуы керектігін ашып талдаңыз.
2. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегіндегі тәрбиенің негізгі бағыттарын атаңыздар.
3. Педагог тұлғасына қойылатын талаптар
№ 27-28 Дәріс тақырыбы: Оқыту формалары, әдістері мен құралдары ТПҮ-нің
қозғаушы механизмі ретінде
Мақсаты: педагогика ғылымы мен практикасында қолданылатын оқыту формалары, әдістері, мен құралдары туралы түсінік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |