Инструктивно-методическое письмо по организации воспитательно-образовательного процесса в дошкольных организациях и предшкольных классах


Осы жүктемеге сәйкес педагог келесі функцияларды атқарады



Pdf көрінісі
бет23/42
Дата31.01.2024
өлшемі1.78 Mb.
#490322
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
imp kz 1509

Осы жүктемеге сәйкес педагог келесі функцияларды атқарады: 
перспективалық 
жоспарды 
және 
циклограмманы 
(балалардың
мектепалды сыныбында болатын мерзімге) құрастырады; 
– ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өткізеді; 
– таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі жаттығу, балалар әрекетінің түрлері 
(ойын, шығармашылық, танымдық, эксперимент жасау, дербес және т.б.), серуен, 
жеке жұмыс ұйымдастырады; 
– балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг
(бастапқы, аралық және қорытынды) жүргізеді; 
– ата-аналармен жұмыс жүргізеді; 
– білім беру ұйымдарында өткізілетін 
іс-шараларға 
қатысады; 
(жиналыстар, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, конкурстар және т. б.); 
– ертеңгіліктерді, мерекелер мен ойын-сауықтарды, спорттық іс- 
шараларды және т.б. ұйымдастырады және өткізеді. 


29 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру бойынша 
мониторинг жүргізу 
 
Мониторинг жүргізудің әдістері мен тәсілдері 
Балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог: 
– Стандарт талаптарын; 
– Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын; 
– Бақылау парақтары мен Баланың жеке даму картасын толтыру 
тәртіптерін білуі; 
– мектепке дейінгі педагогика мен психология әдістерін ; 
– мониторинг өткізу әдістері: 
бақылау, ойын жағдаяттарын құру, 
ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, бейнелеу әрекеті нәтижелерін зерттеу; 
– мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру деңгейін есептеу 
әдістерін; 
– ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру қажет. 
Мониторинг мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектептердің
мектепалды 
сыныптарындағы 
балаларға 
жүргізіледі. 
Мониторингтің 
критерийлері балалардың жасына сәйкес олардың физикалық дамуын, 
коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын
зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын 
қалыптастыруға ықпал ететін: 
1) дене шынықтыру (ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған 
бейімделген дене шынықтыру); 
2) жүзу (жүзу бассейні болған кезде); 
3) сөйлеуді дамыту; 
4) көркем әдебиет; 
5) сауат ашу негіздері; 
6) қазақ тілі (оқыту басқа тілдерде жүргізілетін топтарда); 
7) сенсорика; 
8) математика негіздері; 
9) құрастыру; 
10) қоршаған ортамен таныстыру
11) сурет салу; 
12) мүсіндеу; 
13) жапсыру; 
14) музыка бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет арқылы күні бойы іске 
асырылатын тәрбиелеу- білім беру процесінің күтілетін нәтижелер болып 
табылады.
Мониторинг нәтижелерін алу әдістері: 
- балаларды ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен ойындар кезінде 
бақылау; 
- әңгімелесу; 
- балалардың салған суреттерін, қолдан жасаған бұйымдарын талдау және 
басқалар. 
Жетекші әдіс – бақылау, ол балаға табиғи жағдаятта, күнделікті өмірде 


30 
жүргізіледі. Мониторинг жылына 3 рет: 
- бастапқы – қыркүйекте; 
- аралық – қаңтарда; 
- қорытынды – мамырда жүргізіледі. 
Мониторинг жүргізу ерте жас тобында аралық ал қалған топтарда 
бастапқы бақылаудан басталады. Осы жастағы балалардың психо-
физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес аралық және қорытынды мониторинг 
жүргізу үшін жеке-жеке критерийлер берілген. Ерте жас тобы Үлгілік 
бағдарлама мазмұнын алғаш рет игеріп отырғандықтан оларда бастапқы бақылау 
жүргізілмейді. 
Басқа топтар (сыныптар) үшін Бастапқы бақылау алдыңғы жастың бақылау 
парақтарымен жүргізіледі (мысалы, ересек топ үшін ортаңғы топтың бақылау 
парақтары қолданылады). Ал аралық және қорытынды бақылау жүргізу үшін сол 
жасқа сәйкес бақылау парақтарымен жүргізіледі. Әрбір бақылауды жүргізу 
кезінде бақылау парақтарында берілген орынға бастапқы, аралық немесе 
қорытынды алынып жатқан бақылау кезеңін жазып қою қажет болады.
 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы мазмұнын
меңгеру деңгейлерін есептеу әдістемесі 
 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасын игеру 
бойынша мониторинг жүргізу үшін критерийлерге сәйкес мектеп жасына дейінгі 
балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау бойынша 
индикаторлар жүйесі жасалды. Мониторингті жүргізу үшін ұйымдастырылған 
іс-әрекеттердің критерийлері жеке-жеке қайта қаралып, балалардың жас 
ерекшеліктеріне сәйкес кіші топта 4, ортаңғы топта 5, ересек топта 6, мектепалды 
сыныптары мен топтарында 7 критерий іріктеліп алынды ( 1 Қосымша).
Критерийлер көрсеткіштер ретінде кодпен берілген. Мысалы, «3- Ш.3.» 
Алғашқы жолдағы «3» саны баланың жасын білдіреді, яғни бала 3 жаста. Бас 
әріппен берілген «Ш» дегеніміз - «Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс- 
әрекетін дамытуды» білдіреді. Келесі «3» саны «Шығармашылық дағдыларын, 
зерттеу іс-әрекетін дамыту» бойынша күтілетін нәтиженің ретін білдіреді. 
Бақылау парақтары Ехсеl форматта берілген, сонда алдымен оқу жылы, 
мониторинг алынып отырған топтың атауы, өткізу кезеңі мен мерзімі және 
балалардың аты жөні туралы мәліметтер толтырылады. 
Бақылау парақтарында мониторингтің критерийлері (күтілетін нәтижелер) 
және соган сәйкес 3 индикатор берілген. Мысалы, кіші топ сөйлеуді дамыту 
бойынша төмендегі кестедегідей толтырылады, бір критерийге берілген 3 
индикатордың біреуі (1 санымен) ғана белгіленеді де қалған индикаторларға 
ешқандай белгі қойылмайды. 


31 
Баланың 
аты- жөні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет