3.2.4 Ет және ет өнімдерін сертификаттау тәртібі.
Ет және ет өімдері тез бұзылатын өнімдерге жататын болғандықтан оларды міндетті түрде сертификаттайды.
Етті міндетті сертификаттау үшін сатуға немесе тамақтандыру орындарына түскен еттің төмендегідей құжаттары тексеріледі:
-жіберілген орынның аты;
-тасымалдау құжаты;
-еттің түрі, дәрежесі және жағдайы (салқындатылған, тоңазытылған, қатырылған);
-еттің әрбір дәрежесінің массасы, орын саны;
-еттің шығарылған мерзімі(салқындатылған және тоңазытылған еттер үшін);
-сатуға немесе өндірістік өңдеуге арналғаны;
-еттің тағамға жарамдылығы жөніндегі ветеринариялық куәлік;
Түскен әрбір ұшаның ветеринарлық куәлігі болуға тиісті. Еттің органолептикалық, физико-химиялық көрсеткіштерінің түріне байланысты, стандарт талаптары бойынша тексеріледі. Ет және ет өнімдерін сертификаттау тәртібі былай жүргізіледі:
1.Алдымен етті және ет өнімдерін сертификаттауға өтініш береді. Өтінім беруші өтінішін сертификаттау органына немесе Қазақстан Республикасының Мемстандарт комитетіне береді. Осы орган өтінішті қарайды.
2.Үлгі алу, бірдейлігін анықтау және сынақ жүргізу.Сынақ үлгісін аттестатталған сынақ зертханасы немесе сертификаттау органдарының өкілетті мекемелері жүргізеді.Сынақтан өткен үлгі сертификаттау жүйесінің нақты өнімге тарайтын ережесі бойынша сақталады.
3.Өндірісті бағалау. Таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша өндірістің жағдайы немесе сапа жүйесінің сертификаты талданады. Өндірісті бағалау тәсілі сәйкестік сертификатында көрсетіледі.
4.Сәйкестік сертификатын беру. Ет және ет өнімдерінің сапасы жөніндегі сынақ хаттамасы, өндірісті бағалау нәтижесі және басқа құжаттар сертификаттау органында талданылып, өнімге қойылған талаптарға сәйкес немесе сәйкес емес екендігі туралы тұжырым жасалады. Бағалау нәтижесі жөнінде эксперттің қорытындысы жасалып оң шешім болғанда сертификаттау органы сәйкестік сертификатын береді. Өнімге қауіпсіздігі жөнінде арнаулы талаптар (санитарлық, ветеринарлық т.б) қойылатын болса, сертификат тек қана арнаулы сертификаты (гигиеналық, ветеринарлық, фитосанитарлық т.б) болса ғана беріледі.
Сертификаттың пайдалану мерзімін сертификаттау органы бекітеді, бірақ 3 жылдан көп болмау керек.
5.Сәйкестік белгісін пайдалану. Дайындаушы сертификаттау органынан лицензия алып, сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен белгілеу құқын алады.
6. Инспекциялық бақылау. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылылау сертификат мерзімінің ішінде жүргізіледі, бірақ жылына бір мәртеден аз болмауы керек. Ет және ет өнімдері 5, 6, 7, 8 құрылымдары бойынша сертификатталады.
Инспекциялық бақылауға әдетте мына жұмыстар түрі кіреді:
- сертификатталатын өнімге түскен ақпараттарды талдау;
- өнім сапасының тұрақтылығына қажетті жағдайларды сақтауды тексеру;
Достарыңызбен бөлісу: |