6) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу.
Білім алушыларға арналған мектепте кедергісіз орта деп физикалық қол жетімділікті қамтамасыз ету түсініледі: ұтқырлығы шектеулі заттар: мектепке жеткізу, пандустар, таяныштар, көтергіштер, лифт, арнайы жабдықталған оқу орны (үстел, орындық), жалпы пайдалану (дәретхана, асхана және т. б.); зағип жандар: тактильді жолдар, тактильді көрсеткіштер, таяныштар және т. б.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстанның мүгедек азаматтарына кедергісіз орта құру үшін шаралар қабылданды.
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның нормаларын іске асыру мақсатында 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 Кодекске әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік саладағы (денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау) көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бойынша түзетулер енгізілді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында көзі нашар көретін адамдарға арналған нұсқалар бар.
Жергілікті билік органдарының қызметін реттеу және жауапкершілігін арттыру мақсатында мүгедек адамдардың мұқтаждығына бейімдеуге жататын нақты ғимараттар мен объектілердің тізбесін қамтитын мүгедек адамдар үшін кедергісіз орт білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды, оның ішінде мүгедектерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолжетімді нысанда тегін пайдалану, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, оның ішінде мүгедектерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға дайындау туралы;
ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдарды мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медициналық ұйымдарға жұмысқа бірінші кезекте бөлу құқығы туралы нормалармен толықтырылды.
Сонымен қатар, мүгедек балалардың ата-анасы баланың оқу орнын - әдеттегі немесе арнайы білім беру ұйымында - мамандардың ұсынымдарын ескере отырып таңдауға құқылы.
Көзі көрмейтін балалар үшін 2017 жылдан бастап Брайль жүйесі бойынша және ірілендірілген қаріппен, сондай-ақ зияткерлік бұзушылықтары бар балаларға арналған оқулықтарды әзірлеу басталды (жыл сайын 140 млн. теңгеден астам қаражат бөлінеді). 0-1, 5 және 7-сыныптарға арналған оқулықтар әзірленді, ал 2020 жылға дейін 11-сыныпты қоса алғанда, барлық оқулықтарды әзірлеу жоспарлануда.
Бүгінгі күні білім беру саласында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 153 230 бала (54 311 мектепке дейінгі және 98 919 мектеп жасындағы) анықталып тексерілді, оның ішінде 47 мыңға жуығы мүгедек балалар.
Мәселен, мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 42 мыңнан астам бала тәрбиеленуде, оның ішінде 15 мыңнан астамы инклюзивті білім алуда. Орта білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 91,5 мыңнан астам бала білім алуда, оның ішінде 46 мыңға жуық бала инклюзивті білім алуда. 2020 жылы балабақшалардың 30 %-ы мен мектептердің 70 %-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалатын болады.
Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептердің 60 %-ында (7014 мектептің 4207-і), балабақшалардың 20 %-ында (6115 балабақшаның 1232-і) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасалған.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында колледждердің 30 %-ында (821 колледждің 247-сі) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 2928 баланы оқыту үшін жағдай жасалған, оның ішінде бала кезінен мүгедектер - 2 192, 1 және 2-топтағы мүгедек адамдар - 736. 71 сурдоаудармашы, 37 тифлоқұрал енгізілді, 44 арнайы жұмыс оқу жоспары әзірленді, олар бойынша кадрлар даярлау жүріп жатыр.
Бүгінгі таңда ЖОО-ларда ерекше мүмкіндіктері бар студенттердің саны 1609 адамды, оның ішінде І дәрежедегі мүгедек студенттердің саны - 85 адамды құрайды.
358 адам - II дәрежедегі мүгедек, 1151 адам - III дәрежедегі мүгедек, 15 адам - бала кезінен мүгедек.
119 ЖОО-ның 70-і (58,8 %) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттерді оқыту үшін жағдай жасаған.
Кешенді қолжетімділік пен кедергісіз орта құру бойынша қол жеткізудің нысаналы индикаторлары:
әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым ұйымдары қызметтерінің қолжетімділігі;
қоғамдық көлік бағыттарының қолжетімділігі;
мүгедек адамдардың қолжетімді ортаға құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін сарапшыларды аккредиттеу;
мүгедек адамдар және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектелген топтары үшін басым әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |