«информатика»


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар



бет7/12
Дата24.04.2016
өлшемі6.14 Mb.
#79256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырма 3

  1. Е2 ұяшығынна курсорды апарып, мына формуланы жазыңыз: =B2*C2*D2

  2. Сонда «Жалпы бағасы» деген бағанның Е2 ұяшығында он алма ағашы беретін өнім теңге есебімен шығады.

  3. Енді автотолтыруды қолданып басқа жемістердің жалпы бағасын есептеңіз.

Тапсырма 4

  1. Барлығы бағанын есептеу үшін Е5 ұяшығына Автоқосуды шақырып, келесі аралықты көрсетіңіз: =B5:D5

  2. Автотолтыруды пайдаланып, барлық қалалар үшін есептеп шығыңыз.

  3. Әр қаланың 3 айдағы орташа мәнді есептеу үшін Статистикалық функциялар категориясынан СРЗНАЧ функциясын таңдаңыз. Ашылған функция терезесінде В5:D5 аралығын Сан 1 (Число 1) өрісіне жазыңыз. ОК басыңыз.

Тапсырма 5

  1. Жылуға төлемді есептеу үшін пәтер ауданын жылуға 1кв/ш төлеміне көбейтесіз.

  2. Суға төлемді есептеу үшін адам санын суға төлем бағасына көбейту керек. Ыстық су мен суық суға төленетін төлемді бір формулаға біріктіріп жазу керек.

  3. Жалпы төлемді есептеу үшін жылуға төлем мен суға төлем қосындысын есептейсіз. Ол үшін Автоқосуды қолданыңыз.

  4. Барлық бағандардағы есептеулер үшін формуланы тек бірінші пәтер үшін жазып, қалған пәтерлердікін автотолтырумен орындаңыз. Суық су, Ыстық су құны, Жылу құны барлық жерде қолданатындықтан және оларға басқа мән бергенде де есептеу дұрыс жүру үшін ұяшыққа қандай адрес көрсету керек екендігін ескеріңіз.

  5. Жалпы суммасын автоқосумен есептеңіз

  6. Ең аз төлем көрсеткіші мен ең көп төлем көрсеткішін есептеу үшін Статистикалық функциялар ішінен МАКС және МИН функцияларын қолданыңыз.

Тапсырма 6

  1. Екіге және беске бөлінетін сандарды анықтау керек. Ол үшін санды екіге бөлгендегі мәнін Нәтиже бағанында есептейміз.

  2. Нәтиженің бүтін бөлігін Бүтін мәні бағанына меншіктеп аламыз. Ол үшін математикалық ЦЕЛОЕ() функциясын қолданамыз

  3. Шығару бағанына Логикалық функциялар категориясының ішінен ЕСЛИ функциясын таңдап алып шарт жазамыз. Егер екіге санды бөлгендегі нәтиже сол санның бүтін бөлігіне тең болса, «бөлінеді» деген сөз әйтпесе «бөлінбейді» деген сөз шығару керек.

  4. Бөлінетін сандар санын анықтау үшін СЧЕТЕСЛИ функциясын қолданып екіге бөлінетін сандардың санын анықтаймыз.

  5. Автотолтыруды және ұяшықтар адресін ескеріңіз.

  6. Осы ретпен беске бөлінетін сандарды анықтаңыз.

Тапсырма 7

А1:А3 блогын белгілейік. А1:А3 секторлар атын көрсетеді, В1:В3 диаграмманың сандық мәндерін көрсетеді. Вставка – диаграмма командасын таңдаймыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 7):




Сурет 7 . Қадам 1 терезесі




Сурет 8 . Қадам 2 терезесі



Сурет 9. Қадам 3 терезесі


Сурет10 . Қадам 4 терезесі

Нәтижесінде келесі диаграмма құрылады (Сурет 11 ).




Сурет 11. Нәтижесінде алынған диаграмма

Кітапты Мысал1 атымен сақтаңыз



Тапсырма 8

Жоғарыда орындаған тапсырманы қайта өңдейік. Сақтаған кітапты ашыңыз. Диаграмма облысында тұрып жанама менюді ашыңыз. Осындағы командалар көмегімен диаграмманы келесі түрге келтіріңіз (Сурет 12):






Сурет12 . Диаграмманың өңделген түрі

Легенда (аңыз) диаграмманы түсінікті ету үшін жазылатын жазу (Сурет 13).





Сурет 13. Легенданы өңдеу

Бұл өзгерту легенданың жанама менюінен Формат легенды командасын шерткенде ашылған сұхбат терезесінде сәйкес параметрлерді орнатқанда орындалады. Диаграмманы жаңа бетке орналастырыңыз.

Легенданы орналастырудың неше түрлі тәсілдері бар және қандай екенін жазып алыңыз. Вид – Панели инструментов – Диаграммы командасын орындаңыз. Ашылған тақтаның компоненттерімен жұмыс жасаңыз. Дәптерге конспекті жазып алыңыз. Осы тақта көмегімен диаграмма тақырыбының және легенданың форматтарын келесідей (Сурет 14 ) етіп қойыңыз.



Сурет14 . Диаграмманың өңделген түрі
Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ехсеl электрондық кестесінің атқаратын қызметі қандай?

  2. Ехсеl терезесінің негізгі элементтерін сипаттаңыз.

  3. Электрондық кестедегі кітап деген не? Жаңа кітап қалай кұрылады?

  4. Блоктар деген не және олардың адрестері қалай беріледі?

  5. Ехсеl кестесінде мәліметтерді жылжыту жөне көшіру әрекеттері қалай орындалады?

  6. Формулалар қатарының атқаратын қызметі қандай?

  7. Ұяшыққа формулалар қалай енгізіледі?

  8. Ұяшыққа бұрын енгізілген формуланы түзетуге бола ма? Бұл кезде есептеу амалдары қалай атқарылады?

  9. СЧЕТЕСЛИ() функциясы қандай категорияға жатады?

  10. СЕГОДНЯ() функциясының қызметі қандай?

  11. Формула жазу үшін ұяшыққа не енгіземіз?

  12. Автоқосудың ерекшелігі қандай?

  13. Диаграмма шеберінің жұмысын түсіндір

  14. Диаграмманың қандай типтері бар?

  15. Диаграмма орналастырудың қандай мүмкіндіктері бар?

Зертханалық жұмыс №3 (6 сағат)



Тақырыбы: Microsoft Office пакеттерімен жұмыс. MS Access. Мәліметтер қорын құру

Мақсаты: MS Access МҚБЖ-де кесте шебері көмегімен кесте жасауды үйрену
Теориялық түсініктеме:

MS Access МҚБЖ негізгі объектілері

Ассess-те ақпаратты сақтаудың көптеген түрі бар. Осы МҚБЖ жұмыс жасағанда қолданылатын негізгі объектілер келесілер (Сурет 15):





Сурет 15. Негізгі объектілер

Кесте. МҚ негізгі объектісі. Кестеге сүйене отырып, форма, есеп, сұраныстар құрылады. Бір МҚ бірнеше кестелер бола алады.

Кесте құрудың үш режимі бар:

  1. Шебер арқылы кесте құру;

  2. Кесте режимінде кесте құру;

  3. Конструктор арқылы кесте құру;

Кесте өрістерінің мәліметтерінің келесідей типтері бар (Кесте 10).



Кесте 10

Мәліметтер типі

Қолданылуы



Өлшемі

Мәтіндік

Сандық МЕМО
Уақыт

Ақшалай

Санауыш

Логикалық

OLE объектісі

Алфавиттік және сандық деректер

Сандық деректер

Алфавиттік, сандық деректер, сөйлемдер, абзацтар, мәтіндер

Мерзімі және уақыты

Ақшаның көлемі жайында деректер

Бүтін сан, әрбір жазбаның нөмірін көрсетеді

Логикалық деректер

Суреттер, диаграммалар, басқа да OLE объектілері



255 байт

1,2,8 байт

644000 байт
8 байт

8 байт


4 байт

1 бит


1 Гб-қа дейін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет