«информатика»


Операциялық жүйенің файлдық құрылымы



бет4/12
Дата24.04.2016
өлшемі6.14 Mb.
#79256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Операциялық жүйенің файлдық құрылымы

Файлдық жүйе – ОЖ берілгендерді дискіге сақтап, оларға қатынасты қамтамасыз ететін ОЖ-нің функционалды бөлімі. Файлдық жүйені ұйымдастыру принципі – таблицалық. Диск беті өлшемдері беттің, цилиндрдің, сектордың нөмірлері болатын үшөлшемдік матрица сияқты пайдаланылады. Берілгендердің дисктің қай жерінде жазылғандығы туралы мәлімет дисктің жүйелік облысында, арнайы файлдар сақталатын таблицаларда (FAT-таблицалар) орналасады. Файлдық жүйе файлдар құрылымын ұйымдастырып, оларға қызмет етеді. Яғни FAT-таблицаларды иерархиялық құрылымға айналдырып, пайдаланушыға қолдануға, файлдарға қатынас жасауға қолайлы мүмкіндік туғызады. ОЖ-дің файлдар құрылымына қызмет етуге орындайтын операциялары:



  • Каталог жасап, ат қою;

  • Файлдар жасап, ат қою;

  • Каталог пен файл аттарын өзгерту;

  • Каталогтарды көшіру, орын ауыстыру;

  • Каталог пен файлдарды өшіру;

  • Файл атрибуттарын басқару;

Файлдарға тез қатынас жасау үшін файлдық жүйе оларды каталогтарға біріктіреді. Каталог аттары файл аттарымен бірдей, тек қана кеңейтілуі болмайды. Каталогтар бірінің ішіне бірі салынады. Ең жоғары деңгейдегі каталог түпкі каталог болып есептелінеді.


Операциялық жүйе - компьютер мен адам арасындағы байланысты жүзеге асыратын басты программа аталады. Операциялық жүйе төмендегідей бөліктерден тұрады:

  • Еңгізу-шығарудың негізгі жүйесі (BIOS) - компьютердің тұрақты жадында (тұрақты есте сақтау құрылғысы ПЗУ) орналасады. Оның міндеті - еңгізу-шығаруды қамтамасыз етумен байланысты ОЖ-нің неғұрлым қарапайым, әрі әмбебап қызметтерін орындауда. Еңгізу-шығарудың негізгі жүйесі құрамында сондай-ақ компьютерді электр желісіне қосқанда оның құрылғыларының және жадтың жұмысын тексеретін тест бар. Сонымен қоса, еңгізу-шығарудың негізгі жүйесіне операциялық жүйені жүктейтін программа енген.

  • Операциялық жүйені жүктеуші - DOS операциялық жүйесі бар әрбір дискетаның бірінші секторында орналасатын өте қысқа программа. DOS жүктемесін аяқтайтын операциялық жүйенің тағы екі модульды жадыға енгізу - осы программаның міндеті болып табылады.

  • IO.SYS және MSDOS.SYS дискілік файлдар - жүйелік дискінің түбірлі (корневой католог) каталогында орналасқан екі жасырын файл. Олар файлдық жүйенің, түрлі аппараттық құрылғылардың: пернетақтаның, жинақтауыштардың және т.б. жұмысын қамтамасыз етеді.

  • COMMAND.COM командалық процессор- қолданушы еңгізген командаларды өңдейді.

  • DOS-тың сыртқы командалары - бұл жеке файлдар түрінде ОЖ-мен бірге жеткізілетін программалар. Бұл программалар қызмет көрсету мазмұнды жұмыстарды орындайды. Мысалы, дисктерді форматтау, дискті тексеру және т.б.

  • Құрылғылар драйверлері - бұл DOS-ты еңгізу-шығару жүйесін толықтыратын және жаңа құралдарға қызмет көрсетуді немесе бар құралдарды қалыпты емес қолдануды қамтамасыз ететін арнайы программалар.

Операциялық жүйе басқа программалар жіберетін команда - сигналдарды өзіне қабылдап, оларды машинаға түсінікті тілге аударады. ОЖ компьютерге қосылған барлық құралдарды басқарып, оларға және басқа программаларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. ОЖ-нің үшінші міндеті - қолданушы адамның компьютермен жұмысын жеңілдету.

Осылайша, ОЖ-нің әрқайсысы кем дегенде үш міндетті бөлімнен тұруы қажет.

Біріншісі - ядро, командалық интерпритатор, программалық тілден машиналық кодтар тіліне «аударушы».

Екіншісі - компьютер құрамына енетін түрлі құрылғыларды басқаруға негізделген программалар. Мұндай программалар драйверлер деп аталады, яғни «жүргізушілер», бағыттаушылар.

Үшіншісі - интерфейс-қолданушы тұтынатын ыңғайлы қабықша. Бұл қолданушыға қызықты емес ядро оралған әдемі қабықша тәріздес.

ОЖ-лер біресепті (однозадачные) және көп есепті (многозадачные) болып бөлінеді. Яғни бір есепті ОЖ-лер (DOS) бір уақытта тек бір есепті орындай алса, көп есепті ОЖ-лер (Windows 98) Александр Македонский сияқты компьютер қуатын үрдістер арасында бөліп, бір мезетте бірнеше үрдістерді басқара алады.

Тағы бір критерий - ОЖ-нің қолданушылар саны. ОЖ бір қолданушыға арналған және көп қолданушыға арналған болып бөлінеді.

IBM PC компьютерлері үшін 1981 жылдан бастап 1995 жылға дейін негізгі ОЖ ретінде MS-DOS жүйесі болды. Бұл жылдар аралығында осы ОЖ MS-DOS 1.0 версиясынан MS-DOS 6.22 версиясына дейін дамыды.

Бір кезде MS-DOS адам мен компьютер арасында байланысшы болып, дискілерді қолданудың қиын командаларын жеңіл және қарапайымдатты, бірақ уақыт өте келе, даму барысында бұл жүйенің өзі командаларға толы болып, компьютермен жұмыс істеуді тежеді. Осылайша қабықша - программалардың қажеттігі туды.

Қабақша - бұл ОЖ-нің басқаруымен жүктелетін және осы ОЖ-мен жұмыс істеуді жеңілдететін программа. Бүкіл әлемге танымал және кең тараған қабықша - программалардың бірі - Norton Commander. Оны ең әйгілі американ программисті Питер Нортон құрастырған.

Қабықша-программа компьютердің файлдық құрылымын: дискілерді, каталогтарды және файлдарды түгелдей экран бетінде көрнекі түрде көрсетеді. Тек бірен-саран пернелерді қолдана отырып файлдарды іздестіруге, көшіруге, тасымалдауға, жоюға, іріктеуге, өзгертуге (редакциялауға, түзетуге) және жүктеуге болады.

Компьютерлердің немесе басқа құрылымдардың біріктірілген тобын желі деп атайды. Компьютерлерлік желілердің негізгі қызметі ресурстарды ортақ пайдалану, бір және немесе бірнеше өнеркәсіп ішінде және сырттай өзара интерактивті байланыс орнату. Ресурстар дегеніміз - берілгендер, қосымшалар, дискіжетек, принтер, манипулятор тетігі, модем сияқты сыртқы құрылғылар. Интерактивті байланыс түсінігі нақты уақыт аралығында хабарламалар алмасу процесін білдіреді.

Компьютерлік желілер түрлері

Локальды және территорияға бөлшектенген желілер.

Локальды желі (LAN) бір ғимараттың ішінде орналасқан дербес компьютерлер мен принтерлерді байланыстырады (ғимараттардың комплексінің). Территорияға бөлшектенген желілер (WAN) алыста орналасқан бірнеше локальды желіні біріктіреді.

Локальды желілер

Локальды желілер (ЛЖ) желілердің ішіндегі ең қарапайымы дербес компьютерлердің тобын қуаты жоғары желілік сервер деп аталатын компьютермен қосады (1-сурет). Локальды желідегі барлық дербес компьютерлер желілік серверде сақталған арнайы қосымшаларды қолдамуы және ортақ кұрылғыларды принтерлерді, факстерді пайдалануы мүмкін. Локальды желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желілік түйін деп аталады.



1-сурет. Клиент-серверлік үлгі

Локальды желілер жеке қолданушыларға өзара жеңіл және жылдам карым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Локальды желінің кейбір қызметтері:


  • кұжаттармен ортақ жұмыс жасау;

  • құжат алмасу процесін жеңілдету арқасында қолданушы өз жұмыс орнында отырып құжаттарды көріп шығуға, дұрыстауға, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

  • сервердегі өз жұмысын сақтау және архвтеу;

  • сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру;

  • принтерлер, СD-ROM дискіжетектері, қатты дискілер және косымшалар (мысалы, мәтіндік редакторларды, мәліметтер корының программалық жабдықталуын) сияқты жоғары бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану жеңілденеді.

Аймақтық бөлшектенген желілер

Аймақтық бөлшектенген желілер локальды желілер сияқты артықшылықтар бере отырып үлкен территорияны қамтиды. Көбінесе ол үшін жалпылай қызмет көрсететін, модем істемесе жоғары жылдамдығы цифрлық желі арқылы коммутацияланған телефон желісі қолданылады (PSTN,Publik Switched Telephon Network) және комплексті түрде қызмет көрсетеді (ISDN, Intergated Services Digigtal Network). ISDN көбінесе бейне немесе дыбыс түріндегі үлкен файлдарды тасымалдау қызметін атқарады (2-сурет).



2 сурет


Негізгі локальды желілерге модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлік желі арқылы коммутацияланған телефон желісі арқылы жасалған аймактық бөлшектенген желілердің фукционалдылығын қосу арқылы сыртқы коммутациялардың артықшылығын пайдалануға болады, оның ішінде:

  • хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу (е-
    mаil);

  • Іnternet-ке кіру.

Іnternet көпшілікке кіру мүмкіндігін жасайтын бүкіл әлем қолданушыларын деректер, дыбыс және бейне қоймаларымен қосатын ауқымды желі. Іnternet-тің негізгі функциялары электрондық пошта және зерттеулер мен қызығушылық орталары ортақ топтар арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі кезде Іnternet қашықтан окыту жүйелері және алыстан емдеу, диагностика сияқты дамушы дыбыстық және бейне қосымшаларын қолдайды.

Телекоммуникациялық есептеуіш желілер түсінігі. Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер — ақпарат алмасу және оны өндеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден кұралады (абоненттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің кай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.

Телекоммуникациялық желілердің аппараттық қамтамасыз етілуі әр түрлі типтегі компьютер, байланыс құрылғылары, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бірдей немесе әр түрлі деңгейдегі желілер жұмысын үйлестіруге арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телекоммуникациялық желілерде ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді аналогтық және цифрлық кодтау қодданылады.

Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі — желі шешетін мәселеге бағытталған біртұтас ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер жиыны. Онда білім базасы, автоматтандырылған деректер базасы (жергілікті және тарқатылған, қоғамдық және дербес пайдалануға арналған) қамтылған.

Жалған мекен – жайлардан қорғаныс

Жіберуші жалған кері мекен – жайды көрсетіп қоюы мүмкін немесе аты хаттың жіберілу барысында өзгертілуі мүмкін, не болмаса жіберушінің өзі кімнің атынан жіберуді қаласа, соның атынан машинадағы SMTP – портпен қосылып, хат мәтінін енгізуі мүмкін болғандықтан Интернеттің электронды поштасындағы жіберушінің мекен – жайына сенуге болмайды. Бұдан электронды хаттарына қосылуға арналған шифрлеуді қолдануға арналған шифрлеуді қолдану көмегімен қорғануға болады. Бір танымал әдісі – ашық кілтпен шифрлеуді пайдалану болып табылады. Хаттың бір бағытты ХЭШ – функциясы жіберушінің құпия кілтін пайдалана отырып шифірленеді. Алушы ХЭШ – функцияның шифрін алу үшін жіберушінің ашық кілтін пайдаланады да, оны алынған хабар бойынша есептелген ХЭШ – функциямен салыстырады. Бұл хабарды шынында жіберушінің өзі жазғанына және жолда өзгертілмегеніне кепіл болады.



Ұстап қалудан қорғаныс

Электронды хаттардың тақырыбы да, мазмұны да таза күйде беріледі. Нәтижесінде хабар мазмұны оқылған немесе оны Интернет арқылы жіберу процесінде өзгертілген болуы мүмкін. Жіберушіні жасыру немесе өзгерту үшін, не болмаса хабарды басқа бағытқа бұрып жіберу үшін аты өзгертілуі мүмкін. Одан хабар мазмұны немесе ол берілетін арнаны шифрлау көмегімен қорғануға болады. Егер байланыс арнасы шифрленген болса, онда оның екі ұшындағы жүйелік администраторлары қайткенмен оқуды немесе хабарды өзгертуі мүмкін. Электронды поштаны шифрлаудың көп түрлі схемалары ұсынылған болатын, бірақ олардың бірде – біреуі көпшілікке бірдей болмады. Ең көп тараған қосымшалардың бірі – PGP. Бұрын PGP қолданылуы проблемалы болды, өйткені онда АҚШ-тан шығаруға тыйым салынуы ықпалына түсіп қалған шифрлеу қолданылды. PGP коммерциялық версия ішінде бірнеше танымал пошта бағдарламаларына арналған плашналар енеді, бұл оны электронды қол хатына қосылу үшін және клиенттерге хатты шифрлау үшін ерекше қолайлы етеді. PGP соңғы версиясы RSA ашық кілтімен шифрлау алгоритмінің лицензияланған версиясын пайдаланады


Бекіту сұрақтары

  1. Операциялық жүйенің негізгі функцияларын айтып бер.

  2. Пайдаланушы интерфейсінің пакеттік және диалогтық режимдері туралы айтып бер.

  3. Графикалық және графикалық емес ОЖ туралы не білесің? Мысалдар келтір.

  4. Графикалық интерфейстегі активті және пассивті басқару элементтері туралы айып бер.

  5. Файл деген не?

  6. Файлды сипаттайтын негізгі параметрлер туралы айтып бер.

  7. Операциялық жүйенің файлдық құрылымы

  8. FAT - таблицалар туралы айтып бер.

  9. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  10. Операциялық жүйелердің қандай түрлерін білесіз?

  11. BIOS ұғымына анықтама беріңіз.

  12. Операциялық жүйені жүктеуші дегенді қалай түсінесіз?

  13. Телекоммуникациялық жүйенің қызметі қандай?

  14. Желілік қауіпсіздік



Дәріс 7. Графика және интернет (3 сағат)

Мақсаты: Компьютерлік графика негіздері және растрлық және векторлық графика ұғымдарымен танысу.Internet шығу тарихымен таныстыру және Internet туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, файлдарды архивтеу, архиватор программалары туралы ұғымдарын қалыптастыру. Компьютерлік вирустар сипаттамасы және антивирустық программалық құралдармен таныстыру.



    • Графикалық программамен қамтамасыз етудің иерархиясы.

    • Қарапайым түсті моделдер: RGB, HSB, CMYK.

    • Графикалық жүйелер.

    • Растрлық және векторлық графика жүйелері.

    • Бейне ақпараттарды шығару құрылғысы.

    • Графикалық редакторлар

    • Графиктік коммуникациялар, интернеттің шығуы мен тарихы.

    • Интернеттің теориялық негіздері. Интернет қызметтері

    • Ақпаратты қауіпсіздіктер және оларды құрушылар.

    • Ақпарат қауіпсіздігіне қауіп төндіргішітер және олардың классфикациясы. Архиваторлар. Антивирустік бағдарламалар

Ақпараттың көп бөлігін адамдар көру мүшелерімен қабылдайды. Сондықтанда графикалық ақпаратты өндеу (синтез, талдау және бейнелерді өндеу) ғылыми зерттеулердің, инженерлік және дизайнерлік шешімдердің, ақпараттық және программалық құралдардың — қарапайым редакторлардан күрделі программалық кешеңдерге дейін (мысалы, Corel Draw және Adobe Photoshop) — көлемді бөлігін құрайды.

Дегенмен, куатты графикалық өнімдердің кең функционалдық мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылу осы жуйеге деген оп-оңай тәуелділікке және уақытты тиімсіз жұмсауға әкелуі мүмкін. Графикалық материалды пайдалану міндетін қойып, мысалы есеп беруде немесе тұсаукесер жүргізуде, белгілі және қарапайым тәсілмен оны шешудің қысқа жолдарын табу керек. Бұл ерекше маңызды, өйткені күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргендей, бірегей иллюстрацияны дайындау процесі, аяғында, жалпы жұмыстың көп бөлігін бірақ алады.

Компьютерлерде пайдаланылатын барлық бейнелердің мол санын үш топқа бөлуге болады: 2B-графикасы (мұнда тегіс бейнелер жасалады), 3D-графикасы (үш өлшемді бейне) және анимациялық графика. Бейнелер көбінесе арнайы құралдарды — графикалық редакторларды пайдаланумен, графикалық пішімдердің файлдарында сақталады.

Графикалық файлдың сыртқы құрылғыда бейнелеу көрсетімі, яғни өлшемі, шешу қабілеттілігі, сығымдау дәрежесі, әдісі және т.б. болады, сонымен бірге әр графикалық редактор үшін ерекше ақпараты (мысалы, Corel Draw— қисық түзілімдер туралы, Photoshop - қабаттар, арналар және т.б. туралы ақпараттар) сақталады. Әр графикалық редактор тасуышқа жазғанда бұл ақпаратты белгілі жолмен кодтайды.

Графикалық файл пішімі деп бейнелеу туралы ақпараттың жиынтығы және оны файлға жазу әдісі түсініледі. Жалпы алғанда, барлық графикалық пішімдерді екі топқа бөлуге болады: жалпы міндетті пішімдер, онда тек бейненің өзі, сондай-ақ сақтауға, көшіруге немесе көруге арналған бейнелер (gif, tiff, jpeg және басқалар) болады, және бейнелерді редакциялаудың аралық нәтижелерін сақтауға арналған ерекше пішімдер.

Графикалық файлдар өлшемі үлкен болғандықтан, оларды әдетте сығымдайды (буады). Қазіргі кезде сығымдаудың екі әдісі: (сапаны жоғалтумен және сапаны жоғалтпай сығу). Сапаны жоғалтпай сығу алгоритмдері архиватор алгоритмдеріне (аrі, рkzір) ұқсас және gif және tiff пішімдерінде пайдаланылады. Сапаны жоғалтумен сығу алгоритмдері адам қабылдай алмайтын ақпаратты ысырып тастайды (jpeg, pcd), бірақ сығудың едәуір жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді.

Іскерлік саласында графикаға кажеттілігін негізгі үш бағытпен шектеуге болады. Олар: құжаттардағы графика (иллюстрациялар, диаграммалар, ұсынудың әсерлі түрі), мультимедиа-презентациялардағы графика (фон, қыстырма, динамикалық графикалық объектілер) және программалардағы графика (пиктограммалар, қыстырмалар және т.б.).

Осы міңдеттерді шешуге арналған көптеген графикалық объектілсрден бірнеше негізгі түрін бөліп алып, оларды дайындаудың кең тараған және күрделі емес құралдарын қарастырайық.

Практикалық мәселелердің көпшілігі үшін мамандандырылған программалар кешенін пайдалану тиімсіз, өйткені:



  • күрделі өнімдермен жұмыс істеу әдетте оларды игеру бойынша едәуір күш-жігер жұмсауды қажет етеді. Бұл өнімдердің тез дамуы және өзгеруі оның күрделі мүмкіндіктерін пайдалану тек оны тұрақты пайдаланатын маман тиімді пайдалана алады;

  • куатты дестелер (мысалы, Corel Draw) компьютер ресурстарының едәуір бөлігін пайдаланады. Оларды тек графикалық жұмыс станцияларында ғана тиімді пайдалануға болады;

  • әдетте мұндай дестелер көптеген қосымша программалармен қоршалған, олар өзінше «тұйықталған әлем» құрады, оған кез келген пайдаланушы қатынас құра алмайды;

  • графикалық объектінің ерекше пішімін пайдалану оны тиісті программалық жабдықтама орнатылмаған басқа компьютерлерге ауыстыруға мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, бір иллюстрацияны дайындау құрал-жабдығын дұрыс таңдамау нәтижесінде олар үшін жасалатын негізгі құжатқа немесе қосымшаға қарағанда әлде қайда көп ресурстарды (уақыт, еңбек, ЭВМ жады, ақша) жұмсайды. Сондықтан «өнімді», мысалы, құжатты графикалық безендіру үшін осы өнімді «өндіру» жүйесінің графикалық мүмкіндіктерімен (мысалы, Microsoft Word) шектелген дұрыс.

Графикалық элементтердің құжаттың, презентацияның (тұсаукесер) немесе программаның сапасын жақсартуға қабілетті «джентельмендік жиынтығы» көп емес. Олар мыналар:

  • иллюстрациялар;

  • графикалар мен диаграммалар;

  • сәндік жазулар;

  • безендіру элементтері (түрлі сызғыштар, геометриялық және стилизацияланған мүсіндер, т.б.).

Иллюстрациялар мен безендіру элементтерінің бір-бірінен айырмашылығы — өлшемдері ғана. Оларды құру әдісі бойынша растрлық және векторлық деп екі топқа болуге болады.

Растрлық бейнелер

Растрлық бейнелер (немесе биттік карталар - Bіtmар) дегеніміз — түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі және шешу қабілетімен анықталады, ал файлдың өлшемі пайдаланылған палитраға (ақ-қара немесе 1-биттік, 256 түсті немесе 8-биттік, true color — түсті дәл беру — немесе 32 биттік) қосымша тәуелді болады. Растрлық деп сканердің көмегімен алынған, сондай-ақ, графикалық редакторлар жасаған (мысалы, Paint) бейнелер аталады. Графикалық файлдардың неғұрлым кең тараған пішімдері – bmp, dib, gif, jpeg, pcx, rle, tiff.

Растрлық бейнелердің айтарлықтай кемшілігі бар, ол шығару құрылғысының, мысалы, дисплейдің шешу қабілетін өзгерткенде бұрмалануы.

Растрлық қойылымдар бейнелеу кезінде (мысалы, пиктограммалар, программадағы түймелер және т.б.) өлшемі өзгермейтін шағын объектілер үшін ұсынылады. Бұл үшін қарапайым графикалық редакторды пайдалануға болады, ал ең тиімді жолы — программалау жүйесіне кірістірілген құралдарды қоддану. Мысалы, Borland С++ тілінде жұмыс жасайтын программистер бұл мақсатта Resource Workshop программасын пайдаланғанды дұрыс көреді.

Үлкен өлшемді растрлық бейнелер (фотосуреттер, т.б.) құжаттар мен презентацияларда фон ретінде, сонымен бірге иллюстрация түрінде пайдаланылады. Оларды дайындауда бастапқы материал ретінде сканерден алынған немесе компакт-дискідегі кітапханадан алынған бейнелер қызмет етеді. Бұл бейнелерді өзгертусіз пайдалануға болады, бірақ көп жағдайда олар біршама жаңартуды қажет етеді. Егер иллюст-рация мақсаттары үшін көптеген файлдарды күрделі құрастыру немесе экзотикалық әсерлер (мысалы, Adobe Photoshop жүйесінде жүзеге асырылған «сфера», «барабан», «спираль» типті бұрмаланулар) қажет емес, ал бейнелерді сапалы дайындау үшін күрделілігі орташа графикалық редакторды (U-Lead System фирмасының РhоtоРlus типті) пайдаланған дұрыс. Мұндай класты редакторлар маңызды және жиі қолданылатын қызметтер жиынтығын қамтамасыз етеді, атап айтқанда:


  • бейненің (RGB True Color - нүктесіне 24 биттік, 256 түсті, 16 түсті, сұр түстің градациясы, қара-ақ) пішімін (Convert) өзгерту;

  • фрагменттерді қиып алу (Сut, Сору) және кірістіру (Раste), бірнешс фрагменттерді құрастыруға жол ашады;

  • шешімді өзгерту (Resolution) және өлшемді өзгерту (Resample) бейненің өлшемін өзгерткен кездегі бұрмалауды барынша азайтады;

  • палитраны түзету (Tоne Abjustment) түс гаммасының өзгеруіне, бейненің талап етілген түріне (реңкіне) қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

  • айқындық пен қанықтылықты (Brighthess & Соntrast) өзгерту қажетті айқындығын, қанықтылығын, сонымен бірге бірнеше құрастырылған фрагменттердің үйлесім-
    ділігін алу үшін қодданылады. Әр түрлі сүзгілер (Average, Blur, Sharpen, Emphasize Edges, Mosaic, Emboss) бейненің түстік ерекшелігін өзгертіп, фон, заставка, иллюстрацияны кабылдаудың тиісті әсеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Векторлық бейнелер

Бейнелерді векторлық әдіспен құрағанда графикалық объектілер қарапайым элементтердің, яғни үзік сызықтардың, доғалардың, шеңберлер мен көп бұрыштардың жиынтығы түрінде көрінеді. Векгорлық графикада бейнені құрайтын қисық және түрлі түсті құйылмалардың математикалық жазбасы бар. Оның маңызды бір артықшылығы — бейнелердің масштабы өзгере алады. Суреттің өлшемі өзгертілгенде примитивтер теңгерулері қайта ееептеліп, сызықтарды құру сол теңгерулер бойынша жүргізіледі. Нәтижесінде растрлық бейнелерге тән объектінің бұрмалануына жол берілмейді.

Құжаттарды немесе презентацияларды дайындау процесі кезінде синтезделетін иллюстрациялардың көбісін кең тараған пакеттердің аспаптарын пайдаланып, векторлық графиканың құралдары арқылы жүзеге асыру мүмкін (солай еткен онды).

Бұл орайда MS Word 2003-ке кірістірілген жаңа графикалық құралдар тартымды. Олар бұрынғы версияларға қарағанда едәуір жақсартылған, күрделі иллюстрацияларды тез жасауға мүмкіндік береді. Мұнда бейнелерді қосымша өңдеу (мысалы, бейнені бұру) қызметтері жұмыс істейді.

MS Word 2003-қа Бейнелерді бабына келтіру аспаптар панелі және Рамкалар қосылған, графикалық примитивтер жиыны кеңейтілген, бұрынғы версияларда оларды сызықтар мен доғалардан жасау көп уақытты талап етті (немесе мүлде мүмкін еместі).

MS Word 2003 құралдарымен көптеген түрлі түсті, геометриялық, мәтіндік және анимациялық әсерлі сәндік жазбалар жасауға болады.



Графикалар мен диаграммалар

Графикалар мен диаграммалар көптеген мәтіндерді (тәжірибе-сынақ нәтижелері, есеп көрсеткіштері, т.б.) көрнекі етіп көрсету үшін пайдаланылады. Harvard Graphics, Lotus, Microsoft Office сияқты өнімдерде графикалар мен диаграммалар түріндегі құралдардың мол жиынтығы бар. Солардың көмегімен екі, үш өлшемді диаграммалардың сызықты, бағаналы, шеңберлі, пирамидалы, т.б. түр-түрін жасауға болады. Асtіоn мультимедиа-презентациясының пакетінде диаграммаларды жасауға қажет бай аспаптар бар. Онда диаграммалар әр түрлі, қилы пішімді болып, оның әр элементі (бағана, сызық, сектор, т.б.), сонымен бірге диаграмманың өзі белгілі дыбыстық сүйемелдеумен жылжуы («өсіп», «жүзіп», т.б.) мүмкін. Microsoft Office - РоwerРоіnt пакетінде де диаграммалар мен графикаларды «жандандыру» құралдары болады.

Internet - бұл байланыс жүйесі, сонымен қатар ақпараттық жүйе. Internet тарихы ХХ ғасырдың 60- жылдарынан басталады.

1969 жылы ARPA агенттігі (алдыңғы қатардағы зерттеу жобаларының агенттігі)ARPANET желісін құрды.Сол жылдары мамандар TCP/IP негізін құра бастады және 1983 жылда қабылданды.Осыдан кейін ARPANET қосылған барлық хосттардан (компьютерлер) тек осы хаттамалармен жұмыс істеуін талап етті.Осы уақытта Internet термині тарала бастады.1985 жылда Ұлттық Ғылымдар Қоры кейін Internet-ке қосылған өзінің NSFNet желісін құруға қатысты.

Internet - тұтас бір логикалық желі деп айтуға өзара бірыңғай IP хаттамасымен қосылуы негіз болатын физикалық түрде бөлек желілердің кез-келген жиыны. Internet-тің кең өріс алуы TCP/IP хаттамаларына аса қызығушылық тудырды және корпоративті желілерді құруда қолданыла бастады.

Internet-тің функциялары:



    • E-mail жіберу және қабылдау.

    • Түрлі ақпаратты алу мүмкіндігі.

    • Қарым қатынасқа түсу мүмкіндігі.

    • Зерттеулерге қатысу мүмкіндігі.

    • Программалық жабдықталуды алу.

    • Виртуалды келіп-кету мүмкіндігі.

    • Музыка тыңдау,басып алу.

    • Видео көру.

    • Ойындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет