«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»



бет15/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері

Алғы сөз орнына

Қазақ халқының сан ғасырлық қалыптасу тарихында діннің шешуші роль ойнағандығында бүгінгі күні ешкімнің күмәні болмаса керек. Бұның солай болғандығын қазіргі күні елімізде жүріп жатқан діни-рухани саладағы үдерістер діннің кез-келген халықтың рухани, мәдени болмысы мен әдет-ғұрып салт-дәстүрін қалыптастыруда шешуіші ықпалы бар күрделі құбылыс екендігін көрсетіп отыр. Қазіргі күні өзге діни ағым соңына ерген жастардың діни дүниетанымында, рухани-мәдени болмысында күрделі өзгерістердің болғандығына көз жеткізу қиын шаруа емес. Жат діни ағым соңына ерген жеткіншек діни танымы өзгерген соң, қазақ халқының сан ғасыр бойы рухани-мәдени болмысымен сабақтаса қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жоққа шығарып, өзінің жаңа қабылдаған діни танымына сай келетін салт-дәстүрмен өмір сүріп жатқанына көбіміз куә болып жүрміз. Өзге христиандық, буддалық ағымдарды айтпай-ақ, Ислам діні атын жамылып келген уаххабилік, салафилік бағыт соңына ергендер қазақтың бар рухани, мәдени дәстүрлерін жоққа шығарып отыр. Қазақтың беташар, сәлем салу, әруақтарға арнап дұға жасау т.б. қаншама дәстүрлері Исламға жат, мәжусилік дәстүрлер ретінде мансұқталуда. Ал, бұларға тосқауыл қойып, халықты тура жолдан адастырмауға тиісті мешіт имамдарының өзі қазақтың дәстүрлі діни танымы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүріне ашық қарсы шықпағанымен, бұлардың исламға жат дәстүр екендігін дәлелдеп жүрген жайы бар. Сондықтан да бұл мәселелерге жауап беріп, қазақ халқының дәстүрлі дінінің қайсы екендігін анықтап, оның қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен сабақтастық мәселесіне талдау жасап, халыққа айқындап беру қажеттігі туып отыр. Олай болмаған жағдайда, мына жүріп жатқан діни үдерістің ертеңгі күні халықты мүлде басқа арнаға бұрып, басқа мәдениетті қалыптастыратыны, сан ғасырлық рухани, мәдени болмысынан ажыратып, тарих сахнасынан мүлде басқа халық шығаратыны айқындала бастады. Сол қасіретті болдырмау үшін халықтың төл діні мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің шығу негіздеріне қысқаша талдау жасалған мына кітапша назарларыңызға ұсынылып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет