Инклюзивтік білім беру
Сурет 3 - Инклюзивтік білім беру
Жалпы білім беретін мектептерде құрамына ДМШ балалар кіретін білім алушыларға әрқашан да арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ретінде, келесілерді бөліп көрсетуге болады:
- арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негізі мен механизмдерін жетілдіру;
- инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негізін жетілдіру;
білім алушыларды жекелеген түзету-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қолдауды іске асыру, білім алушыларға мектептік қауымдастықтың маңызды және белсенді қатысушысы болуына мүмкіндік беретін жайлы білім беру ортасын құру, өзі-өзі бағалауға, оқуға және әлеуметтенуге уәждемені арттыру;
қолжетімді «кедергісіз орта» құру және білім алушыларды теңгерушілік құралдармен қамтамасыз ету, инклюзивті білім беруді іске асыратын білім беру ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың келешекте мамандықты меңгеруде техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру деңгейіндегі оқуын
жалғастыру үшін жағдай жасау;
ерте диагностикалау және балаларды ерте жастан түзету-педагогикалық қолдаудың тәсілдері мен әдістерін әзірлеу;
инклюзивті және арнайы білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізу;
арнайы қажеттілігі бар мектепке дейінгі жастағы балалардың инклюзивті білім беруге тең қол жетімділігін қамтамасыз ету механизмін әзірлеу;
арнайы педагогика бойынша білікті кадрлар даярлау;
оқыту сапасына мониторинг жүргізу, кіріктірілген балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
инклюзивті білім беруде кәсіптендіруге бағыттаумен білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастыққа қол жеткізу жолдарына негізделіп бағдарлама құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |