«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»



бет13/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері

Бақылау сұрақтары: 1. Өзбек ұлысы мен Қазақ хандығының түркілерде діни-рухани танымның өзегі болған Йасауи жолына неліктен қарсы шыты?
2. «Қасым ханның қасқа жолы» қандай діни-идеологиялық негізде қабылданды?
3. «Есім ханның ескі жолы» заңының қабылдануымен қазақтар арасында қандай үдерістер болды?
4. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңы қазақ мемлекеттік жүйесіне қандай өзгерістер әкелді?
5. Түркі мемлекеттік жүйесінің іргетасы болған рулық-тайпалық жүйелер мен жүздік құрылымдар неліктен мемлекетті ішкі тұтастығына қауіп төндщіретін факторға айналды?

Отарлық дәуірдегі қазақ мәдениеті

Сабақтың жоспары: 1. Ресей пашалығының қазақтарды діни-идеологиялық тұрғыдан жауламақ болған әрекеті және ол саясатқа қазақ зиялыларының жауабы
2. Жыраулар мен зар-заман ақындарының, Сыр сүлейлерінің дәстүрлі қазақ мәдениетін сақтап қалу жолындағы күресі
3. Кеңес өкіметі тұсындағы қазақ мәдениеті. Атеистік идеологияның қазақтың дәстүрлі діни танымына берген соққысы. Қазақ ақын-жазушыларының қазақ рухын тірілту жолындағы әрекеттері.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының мемлекеттігі күйрегеннен ейігі қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті қандай сындардан өткенін, қазақ зиялыларының қазақ мәдениетін қоғау жолындағы жанқиярлық еңбегін көрсету болып табылады.
Қысқаша теориялық материал. Абылай хан қайтыс болған соң қазақ мемлекеті өздігінен ыдырап, солтүстігі ресей империясына, Оңтүстігі Қоқан хандығының қоластына, батыс бөлігі Хиуа хандығының қоластына өтуге мәжбүр болды. Бұл мемлекеттердің барлығы дерлік қазақтарға өздерінің діни-идеологиялық ықпалын өткізуге күш салды. Ресей империясы қазақ даласын діни-идеологиялық тұрғыдан игеру мақсатында орынбор қаласыннан арнайы Діни басқарма ашып, діни қызметкерлерді өздері дайындап, қазақ арасына жіберуді қолға алды. Ондағы мақсат – қазақтың дәстүрлі діни танымынан ажаратып, Ресей отаршылдығына ыңғайлы діни танымды қалыптаструды қолға алды. Ресей тарапынан жіберілген молдалар «заказной молдалар» деп аталды. Олай деп аталуы, оларды ауылдар ақша төлеп үкіметтен сатып алуы тиіс болды. Олардан өзгелерге діни жоралғыларды атқаруға тыйым салынды. Ол молдалардың алдына қазақ халқының діни сеніміне селкеу түсіріп, қазақтарды дәстүрлі діни танымынан алшақтату мақсаты қойылды. Алғаш рет қазақ арасында «заказной молдалардың» келуімен қазақ арасында ажырасу фактілері кездесе бастады. Кей ауылдар «заказной молдаларды» таяқтап қуып шықты. Қазақтың зиялылары мұндай діннің қазақ танымына сай келмейтінін айтып, өздерін Орынбордағы діни басқармадан бөлуін талап етті. Олар «қазақтың әдет жолыг қайтарылсын»- деген талап қойды. XIX ғасыр соңында қазақтардың өтініші қабыл болып, Орынбор Дін басқармасы құрамынан шығарылды. Енді Ресей империясы осы жағадйды пайдаланып, қазақтарды шоқындыруды қолға алды. Бұл жолы да қазақ зиялылары халық атынан қол жинап, қазақ даласына православие дінін таратуға қарсы шықты.
Ал, ақын-жыраулар болса, ел аралап жүріп, қазақтың дәстүрлі діні мен мәдениетін сақтап қалу жолына бар күштерін салды. Маңғыстау жыраулары, сыр сүлейлері, зар-заман ақындарының мақсаты қазақтың дәстүрлі мәдениетін сақтау болды. Ал Абай, Шәкәрім, Майлықожа, Шәді төре сияқты ақындар қазақтың рухани дүниесін қағазға түсіріп, қазақтың діни-танымының өшпеуін үшін қызмет етті.
Кеңес өкіметі тұсында атеистік тәрбие қазақ халқының дәстүрлі діні мен мәдениетіне қарсы берілген басты соққы болды. Бұл саясат қазақ халқының белілі бөлігі өзінің дәстүрлі мәдениетінен ажырады, орыстану үдерісін басынан кешірді. Толық орыстанбаған халықтың көпшілігі өзінің дәстүрлі дінінен хабарсыз қалды.
Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ даласын діни-идеологиялық тұрғыдан игеру үшін Ресей патшалығы қандай саясат қолданды?
2. Қазақ халқының дәстүрлі діни атнымы мен мәдениетін сақтап қалу жолында қазақ зиялылары қандай қарсы шаралар жасады?
3. Қазақ ақын-жырауларының қазақтың дәстүрлі мәдениетін сақтап қалу жолындағы әрекеттерінің нәтижесі қалай болды?
Кеңес өкіметі қазақтың дәтүрлі діни танымы мен мәдениетіне қарсы қандай саясат жүргізді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет