«Ислам философиясы» пәні бойынша



бет8/22
Дата28.03.2024
өлшемі91.3 Kb.
#496755
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
islam filosofyasi lekcia(1)

Сәрахси. Киндидің атақты шәкірті болып табылатын Сәрахси (ө. 899 ж.) және оның өмірі туралы мәліметтер өте аз немесе жоқ десек те болады. Классикалық әдебиеттерде келтірілген мәліметтерге қарағанда шектен асқан рационалист скептик ұстанымға ие Сәрахси діни ілімге қайшы көзқарастарын ашық түрде айта беретін. Тіпті осы пікірлерін насихаттауда Аббаси халифасы – Мутазидтің сарайында да тартынбайтын. Ол пайғамбарларды көз бояушы деп есептейтін. Бирунидің берген мәліметі бойынша Сәрахси дінге деген күмәндерін тек халифа мен халыққа дәріптеумен ғана шектелмей, пікірлерін еңбектерінде де жарыққа шығарған. Бірақ, оның еңбектері бүгінге дейін жетпеген. Кейбір авторлар оны осындай пікірлеріне байланысты халифа тарапынан өлім жазасына кесілгендігін жазады.
Рази. Әбу Бәкір Мухаммад ибн Закария ар-Рази – ислам әлеміндегі ең атақты философ және ғалымдардың бірі. Медицина және химия саласында ол – ортағасырлық Батыс пен Шығыстың білікті маманы және ғылыми химияның негізін қалаушысы есептеледі. Бүгінгі химияның дүниеге келуіне дейін оның Батыс пен Шығыста идеялары құнды есептелді. Медицинадағы ең үлкен жаңалығы – скарлатина (балалардың жұқпалы тамақ ауруы) мен қызылша ауруы арасындағы айырмашылықты дәлелдеп берген. Рази еңбектерінің көпшілігі латын, иврит және басқа да батыс тілдеріне аударылған.
Рази 864 жылына таман Рей қаласында дүниеге келіп, сол қалада 925 жылы (немесе 925 жылы) дүние салды. Сол кезеңдегі ислам әлеміне саяхаттар жасап, Рей мен Бағдат ауруханаларында бас дәрігер қызметін атқарды.
Өзге де жаратылыстану ғылымдарымен қатар философия ғылымына арналған жиырмадан астам еңбек жазғаны баяндалады. Бірақ, біздің заманымызға оның бірнешесі ғана бүтіндей немесе үзінді күйінде жеткен.
Рази негізінен жаратылыстану маманы болғандықтан, оның дүниетанымы натуралистік философияға негізделеді. Міне, осы себепті философиялық және метафизикалық мәселелерге жаратылыстану ғылымдарының әдісі болып табылатын тәжірибеге арқа сүйейтін эмпирикалық, индукциялық әдістерге ол иек артады. Рази натуралистік этикалық философиямен де айналысып, Сократқа дейінгі философтарға көңіл аударды, Платонның психологиялық және этикалық ойларына, логикалық көзқарастарынан басқа Аристотельдің концептуалдық философиясына мән бермеген. Тіпті, Аристотель метафизикасы мен физикасының негізгі идеяларын сынға алып, ғылымилық деңгейден алып тастаған. Өзінің қойған принциптері бойынша мутазиланың теологиясы мен метафизикасын сынға алған.

2. Метафизикалық философия




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет