«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»


Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің киелілік сипаты



бет3/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің киелілік сипаты
Сабақтың жоспары: 1. Салт-дәстүр сөзінің түпкі мағынасына талдау
2. Әдет-ғұрып сөзінің түпкі мағынасына талдау.
3. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің діни таныммен байланысы және олардың киелілік сипаты
Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа анықтама бермес бұрын бұл сөздердің шығу тегіне қысқаша тоқталып, бұл сөздердің түпкі мәні нені білдіретінін анықтап алғанымыз жөн.
Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.
Әдеп-ғұрып дегеніміз - белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің бір түрі. Ол әлеуметтік өмірдің әртүрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайда адамдардың біркелкі әрекет етуін қалайды. Әдет-ғұрып рәсім арқылы көрсетілетін әрекет, қимыл. Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуын «әдет-ғұрып» деп атаймыз, ол оның біржолата өмір заңдылығына айналуы «салт-дәстүр» деп аталады.
Әдет (араб тілінде - ﻋﺎﺩﺓ,ٌﻋﺎﺩاتٌ) – адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі, «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деуі әдеттің тұрақты қажеттілікке айналғанын көрсетеді. Әдеттің ұнамды ұнамсыз түрлері болады. Жақсы әдетадамдардың күш-жігерін пайдалы істерге арнауына, уақытын үнемдеп негізгі ісін тындыруына көмектеседі. Жаман әдетқауымның (отбасының, еңбек ұжымының т.б.) берекесін алып, оғаш қылығымен өзінің де ортадағы қадір-қасиетін төмендетеді. Әдеттің негізгі қалыптасатын кезеңі – балалық шақ. Осы кезеңдегі кез-келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиет кейде ұнамсыз әдеттердің қалыптасуына себепші болады.
Ғұрып (араб тілінде –ﻏﺮﻑ - салт, дәстүр) – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы.
Дәстүр – бұл ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын және ұзақ уақыт мерзімде белгілі бір қоғамдарда және әлеуметтік топтарда сақталынатын әлеуметтік және мәдени мұраның элементтері» дей келе, ағылшынның «Tradіtіon» сөзін аударғанда бірнеше мағыналарды береді - дәстүр, ескі салт; аңыз-әңгіме; ауызша ақпарат немесе мәлімет тарату.
Қазақ мәдениетін зерттеушілердің бірі К.Ахметжанова: «Дәстүр – бұл белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Дәстүр қоғамды басқару жүйесін, әлеуметтік қарым-қатынас формаларын, шаруашылықты жүргізу тәсілдерін, оларды ұрпақтан ұрпаққа қалдыру үрдістері мен тәсілдерін қамтиды» -дейді.
Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Сеййид Хусейн Наср атты түркі ғалымы: «Дәстүр» сөзі уаһи жолымен адамдарға білдірілген қасиетті, әрі осы иләһи хабарлардың адамзат тарихы бойынша тоқтамастан ашыла беруі мағынасында қолданылады. Дәстүр - Иләһи хабар, әрі Негізге жақындататын үздіксіздік мағынада дей келе Аллаға ғашықтық ақиқатына жалғаған тұп-тура байланыс құралы ретінде сипаттайды. Сөйтіп ол ойын ары қарай былайша тұжырымдайды: «Дәстүр дінді және оның заңдылықтарын қамтыған» дейді. Ал Дін болса, қалыптасқан дәстүрге айналған Сүннет болып табылады және сопылықтағыдай дәстүрлі өмірдегі ой толғанымдары мен өмірдің әр дәуірін, әр кезеңін және әр ғасырын Негізге жалғайтын шынжыр, тізбек яғни Силсала. Осы себептер арқылы дәстүрдің тамыры Иләһтан келген уаһида орналасқан. Бұтақтары мен өзегі ғасырлар бойы дамыған алып бір бәйтерекке ұқсатуға болады. Дәстүр ағашының негізінде дін, оның негізінде ағаштың өмір сүруін қамтамсыз ететін уаһидан нәр алып тұрған берекет орналасқан. Дәстүр, киелілік, басы және соңы ақиқаттары: таусылмайтын хикметі мен ақиқаттың ауыспас принциптерін әртүрлі уақыт пен мекен шарттарында әрқашанда іске асып отырады.» Бұл дәстүрдің пайда болуы жайдан жай емес, Жаратушының әр халыққа белгілеп берген өмір сүру жолын белгілеген қағидалар жүйесі екендігінен хабар береді.
«Салт» сөзін қазақша мағынасына келер болсақ, қатты, қатты болу, берік болу, төзімді болу дегенді білдіреді. Егерде осы талдауларға сүйенер болсақ, онда «салт-дәстүр» ұғымының мағынасы – айнымайтын, берік қоғамның тұтастығы үшін жаратушы тарапынан жіберілген қағидалар жүйесі дегенді білдіеді.
Араб тілінің сөздіктерінде: «Әдет деген сөз араб тілінде - ﻋﺎﺩﺓ,ٌﻋﺎﺩاتٌ) дәстүр, қарапайымдылық, әдет, бір істі немесе әрекетті қайталау. Бұл сөздің негізгі түбірі «ғада» - ﻋﺎﺩﺍ - қайта оралу, өз қалпына келу деген мағыналарға саяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет