Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Дүниетанымның философиялық негіздері?
2. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ?
3. Жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының жолдары мен тәсілдерін атаңыз.
№ 21-22 Дәріс тақырыбы: Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің
ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері
Мақсаты: танымдық іс-әрекетін, оқытудағы қарама-қайшылықтарды анықтау
Тірек ұғымдар: ұжым, таным, оқу, топтық, қарама-қайшылық
Жоспары:
1. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер туралы түсінік.
2. Оқу белсенді топтарының жұмысы.
3. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.
Қарама-қайшылық күресі және бірлігі диалектикалық заңдылығына сәйкес кез келген
нәрсе, құбылыс қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшы бірлігін құрайды. Белгілі бір зат, құбылыстың даму үрдісінде қарама-қайшы элементтер жинақталып, соның нәтижесінде ол оның шешімін күрес арқылы шешуге итермелейді. Соның нәтижесінде қозғаушы күш болып қарама-қайшылықтар саналады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адам танымының бір түрі және оқытудағы қарама-қайшылықтарға байланысты, өзіндік қарама-қарсылықтармен сипатталады. Оқу үрдісіндегі қарама-қайшылықтардың болуына мұғалімдер интуитивтік тұрғыдан қарады. Бұл қарама-қайшылықтар оқушылардың білімді меңгеру үрдісінде кездестіретін қиыншылықтарымен түсіндіріледі. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқыту үрдісінде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын қарама-қайшылықтарды алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту үрдісінің қоятын оқу және практикалық талаптары мен оқушының білім, біліктілік, ақыл-ой деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Педагогикалық процестегі қозғаушы күштің рөлін ашып көрсетіңіздер.
2.Педагогикалық процестегі негізгі қарама-қайшылықтарға сипаттама беріңіздер.
3.Танымдық ұжымдық іс-әрекеттердің білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктерін негіздеңіздер.
№ 23-24 Дәріс тақырыбы: Оқыту әдістерінің түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |