Инструктивно-методическое письмо по организации воспитательно-образовательного процесса в дошкольных организациях и предшкольных классах


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасының критерийі



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата31.01.2024
өлшемі1.78 Mb.
#490322
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
imp kz 1509

 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасының критерийі
Білім беру сапасының мәселелеріне қатысты көптеген тәсілдер аясында 
келесі критерийлер негізгі параметрлер болып анықталды: 
- қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес нормалар мен талаптарды 
сақтау; 
- оқу бағдарламасының міндеттерін сапалы іске асыру;
- педагогтердің құзыреттілігінің жоғары деңгейі; 
- ортаның қол жетімділігі және дамытушы заттық-кеңістіктік орта 
жағдайларына сәйкестігі; 
- мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық жарақтандырылуы; 
- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
- ата-аналардың тәрбие мен оқыту процесіне қатысуы. 
https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=37431780
 
Сондай-ақ осы құжатта («Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі 
нұсқаулық», №292 бұйрық) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын 
қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымының отбасы мен балаға 
сапалы қызмет көрсетуін қанағаттандыруға бағытталған сапаны қамтамасыз ету 
жүйесінің стандарттары анықталған:
Стандарт 1. Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат
Стандарт 2. Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы 
Стандарт 3. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы білім 
беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту 
Стандарт 4. Баланың дамуындағы прогресті және тәрбиелеу мен оқытуды 
бағалау 
Стандарт 5. Педагогикалық құрам және персонал 
Стандарт 6. Өзара қарым-қатынас: педагог, тәрбиеші, ата-ана және бала 
Стандарт 7. Дамытушы орта 
Стандарт 8. Қоғамды ақпараттандыру 
Стандарт 9. Сапаны мерзімді сыртқы бақылауды қамтамасыз ету 
Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат сапалы білім беру ортасын 
құру және дамыту және білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру негізінде 
мектепке дейінгі ұйым қызметінің сапасын қамтамасыз етуді үздіксіз жетілдіруге 
бағытталған. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту міндеттерін іске асыру кезінде 
ықтимал тәуекелдер мен қатерлерді болдырмау мақсатында мектепке дейінгі 


16 
ұйым ішкі және сыртқы бақылау өлшемдерін қамтитын білім беру қызметтерін 
көрсету сапасын қамтамасыз ету үшін қызметті өзін-өзі бағалауды жүргізеді. 
Сыртқы бақылауға дейін әрбір мектепке дейінгі ұйым өзін-өзі бағалауды жүзеге 
асырады. 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200031053
  
Өзін-өзі бағалау арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын 
қамтамасыз ету тетігі мектепке дейінгі ұйымдарға нақты проблемаларды
процесті ұйымдастырудағы қиындықтардың себептерін дербес анықтауға және 
келесі қадамдық әрекеттер арқылы кемшіліктерді жоюдың шараларын 
жоспарлауға мүмкіндік береді: 
1. Өзін-өзі бағалау 
2. Талдау 
3. Шешім 
4. Жоспар 
5. Әрекет 
6. Мониторинг 
7. Даму 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын ішкі қамтамасыз етудің 
мақсаттары:
- баланың мектепке дейінгі ұйымда қауіпсіз болуы үшін жағдай жасау; 
- балалардың толыққанды дамуы. 
Мектепке дейінгі ұйым жылына 3 рет мониторинг (бастапқы, аралық, 
қорытынды) арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын іске 
асыру сапасына ішкі бағалау жүргізеді. 
http://irrd.kz/page/read/Monitoring.html
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет