«информатика»



бет8/12
Дата24.04.2016
өлшемі6.14 Mb.
#79256
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Форма – көрнекі түрде берілген ақпараттар жиыны.

Форма құрудың төрт түрі бар:

  • Конструктор

  • Форма шебері (Мастер форм)

  • Автоформа (баған бойынша, ленталық, кестелік, қиылысқан (сводная) кесте, қиылысқан диаграмма)

  • Диаграмма

Келесі терезеде көрсетілген (Сурет 24).



Сурет 24. Жаңа форма құру терезесі

MS Access-тегі сұраныс дегеніміз алдын-ала дайындалған сұрақ. Керек мәліметтерді қандай да бір шартқа байланысты шығаруға, сұрыптауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныс құрғанда кейбір есептеулерді де жүргізуге болады.


Сұраныс құрудың төрт түрі бар:

  • Конструктор

  • Қарапайм сұраныс (Простой запрос)

  • Қиылысқан сұраныс (Перекрестный запрос)

  • Қайталанатын жазулар (Повторяющиеся записи)

Есеп – мәліметтерді баспаға шығару үшін құрылатын объект. (Сурет 25)

Есеп құрудың түрлері:

  • Конструктор

  • Есеп шебері (Мастер отчетов)

  • Автоесеп (баған бойынша, ленталық)

  • Диаграмма шебері

  • Почталық наклейкалар



Сурет 25. Жаңа есеп терезесі

Тапсырма:

Тапсырма 1

тСтуденты кестесіне форма шебері арқылы форма құру.

Тапсырма 2

«Абитуриент» МҚ кестелеріне шебер көмегімен көмегімен формалар құру.



Тапсырма 3

тСтуденты кестесіне сұраныстар құру. Конструктор көмегімен аты «А» әрпінен басталатын студенттер тізімін шығару, Фамилия өрісін кему реті бойынша, Дата рождения өрісін өсу реті бойынша, Телефон өрісін өзгеріссіз шығару.

Тапсырма 4

Осы кестеге қарапайым сұраныс көмегімен Аты, Фамилия, Дата рождения өрістерін өзгеріссіз шығару.



Тапсырма 5

МҚ-на сұраныстар құрыңыз.



Тапсырма 6

ДАННЫЕ МҚ тПРЕДМЕТ кестесіне шебер көмегімен есеп құру.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырма 1

  1. Форма шебері арқылы тСТУДЕНТЫ кестесіне форма құрайық. Ол үшін ашылған терезеден форма шеберін және кесте атын таңдаймыз. ОК батырмасын басамыз.

  2. Келесі ашылған терезеде форма құруда керек өрістерді таңдаймыз (Сурет 26).




Сурет 26. Форма құрудың екінші қадам терезесі

  1. Суретте көрсетілген 3 өрісте таңдаңыз. Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 27).




Сурет 27. Үшінші қадам терезесі.

  1. Ленталық түрін таңдап ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 28)




Сурет 28. Төртінші қадам терезесі.

  1. Стиль түрі «Международный». Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 29).




Сурет 29. Соңғы қадам терезесі.

  1. Бұл терезеде форманы ашуға болады немесе оны конструктор режимінде өзгерту үшін ашуға және формаға ат беруге болады. Біз Форма макетін өзгерту деген жерге белгі қойып (Изменить макет формы) форма атын фСТУДЕНТЫ деп өзгертейік те, дайын батырмасын басайық. Сонда форма конструктор режимінде ашылады (Сурет 30).



Сурет 30. Конструктор режимінде ашылған форма


  1. Бұл терезеде тСТУДЕНТЫ кестесінің өрістер тізімі, форма шебері арқылы құрған формамыз және Элементтер тақтасы (Панель элементов) көріп тұрмыз. Элементтер тақтасында басқару элементтері орналасқан.

  2. Аталған тақтадан Батырма (Кнопка) элементін таңдап алып, форма Форма ескертулерінен (Примечание формы) төмен орналастырыңыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 31).




Сурет 31. Батырма құру терезесі

  1. Батырманың қызметін анықтау үшін, біз Категориялар өрісінен қажет категорияны таңдаймыз. Ол - формалармен жұмыс (работа с формой). Категорияны таңдағанда сәйкес әрекеттері ашылады.

  2. Ол жерден Форманы жабу (Закрыть форму) әрекетін таңдаймыз. Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 32)



Сурет 32. Келесі қадам терезесі

  1. Ашылған терезеден сурет түрін таңдаңыз. Сурет орнына Леп белгісін (!) таңдаңыз. Ары қарай батырмасын басамыз (Сурет 33).



Сурет 33. Соңғы қадам терезесі


  1. Батырмаға ат береміз. Дайын батырмасын басамыз.

  2. Формадағы өзгерістерді сақтап, форманы ашыңыз (Сурет 34).




Сурет 34. Дайын форма терезесі

  1. Батырманы басқанда форма жабылады.

Тапсырма 2

тАбитуриент, тАттестат, тОплатаОбучения, тСвязьАбВУЗ кестелеріне шебер көмегімен жоғарыдағы нұсқауларға сүйене отырып, әр түрлі формалар құрыңыз.



Тапсырма 3

  1. Конструктор көмегімен сұраныс құруды қарастырайық. Ол үшін ДАННЫЕ МҚ сұраныс қабаттамасына барып Құру (Создать) батырмасын шертеміз. Келесі терезе ашылады (Сурет 35). Конструктор режимін таңдап ОК батырмасын шертеміз.




Сурет 35. Жаңа сұраныс терезесі

  1. Келесі сұхбат терезе ашылады (Сурет 36):



Сурет 36. Кесте қосу терезесі


  1. Осы жерден тСтуденты кестесін таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертіп, содан кейін терезені жабамыз.

  2. Кестені қосқаннан кейін керек өрістерді тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сұраныс құру терезесіне әкелеміз. Осы мысалда Аты, фамилия, адрес, дата рождения ,телефон өрістерін алыңыздар.

  3. Осы терезеде: Өріс (Поле) - өріс аты, Кесте аты (Имя таблицы) – қай кестенің өрісі екені жазылып тұрады, Сұрыптау (Сортировка) - өрістерді өсу және кему реттері бойынша сұрыптауға болады, Экранға шығару (Вывод на экран) – таңдалған өрісте сұрыптау шартын жазуға болады, бірақ сұраныс нәтижесінде ол өрісті шығармауға да болады (жалауша белгісін алып тастаймыз), Сұрыптау шарты (Условие отбора) – сұраныс шарты жазылады.

  4. Келесі суреттегі (Сурет 37) түрге сұраныс терезесін әкеліңіз.

Сурет 37. Сұраныс шартын жазу

  1. Бұл жерде аты «А» әрпінен басталатын студенттер тізімін шығару керек. LIKE(*) операторы көмегімен қай әріптен басталатыны бойынша сұраныс жасауға болады. Басқа да сұраныс жазу шарттарының үлгілері келесі кестеде берілген (Кесте 11). Фамилия өрісін кему реті бойынша, Дата рождения өрісін өсу реті бойынша, Телефон өрісін өзгеріссіз шығару керек. Адрес өрісін экранға шығармау керек.

Кесте 11

Шартты өрнектер

Мәндері

Саратов

Саратов мәніне ие

Not Саратов

Саратов мәніне ие емес

In (Саратов, Томск, Уфа)

Саратов, Томск немесе Уфа мәніне ие



А-Л әріптерінен басталады

>=М

М-Я әріптерінен басталады

100

100 санына тең

<=20

20 кіші және тең мәнін қабылдайды

Date()

Ағымдағы датаны көрсетеді

>=01.01.94

01.01.94 датасынан кейінгі датаны береді

Beetween 01.01.93 AND 31.12.93

1993 жыл аралығындағы мәндерді береді

*.02.*

Ақпан айындағы мәндерді береді

Null

Өрісте бос мәнді береді

Is Not Null

Өрісте бос мән жоқ

Like "Р*"

Р әрпінен басталады.

  1. Сұраныс терезесін жабыңыз. Сұранысты зИМЯ атымен сақтаңыздар.

  2. Сұранысты ашамыз, нәтижесі келесі суретте көрсетілген (Сурет 38).



Сурет 38. Сұраныс нәтижесі.

  1. Сұраныс нәтижесі жазған шарттарды қанағаттандырды ма тексеріңіз.

Тапсырма 4

  1. Енді осы кестедегі мәліметтерге қарапайым сұраныс құрайық. Ол үшін Сұраныс – Құру – Қарапайым сұраныс командасын орындаңыздар. Келесі терезе ашылады (Сурет 39):



Сурет 39. Қарапайым сұраныс құру терезесі.


  1. Бұл терезеде керек өрістерді таңдаймыз. Ары қарай батырмасын басамыз. Сонда келесі (Сурет 40) терезесі ашылады:




Сурет 40. Қарапайым сұраныс құрудың соңғы қадам терезесі.

  1. Бұл терезеде сұранысты ашуға болады немесе сұраныс макетін өзгертуге болады. Бірінші жағдайда таңдалған өрістердегі мәліметтер шығады. Ал екінші жағдайда сұраныс конструктор режимінде ашылады, яғни, қандай да бір шарт беріп сұраныс құруға болады.

  2. Біз сұранысты өзгеріссіз ашайық (Сурет 41):



Сурет 41. Сұраныс нәтижесі.

  1. Нәтиже көрсетілген суретте өзгеріссіз өрістегі мәліметтер шыққанын байқаймыз.

Тапсырма 5

  1. Есеп шеберін және есеп құратын кесте немесе сұранысты таңдап, ОК басыңыз (Сурет 42).



Сурет 42. Екінші қадам терезесі

  1. Бұл терезеден қажет өрістерді таңдаймыз. Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 43).



Сурет 43. Үшінші қадам терезесі

  1. Топтау жасаймыз. Өрістердің орналасу деңгейін реттеу мүмкіндігі бар. Ары қарай батырмасын басамыз (Сурет 44).



Сурет 45. Төртінші қадам терезесі.

  1. Бұл терезеде өрістердегі мәліметтерді сұрыптау мүмкіндігі бар. Ары қарай батырмасын басамыз (Сурет 46).



Сурет 46. Бесінші қадам терезесі

  1. Есептің құрылымын таңдауғаболады. Беттің орналасуы ориентациясын көрсетеміз. Ары қарай батырасын басамыз (Сурет 47).



Сурет 47. Алтыншы қадам терезесі

  1. Жартылай қарайтылған стиль түрін таңдап ары қарай батырмаын басамыз (Сурет 48).



Сурет 48. соңғы қадам терезесі.

  1. Бұл терезеде есеп құрылымын өзгертуге ашуға болады немесе өзгеріссіз шебер көмегімен құрылған есепті ашуға болады және есепке ат беруге облады. Есеп атын оПРЕДМЕТ деп беріңіз. Біз Есепті қарау жеріне белгі қойып, Дайын батырмасын басамыз. Есеп ашылады.

  2. Құрылған есепті конструктор режимінде ашып өзгертуге, басқару батырмаларын орнатуға болады.

  3. Өз беттеріңізбен есепті конструктор режимінде ашып, өрістердің түстерін өлшемдерін өзгертіңіз.


Тапсырма: СТУДЕНТ кестесін шебер көмегімен құру, кестенің бес жолын мәліметтермен толтыру

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  • Microsoft Access-ті жүктеңіз. Жаңа МҚ құрыңыз. Оны ДАННЫЕ атымен сақтаңыз.

  • Экранның жоғары бөлігінде орналасқан меню қатарынан Кірістіру (Вставка) – Кесте (таблицы) командасын орындаңыз. Немесе, мәліметтер қоры терезесінде Кестелер қабаттамасы - Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа кесте сұхбат терезесі шығады (Сурет 16)



Сурет 16. Жаңа кесте сұхбат терезесі

  • Тышқанмен Кесте шебері (Мастер таблиц) таңдап, сонымен ОК батырмасына басыңыз. Кесте құру сұхбат терезесі шығады.

  • Қызмет (Деловые) өрісіне белгі қойыңыз. Сонда осыған кестелер тізімі шығады. Кестелар үлгісі тізімінен Студенттер кестесін таңдаңыз. Жаңа кесте өрісіне қажетті өрістерді суреттегідей таңдаңыз (Сурет 17)



Сурет 17. Кесте құру терезесі

  • Өрістер үлгісі тізіміндегі >-бір өріс жылжыту, >>-барлық өрістерді жылжыту дегенді білдіреді.

  • Қандайда бір өрістің атын өзгерту қажет болса, оны белгілеп көрсетіп, өрістің атын өзгерту батырмасын шертеміз. Сотовый телефон жолының жаңа атын Телефон деп енгізіп, ОК батырмасын басыңыз. Одан кейін Ары қарай батырмасына басыңыз (Сурет 18).



Сурет 18. өріс атын өзгерту терезесі.

  • Келесі сұхбат терезедегі Жаңа кесте үшін ат (тСутендты) беріңіз (Сурет 19).



Сурет 19. Кесте құрудың екінші қадамы.

  • Келесі қадамда кілттік өріс құруды сұрайды. Оны жүйенің өзі құруын таңдайық (Сурет 20).



Сурет 20. Кесте құрудың үшінші қадамы.


  • Ары қарай батырмасын басқаннан кейін соңғы қадам терезесі ашылады (Сурет 21). Соңғы сұхбат терезеде,ары қарай кестемен не істейтініңізді таңдауға болады. Кестелер конструкторы режиміне бару үшін Кестеның құрылымын өзгертуді таңдаймыз. Дайын (Готово) батырмасын шертеміз.

  • Осы кезде кестені конструктор режимінде ашады. Ал осы сұхбат терезеде екінші ауыстырып қосқышты таңдасақ, бірден кестеге мәліметтер енгізуге болады. Содай-ақ форма көмегімен де мәлімет енгізуге болады. Біз бірінші жағдайды таңдап, кестені конструктор режимінде құрып аяқтаймыз.




Сурет 21. Кесте құрудың соңғы қадамы.

  • Келесі Терезе ашылады (Сурет 22). Бұл терезеде жоғарыда таңдаған өрістеріміздің типтерін өзгертуге болады. Осы жерде мән беретін ерекшелік жүйе өзі кілттік өріс ретінде Есептеуіш (Счетчик) өрісін құрған.



Сурет 22. Кестенің конструктор режиміндегі түрі


  • Енді кестеге мәліметтерді енгізіп кестені сақтаңыз (Сурет 23).



Сурет 23. Толтырылған кесте
Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз.
Бақылау сұрақтары:

  1. Кесте құрудың неше тәсілі бар?

  2. Кесте не үшін қажет?

  3. Кестені конструктор режимінде қарау дегенді қалай түсінесіз?

  4. Кесте режимінде (Режим таблицы) кесте құрғанда өріс аттарын қалай өзгертуге болады?

  5. Форма құрудың неше тәсілі бар?

  6. Форма не үшін қажет?

  7. Форманы конструктор режимінде не үшін ашамыз?

  8. Басқару элементі дегеніміз не?

  9. Шебер көмегімен форма құру неше қадамнан тұрады?

  10. Сұраныс құрудың неше тәсілі бар?

  11. Сұраныс не үшін қажет?

  12. Сұранысты конструктор режимінде не үшін ашамыз?

  13. Қарапайым сұраныс құру ерекшелігі

  14. Null сөзінің қызметі қандай?

  15. Есеп құрудың неше тәсілі бар?

  16. Есеп не үшін қажет?

  17. Есепті конструктор режимінде өңдеуге бола ма?

  18. Диаграмма құру не үшін қажет деп ойлайсыз?

  19. Шебер көмегімен есеп құру неше қадамнан тұрады?

Зертханалық жұмыс №4 (4 сағат)



Тақырыбы: Microsoft Office пакеттерімен жұмыс. MS Power Point. Негізгі түсінік. Функционалдық мүмкіндіктері. Жұмыс технологиясы. Терезе құрылымы, презентацияны құру әдістері. Шаблондар мен конструкторды қолдану. Слайдтарды өңдеу. Презентацияны демонстрациялау

Мақсаты: Microsoft PowerPoint терезесімен танысу, жаңадан слайдтар құрып үйрену. Презентацияны слайд фильм режимінде қосып, көру, параметрлерін орнатып, үйрену, басқару батырмаларын орнатуды меңгеру
Теориялық түсініктеме:

Презентация құру дегеніміз мәтіндер, графика, суреттер орналасқан слайдтар жиыны. Презентация құруға арналған Microsoft PowerPoint программасы басқа да офистік программалар сияқты өте жеңіл және қарапайым. Бұл программа өзі көптеген шаблондар мен дизайндардың нұсқаларын ұсынады. Программаны іске қосу үішн Іске қосу – Программалар - Microsoft Office - Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз (Сурет 49).





Сурет 49. Microsoft PowerPoint негізгі терезесі

Басқа да офистік программалар сияқты Microsoft Power Point терезесінің құрылымы тақырып жолынан, әр түрлі тақталардан, қалып күй қатарынан тұрады. Оң жақта орналасқан Есептер облысы көмегімен немесе мәзір қатары командаларының көмегімен Microsoft Power Point-та презентация құру орындалады. Осы терезеде презентация құрудың шаблонын таңдауға, бос презентация құруға, Автомазмұн шебері (Мастер автосоздания) арқылы презентация құруға болады.



MS Power Point-та слайдтарды қараудың қарапайым режимі бар. Презентация құрғанда MS Power Point өте көп слайдтар құруға мүмкіндік береді.

    • Қарапайым режим – ең алғаш ашылған терезе. Онда қарау режимі, слайдтар ржеимі, құрылымы орналасқан.

    • Слайдтарды сұрыптау (Сортировщик слайдов) – барлық слайдтарды кішкентай көлемде көрсетеді.

    • Слайдтар – жеке слайдтарды құруға өңдеуге қолайлы режим.

    • Құрылым (Структура) – презентацияның мәтіндік құрылымын және мазмұнын көрсететін режим.

    • Ескерту беттері (Страницы заметок) – қолданушыға енгізетін материалдарын жеңіл енгізуге, түсінуіне мүмкіндік береді.

Тапсырма:

  1. Семей мемлекеттік педагогикалық интституты жайлы ақпараттар беретін 5 слайдтан тұратын «СПМИ» презентациясын құру.

  2. «Информатика ғылымы» аттты 7 слайдттан тұратын презентация құрыңыз. Онда диаграмма, блок схемалар, суреттер қоданыыз.

  3. СМПИ презентациясының параметрлерін реттеу.

  4. СМПИ презентациясына басқару батырмаларын орнату:

    • Соңғы презентацияға Басына батырмасын орнатыңыз. Оны басқанда бірінші слайд ашылсын.

    • Жұмыс столындағы КАФ_Инф.doc құжатын ашатын батырманы төртінші слайдқа орнатыңыз.

    • Осы презентацияға жаңадан слайдтар қосыңыз. Олардың біріншісіне өз тобыңыздың атын, екіншісіне топ студенттерінің аты-жөнін, үшіншісіне топта өтетін пән аттарын кесте түрінде жазыңыз. Әр слайдтың шаблоны, құрылымы әр түрлі болсын. Басқарушы батырмалардан өз еркіңізбен 3 батырма орнатып, оларға әр түрлі әрекеттер бекітіңіз.

  5. Информатика ғылымы презентациясына басқару батырмаларын орнату, параметрлерін реттеу.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырма 1

  1. Есептер облысынан Өңдеу шаблондары (Шаблоны оформления) таңдаймыз. Ашылған шаблондардың ішінен ОКЕАН шаблонын таңдаңыз. Осы шаблонның қасындағы бағыттауыштан Тек еркшеленген слайдқа қою (Только к выделенным слайдам) командасын таңдаңыз. Сонда таңдаған шаблон тек бір слайдқа орнатылады.

  2. Есептер облысынан Слайд құрылымы (Разметка слайда) командасын ашыңыз. Осы жерден Тек тақырыбы (Только заголовок) түрін осы слайдқа ғана орнатамыз. MS Power Point стандартты объектілерді орналастырудың 27 стандартты түрлерін ұсынады.

  3. Тақырыбын енгізіп, мәтінді форматтаңыз (Сурет 50). Мәтінді форматтау үшін MS WORD мәтіндік процесорын өткеннен білетін, Форматтау тақтасы немесе Формат мәзірін қолданасыздар.



Сурет 50. Слайд 1


  1. Жаңа слайд қосу үшін Форматтау тақтасынан Слайд құру (Создать слайд) компонентін таңдаңыз. Егер ол жоқ болса, Форматтау тақтасындағы кішкентай қара бағыттауышқа барып, сол жерден керек компонентті таңдап алыңыз. Сол кезде автоматты түрде екінші слайд ашылады.

  2. Осы слайдқа Кірістіру (Вставка) – Сурет (Рисунок) – Файлдан (Из файла) командасын орындаймыз. Жұмыс столындағы СГПИ.jpg файлын таңдаймыз. СМПИ суреті ашылады. Кескінді өңдеу (Настройка изображения) тақтасының көмегімен суретті өңдеп слайд ортасына орналастырамыз. Ал шаблон түрі ОБЛАКА (Сурет 51).



Сурет 51. Слайд 2

  1. Тағы да үшінші слайд қосамыз. Бұл слайдқа СМПИ-дің факультеттерін енгізіп жазыңыз. Ол үшін Слайд құрылымына (Разметка слайда) Тақырып немесе ұйымдастырылған диаграмма (Заголовок или организационная диаграмма) түрін таңдаңыз. Немесе мәзір қатарында Слайдта пайда болған батырмасына екі рет шертеміз. Ашылған терезеден үшінші диаграмма түрін таңдаңыз (Сурет 52). ОК батырмасын шертіңіз.



Сурет 52. Диаграммалар кітапханасы терезесі

  1. Диаграмма слайдқа орналасқан соң, ашылған диаграмма тақтасынан Фигура қосу (Добавить фигуру) батырмасына 3 рет шертіп, фигура қосыңыз.

  2. Фигураларға сәйкес мәтінді теріп, форматтаңыз. Ал өңдеу шаблонына ЗАТМЕНИЕ түрін таңдаңыз (Сурет 53).



Сурет 53. Слайд 3

  1. Осы ретпен төртінші слайд қосамыз. Шаблон – Скругленный. Слайд құрылымы – Бос слайд (Сурет 54).



Сурет 54. Слайд 4

  1. Бесінші слайд Информатика кафедрасы жайлы ақпаратты файлдан алып қою. Ол үшін жұмыс столынан КАФ_Инф.doc файлындағы мәтінді көшіріп алып, слайдқа қоямыз. Слайд шаблоны – Слои. Слайд құрылымы – Тек тақырып жолы (Только заголовок) (Сурет 55).



Сурет 55. Слайд 5

Тапсырма 2

Жоғарыдағы әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, тапсырманы орындаңыз.


Тапсырма3

  1. Презентацияны құрып болған соң оны реттеу керек. Ол үшін Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) – Презентацияны реттеу (Настройка презентации) командасын орындаймыз (Сурет 56).



Сурет 56. Презентация реттеуі

  1. Бұл терезеден презентацияны көрсету кезінде толық экранға ма әлде терезеден көрсету керек пе, қай номерлі слайдтарды көрсеут керек, уақыт бойынша ма, әлде қолмен көрсету керек пе осы параметрлерді орнатыңыз. Енді құрылған презентацияны көру үшін үшін Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) – Көрсетуді бастау (Начать показ) командасын немесе F5 пернесін басыңыз.

  2. Слайдтардың параметрлерін Файл – Параметры страницы командасы арқылы өзгертуге болады (Сурет 57).



Сурет 57. Бет параметрлері терезесі

  1. Слайдатрды номерлеуге, енін және биіктігінің мәндерін беруге, слайдтардың бағытын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жерден слайдтар номерленеді, құрылым терзесінде ал слайд бетіне номер қойылмайды.

  2. Слайдқа номер қою және колонтитул енгізу үшін Кірістіру (Вставка) – Слайд номерлері (Номера слайдов) немесе Түр (Вид) - Колонтитулы командасын орындаймыз (Сурет 58).



Сурет 58. Колонтитулдар

  1. Слайд номерін шығарыңыз және төменгі колонтитул жеріне СМПИ сөзін жазыңыз. Енді Қолдану (Применить) батырмасын бассаңыз тек сол слайдқа ғана орналасады, ал Барлығына қолдану (Применить ко всем) батырмасын бассаңыз барлық слайдтарға орналасады.


Тапсырма 4

  1. Презентацияда басқару батырмаларын орнатуға болады. Ол үшін Слайдтарды көрсету – Басқарушы батырмалар (Управляющие кнопки) командасын орындаймыз (Сурет 59)



Сурет 59. Басқарушы батырмалар

  1. Егер сіз құрған перзентация көптеген слайдтардан тұрса, онда батырмаларды орнату қолайлы. Мұнда, мысалы, өңделетін (настраиваемая), үйге (домой), анықтама (справка), алыдға (вперед), артқа (назад) т.б. батырмалар орналасқан. Осы батырмаларды керек слайдқа орнатып, оған қандай да бір әрекетті бекітуге болады.

  2. Мысал ретінде, бірінші слайдқа соңына (в конец) батырмасын таңдап, орнатыңыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 60).



Сурет 60. Әрекетті реттеу терезесі

  1. Осы терезеден батырманың әрекетін орнатыңыз. Мысалы, Гиперсілтеме арқылы көшу жеріне белгі қойып, Соңғы слайд таңдаймыз. Ок батырмасын шертіңіз. Енді презентацияны көрсету кезінде тышқанмен шертсеңіз көрсету бірден соңғы слайдқа көшеді.

Тапсырма 5

Жоғарыдағы әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып орындаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет