Инклюзивті білім беру ортасы


Білім алу үшін арнаулы жағдайлар



бет4/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
ИББО дәрістер

Білім алу үшін арнаулы жағдайлар – мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнаулы оқу және жеке дамыту бағдарламаларын, оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
Арнаулы білім беру ұйымдары ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да балама қаріптерді және қарым-қатынас әдістерін пайдалана отырып, тірек-қимыл аппараты бұзылған, көруі және (немесе) естуі және (немесе) сөйлеуі бұзылған балалардың білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасайды.
Жалпы білім беретін мектеп – білім алушылар мен тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, арнаулы оқу мен жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы№
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы болып табылады№
Білім беру процесінің барлық қатысушыларына психологиялықпедагогикалық қолдау көрсетудің мектептік қызметі (бұдан әрі-ППҚҚ) құрылады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау - педагогтар мен мамандардың жүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады.
Қызмет атқаруы үшін білім беру ұйымының штатына логопед, арнайы педагог (дефектолог), психолог, педагог-ассистент бірліктері енгізіледі.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі өз функцияларын орындауда командалық тәсіл әдістерін және де мұғалімдермен, ата-аналармен ынтымақтастық пен серіктестік қатынастарын қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет