Инклюзивті білім беру ортасы


Дәріс 4. Білім беру ұйымдарда инклюзивті білім беру ортасын жобалау:негізгі кезеңдері



бет8/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
ИББО дәрістер

Дәріс 4. Білім беру ұйымдарда инклюзивті білім беру ортасын жобалау:негізгі кезеңдері

    1. Білім беру ұйымындағы Инклюзивті ортаны жобалау кезеңдері

Ол үшін білім беру ұйымында инклюзивті білім беру ортасын құру жөніндегі жобалау қызметінің мынадай кезеңдері іске асырылады:
1) өзін-өзі бағалау, ИББО мониторинг жүргізу;
2) талдау нәтижелерін және инклюзивті білім беру ортасының ағымдағы жағдайын талқылау;
3) бідім беру ұйымдарындаға өзгерістері бойынша қажетті іс-қимылдарды жобалау және шешімдер қабылдау;
4)жобалау іс-шараларын (Жол картасын) іске асыру;
5) сыртқы сарапшы мен ата-аналардың қатысуымен нәтижелерді қайта бағалау және т. б.
4.2. Инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудағы мамандар тобының қызметінің мазмұны

  1. инклюзивті білім беру ортасын құрудағы сынып жетекшісінің рөлі

  2. инклюзивті білім беру ортасын құрудағы арнайы педагогтың рөлі

  3. инклюзивті білім беру ортасын құрудағы педагог-психологтың рөлі

  4. мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін білім беру ортасын құрудағы тьютордың рөлі

4.3.Ата-аналардың инклюзивті білім беру ортасын құруға қатысуы
1 деңгей. Ақпараттандыру. Осы негізгі деңгейде мектеп ата-аналарға қолданыстағы бағдарламалар туралы хабарлайды, ал ата-аналар өз кезегінде ақпарат сұрайды.
2 деңгей. Қызметке қатысу. Бұл деңгейде ата-аналар мектеп қызметіне шектеулі дәрежеде қатысады. Мысалы, олар оқу және сабақтан тыс процестердің белгілі бір нүктелерінде қатысуға шақырылуы мүмкін.
3 деңгей. Диалог және пікір алмасу. Мұнда ата-аналар мектеп пен сыныптың мақсаттары мен қажеттіліктерін зерттеу үшін шақырылады.
4 деңгей. Шешім қабылдауға қатысу. Мұнда ата-аналардан баласына әсер ететін шешім қабылдау қажет болған кезде олардың пікірлері сұралады. Бұл қатысу деңгейінің жақсы мысалы-жеке оқу жоспарын әзірлеу үшін кездесу.
5 деңгей. Әрекет үшін жеткілікті жауапкершілік. Бұл ата-аналар мектеппен бірлесіп шешім қабылдайтын, мектеп бағдарламасын жоспарлауға да, бағалауға да қатысатын ең жоғары деңгей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет