Сынау әдістерін бекітетін НҚ
1.Улы элементтер
|
Қорғасын
|
0.5 мг/кг
|
Табылмады
|
ГОСТ 26927, ГОСТ 26930, ГОСТ 26932, ГОСТ 26933,
СанЕжН 4.01.047.03
|
Мышьяк
|
0.1 мг/кг
|
Табылмады
|
Кадмий
|
0.005 мг/кг
|
Табылмады
|
Сынап
|
0.003 мг/кг
|
Табылмады
|
2. Радионуклидттер:
|
Цезий – 137
|
180 Бк/кг
|
Табылмады
|
Стронций – 90
|
80 Бк/кг
|
Табылмады
|
3.Микробиологиялық көрсеткіштер
|
КМАФАнМ КОЕ
|
1 грамда 1х10 көп емес
|
4.2х10
|
ИСО 3822-79, ИСО 3665-75, ИСО 7218-96, СанЕжН 4.01.047.03
|
Патогенді салмонеллалар
|
25 грамда жіберілмейді
|
Табылмады
|
Сынау жұмыстары бойынша органолептикалық микробиологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері нормалық құжаттар ережелеріне сәйкес.
4. Экономикалық тиімділігі
Сиыр еті негізінен шикізат ретінде ет өнімдерін өндіруде қолданы -
лады. Сондықтан сиыр етінен өндірілген жартылай ысталған шұжықтын экономикалық тиімділігін ұсынып отырмын.
300 кг жартылай ысталған шұжық өндіру. Ассортиментті жоғарғы сортты Полтавская шұжығының рецепті.Сиыр еті І сорт – 30 кг, орташа майлы шошқа еті 30 кг, ұзындығы 25-30 мм, ені 5-6 мм етін кесілген шошқа төс етін – 40 кг.
Бұған қосылатын хош иісті қоспалар 100 кг етіне есептелетін: қант – 135 г, қара бұрыш – 90г, қызыл бұрыш – 75 г, сарымсақ – 100г. Сонымен 100 кг етке 400 г қоспа қосамыз. Енді біз 300 кг жартылай ысталған шұжық алу үшін берілген етті 3 есе көбейтіп аламыз.
Керек шикізат және дәм кіргізетін қоспалар.
90 кг І сортты сиыр еті – 350 т*90кг=31500 теңге.
Орташа майлы шошқа еті – 450т*90кг=40500 теңге.
Шошқа төс еті – 400т*120кг=48000теңге.
Қант – 70т(1 кг)*0,4кг=28 теңге.
Қара бұрыш – 100 теңге.
Қызыл бұрыш – 100 теңге.
Сарымсақ – 50 теңге.
10 жұмысшы әрдір күніне 500 теңге – 5000 теңге.
Электр энергиясы – 2500 теңге.
Салық және басқа шығындар 1 айлық табыстың 5%-тін құрайды немесе 7500 теңге.
Жалпы шығын 31500+40500+48000+300+5000+2500+7500=135300.
Шұжықтың сатылатын бағасы 1 кг=500 теңге.
300кг*500т=150000 теңге.
Таза пайда=жалпы табыс – шығын =150000 -135300=14700 теңге І сменада.
Енді оны 30 күнге немесе 1 айға есептесек
135300*30=4059000-30 күнге есептеген жалпы шығын
150000*30=4500000-30 күнге есептеген жалпы
Табыс
4500000-4059000=-30 күнге есептеген таза пайда.
Осының ішінен жұмысшыларға жақсы істегені үшін ақшалай апемиялар және кәсіпорынның әртүрлі жағдайлары, тазалығы үшін ай сайын таза пайданың 10%-ті жұмсалып отырады.
441000 т – 100%
Х т – 10%
Х т= теңге.
Еңбек қорғау
Бұл қызмет Қазақстан Республикасында қолданылатын заңды және басқа да нормативтiк актiлерге сүйене отырып жұмыс iстеу жағдайында, жұмысшылардың жұмыс iстеу қабiлетiн, денсаулығын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жасалынатын әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастырушылық, гигиеналық және дәрiгерлiк-профилактикалық жүйе қызметтерiнiң жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Еңбектi қорғау туралы Заңы меншiк түрiне қарамай барлық субъектiлерге таратылады және жұмысшылардың құқығын белгiлеп сонымен қатар, өндiрiстерде болатын әр түрлi төтенше және қауiптi жағдайларды болдырмауға бағытталған.
Қоршаған ортаға зиянды әр түрлi заттарды шығару бұл мекемеде ГОСТ 12.1.005 және СанЕжН 4946 бойынша бақыланып отырады. Ал топырақтың өндiрiстiк қалдықтармен ластануын СанЕжН 42-128-4690 бойынша жүргiзiледi.
Еңбектi қорғау жөнiндегi ережесi жеке меншiк түрiне қарамастан еңбектi қорғау жөнiндегi қызмет өзiнше тәуелсiз қызмет болуы керек.
Еңбектi қорғау қызметiнiң құқықтық негiзi Қазақстан Республикасының Еңбектi қорғау туралы Заңында, ҚР президентiнiң жарлығы, Жоғарғы Кеңес бекiткен басқарушылық, әдiстмелiк және басқа да нормативтi-техникалық құжаттарда белгiленген.
Еңбектi қорғау қызметiнiң тәжiрибесi бар және еңбектi қорғау департаментiмен бекiтiлген мамандық деңгейiн көтеретiн бағдарламадан өткен бiлiктi адам тағайындалады. Еңбектi қорғау қызметiнiң басшылары бекiтiлген тәртiпте аймақтық еңбектi қорғау жөнiндегi басқармасында аттестациялан өтiп тұрады.
Еңбектi қорғау қызметiнiң жұмысы тек сол өндiрiстiң жұмысы тоқтатылған кезде ғана жойылады.
Еңбектi қорғау қызметiнiң мақсаттары. Еңбектi қорғау қызметiнiң мақсаттары келесiлер:
өндiрiсте жұмыс жағдайын жақсартатын және соны қамтамасыз ететiн әлеуметтiк-экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, санитарлы-гигиеналық және дәрiгерлiк-профилактикалық кешендер мен жүйелердi жобалап жасау;
ҚР Еңбектi қорғау туралы Заңында белгiленген еңбектi қорғау туралы ережелердi және техникалық қауiпсiздiк ережелерiн сақтау мақсатында жұмысшыларға бақылау жүргiзу.
Осы қызметтерге сүйене отырып өнеркәсіптерде келесi қызметтер iске асырылады:
өндiрiсте еңбектi қорғау жөнiндегi қызметтi басқару жүйелерiн өндiрiске енгiзу және оны жобалау;
еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi өндiрiстiң комиссиясының жұмысын әрқашан бақылап жұмыс iстеу қабiлетiн қамтамасыздандырып отырады;
еңбектi қорғау жөнiндегi жұмысшыларды аттестатауды жүргiзедi;
еңбектi қорғау жөнiндегi норматвтi техникалық құжаттарды дұрыс жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
қолданылып жүрген және жаңа ережелердi жобалау жөнiндегi жұмыстарды қадағалап бақылау қызметiн басқарады;
өндiрiстiң барлық бөлiмшелерiн еңбектi қорғаумен байланысты құжаттармен қамтамасыздандырылуын қадағалауды жүргiзедi;
өндiрiсте болған барлық төтенше жағдайларды зерттеп қарауды жүргiзедi;
өндiрiс бөлiмшелерiнде еңбек жағдайын жалпы талдауды жүргiзедi;
жобалық-техникалық құжаттарды қарау жұмыстарына қатысады;
Достарыңызбен бөлісу: |