«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»



бет14/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері

Қортынды сабақ

Сабақтың жоспары: 1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған кезеңдегі қазақ халқының діни-рухани әлеуеті
2. Қазақстан Респуликасында «Діни снім бостандығына» байланысты заңның қабылдануы және шетелдік діни ағымдардың рухани экспасиясының басталуы1
3. Исламдық ағымдардың қазақтың дәстүрлі танымына қарсы әрекеттері және қазақ халқында сенім негіздеріне қарай жіктелушіліктің басталуы
Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы да біраз жылдың жүзі болды. Құдайға шүкір, еліміз жыл санап нығайып, әлемдік қауымдастықта өз орнын белгілеп те алды. Оған біреулер қызыға қараса, енді біреулер қызғана қарап жүр. Тәуелсіздікпен бірге келген демократияландыру мен деидеологизация ағымдардың келуіне жол ашты. Олардың түпкі мақсатынан хабарсыз жас буын көзсіз көбелектей, сол діни ағымдардың шырмауына түсті. Осыдан екі-үш жыл бұрынғы баспасөз беттерінде, исламдық емес діни ағымдар шырмауына 500 мыңнан аса қазақ жастары түсті деген деректер жарияланған болатын. Ал, ислам атын жамылып келген уаххабийа, "хизб ат-тахрир", «таблиғи жамағат», «ахмадийа» сияқты т. б. ағымдардың соңына ергендер қаншама. Қазіргі күні Қазақ мемлекетінің мемлекеттік тұтастығына басты қауіп осы ағымдар әрекетінен туындап отыр. Қазақ халқының ғасырлар бойына қалыптасқан діни-рухани көзқарасы мен мәдени мұралары осы ағымдар тарапынан аяусыз соққы көруде. Еліміздегі діни басылымдардың барлығы дерлік осы ағымдар қолында және ол басылымдар беттеріндегі қазақ халқының рухани дүниесіне шабуыл қауіпті шектен асып кетті. Олар бүкіл түркі дүниесі пір тұтқан, түркі тілі мен мәдениетін жойылып кетуден, ислам дінін қабылдаған түркі халықтарының тарих сахнасында қалуына себепкер болған, ислам діні мен түркі халықтарының рухани-мәдени мұраларын, салт-дәстүрін жігін білдірмей өріп, біртұтас діни-рухани көзқарасқа айналдырған Қожа Ахмет Йасауи сынды Ұлы ғұламаны "ақыл-ойдың азғынына айналдырды". Кезінде ислам дүниесінде мойындалып, ислам тарихынан ойып орын алған Йасауи жолы-йасауийа тариқаты халықты тек азғындыққа бастар жол ретінде сипатталды. Қазақ халқының рухани-мәдени мұраларының осы Йасауи жолынан тыс өмір сүруі мүмкін еместігі де ескерілмеді. Басқаша айтқанда, тек Йасауиге емес, бүкіл қазақ халқының өткеніне қара күйе жағылды. Уаххабийа және т. б. діни ағымдардың мұндай әрекеттері нәтижесіз де емес. Қазіргі күні қазақ халқы өздерінің діни көзқарастарына қарай әртүрлі топқа жіктеле бастады. Өйткені, қазіргі күні Елімізде жүріп жатқан рухани процестер Қазақ халқы өзінің жүріп өткен рухани тарихынан хабарсыз екендігін көрсетіп берді. Ал, рухани дүниесін малынан да, жанынан да артық санаған «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қазақ сияқты халық үшін бұл аса қауіпті процесс екені айтпаса да түсінікті. Өкінішке орай, жетпіс жылдық атеистік тәрбие халқымызды діннен хабарсыз еткені, ақ пен қараны ажыратуға шамасын келтірмей қойғаны да шындық. Осыны пайдаланған шет елдік діндарлар елімізге, исламнан тыс ағымдарды қоспағанның өзінде, әртүрі бағыттағы ислам ағымдарын әкелгенін көзіміз көріп отыр. Аузында Алласы, қолында Құраны болғансын алғашында оларды қазақтың құшақ жая қарсы алғаны да рас. Бүгін сол ағымдар қазақ халқы үшін аса қауіпті факторға айналып отырғанына бәріміз куәміз. Бұл қалыптасқан жағдайдың елді ертеңгі күні қанды қырғынға ұшыратары, олай болмаған күнде қазақты өзінің рухани, мәдени дербестігінен айырып, әртүрлі этникалық топқа жіктері анық. Өйткені, сырттан келген діни ағымдар қазақ халқының рухани дүниесі мен мәдени мұрасын ертеңгі күні қажет етпейді. Қажетсіз, зиянды дүние ретінде сыртқа теуіп, қолданыстан шығарып тастайды. Оны қазір сырттан дін үйреніп келген «әсіре мұсылман» молдалар мен діни оқымыстылар мысалынан көріп жүрміз. Оның орнына өздеріне ыңғайлы, қазақ үшін жат мәдениет пен дәстүрді қалыптастырады. Басқаша айтқанда, қазақ халқы ешқандай соғыссыз, қантөгіссіз тарих сахнасынан кетеді. Егерде бүгінгі күні қазақ халқы ес жиып, етегін жаппаса, өзінің рухани, мәдени дербестігін сақтап қалмаса, тарихтың солай үкім шығарарына менің иманым кәміл. Өйткені, біз мұндай қателікті тарихта бірнеше рет қайталаған халықпыз. Ол бізді, майдан даласында ешкімге дес бермеген түркі деген халықты, сүттей ірітіп, бір-бірімізбен қырқыстырып, әр түрі этникалық топтарға жіктеп, мемлекетігімізден, тәуелсіздігімізден айырған тарихымыздағы аса қасіретті процесс болып еді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет