«ірі қара малдың еті мемлекеттік жаңа стандарт жобасын халықаралық стандарт талаптарымен сәйкестендіру» Мазмұны



бет16/18
Дата24.02.2023
өлшемі1.86 Mb.
#469973
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Дип.-ІРІ-ҚАРА-МАЛДЫҢ-ЕТІ-МЕМЛЕКЕТТІК-ЖАҢА-СТАНДАРТ-ЖОБАСЫН-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-СТАНДАРТ-ТАЛАПТАРЫМЕН-СӘЙК

Еңбектi қорғау қызметiнiң құқығы.
Өндiрiс бөлiмшелерiнен сол бөлiмшедегi еңбек жағдайлары жөнiндегi материалдарды және төтенше жағдайлардың себепшiсi болған жұмысшылардан түсiнiктеме алуға құқылы;
Адам өмiрi, денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерi тиетiн машиналардың жұмысын тоқтатуға құқығы бар. Бiрақ ол жөнiнде ол өндiрiс басшылығына хабарлайды.
Өндiрiстегi барлық бөлмелердi, цехтерды кедергiсiз көруге және өндiрiс бөлiмшесiнде табылған әртүрлi бұзушылықтарды жоюға бағытталған басқа да ұйғарымдарды беруге құқылы.
Талдауды жүргiзетiн зертханаларға инструктаждан өткен адамдарды жiберу керек. Жөндi жұмыс iстемейтiн құралдармен жұмыс iстеуге тиым салуға құқығы бар.
Зертханаларда темекi шегу, тамақтану және жылытқыштардың қасында өртке қауiптi заттармен жұмыс iстеуге рұқсат етiлмейдi. Зертханаларда жұмыс iстейтiн барлық жұмысшылар халатта, қолдарында резеңке қолғап және фартуктар болуы керек. Зертханаларда өрт өшiретiн өрт сөндiргiштер, құмы бар жәшiктер немес астбесттан жасалған картондар болуы керек.


Жапа шеккендерге алғашқы көмек көрсету.
Кесiлген жерден шыны қалдықтарды стерильдi пинцетпен алып, кесiлген жердiң айналасын йодпен жағып, байлап тастайды. Термиялық күйген жағдайда күйген жердi 96 пайызды этил спиртiмен немесе танин ерiтiндiсiмен жағып, бетiне стерильдi повязка салады. Ал химиялық заттармен күйген болса, ол жердi дереу үлкен көлемдi сумен жуып-шаю керек.
Егер қышқылмен күйсе, бетiне 2 пайызды сода ерiтiндiсiн жағады, ал сiлтiмен күйдiрсе сiрке қышқылының ерiтiндiсiн жағады. Егер адам токпен жараланса, онда токты дереу сөндiрiп, жедел жәрдем келгенге дейiн алғашқы көмек ретiнде жасанды демалу процедурасын жасайды.


    1. Қорытынды

Осы дипломдық жұмысты қорыта келгенде кез келген өнім өндіргенде оның сапасы адам өміріне тікелей байланысты екендігін айтып өтсем артық болмайды. Себебі, адам өнім болсын, қызмет көрсету түрі болсын олармен күнделікті кездесіп отырады. Сондықтан бірінші ет және ет өнімдерін күнделікті пайдаланады. Ет өте құнды, тағамдық биологиялық құндылығы жоғары тағамның бірі болып табылады. Сонымен қатар оның сапасы төмен болса, адам өмірі мен ден саулығына едәуір қауіп төндіреді.


Менің дипломдық жұмысымның мақсаты ет және ет өнімдерінің сапасына, өндірісіне қойылатын талаптарды ескере отырып өнімдердің сапасын зерттеу болып табылады.
Жоғары сапалы өнім шығаруға міндетті шарттың бірі болып шикізатты дұрыс таңдау мен өндірістің технологиялық процесін қатаң сақтау, санитарлық гигиеналық шаралар мен ережелерді сақтау, химиялық қоспаларды дұрыс пайдаланып, шамадан тыс қоспау болып табылады. Ет шикізатының бір ғана қасиеті бірнеше сапа көрсеткішіне әсерін тигізу мүмкін. Ет және ет өнімдері тез бұзылатын өнімдер қатарына жатуына байланысты, адам өміріне қауып төндіретін өнімнің бірі болып табылады. Сондықтанда ет және ет өнімдерін міндетті сертификаттауға жатады.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өнімдерін сапалы өндіріп, оны халық мүддесіне жарату, адам өміріне және қоршаған ортаға зиянсыз болуын қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет