«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»


Көне түрік дәуірінен қалған рухани, мәдени және материалдық мәдениет үлгілері және олардың қазақ мәдениетімен сабақтастығы



бет7/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері

Көне түрік дәуірінен қалған рухани, мәдени және материалдық мәдениет үлгілері және олардың қазақ мәдениетімен сабақтастығы

Сабақтың жоспары: 1. Қазақ жері түркілердің Ата жұрты
2. «Есік» қорғанынан табылған тостағандағы жазу қүпиясы
3. Қаңлы мемлекеті тарихына қатысты тың деректер және оның маңызы
Көне түркі дәуірінен қалған материалдық ескерткіштер түркілердің ата-бабаларында дамыған мәдениеттің болғанын көрсетеді. Сақ дәуірінен қалған ескерткіштер табылып жатқан материалдық мәдениет үлгілері түркілердің арғы ата-бабаларының өз дәуірінің озық мәдениетіне қол жеткізген халық болғандығына көз жеткізе алады. Мысалы, есік қорғанынан табылған күміс тостағанда жазылған жазудың қайта оқылуы бұл ескерткіштің түркілерге тікелей қатысы барлығы толық дәлелдеді. Ол тостағандағы жазуда «очоқ, чебріш, ызтуғ тайпаларының көсемі Шу қағанның өсиет сөздері жазылған болып шығып отыр. Ал, жоғарыда аттары аталған тайпалардың қазіргі ошақты, шапырашты, ысты тайпалары екндігі дау тудырмайды. Ал, осы үш тайпаның көсемі Шу қаған болса, атақты А.Македонскийдің Орталық Азияға шабуылын тоқтатқандығы тарихтан белгілі. Олай болса, сақ деген атауға ие болған халдық түріктердің арғы бабасы болып шығады. Оның қазіргі күннің өзінде ошақты, шапырашты, ысты тайпаларының ата-бабаларының ата қонысында отыруыф да көп нәрсені аңғартса керек.
Ал, Арыс өзені бойынан «Күлтөбе» қалашығынан табылған жазу да көне түркі ескерткіштеріне жататыны бүгінгі күні дәлелденіп отыр. Ол тақтайшаларда «Бес Қаңлы мемлекеті» туралы жазылғандығы белгілі болды. Олай болса, түркілер ешқайдан ауып келген халық емес, өзінің ата-бабасының жерінде отырған халық болғандығын көрсетеді. Осы күнге дейінгі жазылған тарихта бұл жерлердің индоевропалықтардың жері екендігі айтылып келген болса, ендібұл жерлердің түркілердің ата қонысы деп толық айта аламыз.
Бақылау сұрақтары: 1. Қазщіргі қазақ жері осы күнге дейінгі ғылыми концепсияларда қазіргі қазақ жерінң ежелгі халықтары кімдер деп аталып келді?
2. «Есік» қорғанынан табылған жазудың қайта оқылуы тарихи санаға қандай өзгерістер әкелді?
3. «Есік» қорғанынан табылған күміс тостағандағы жазуда қай тайпалардың аты бар және ол сол дәуірде қалай деп аталды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет