«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»


«Ғұрып» сөзі негізінен арабтың «ғарафа»



бет4/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері

«Ғұрып» сөзі негізінен арабтың «ғарафа» деген сөзінен шығады. Араб тілінде –ﻏﺮﻑ білу, тану, қабылдау, өте жақсы білу, тану т.б.
Сонымен «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып» деген сөздер түгелдей дерлік діни сөздер. Қазақ халқына араб тілінен еніп, төл сөзімізге айналған. Бұл сөздер халқымыз тұтастай Ислам дінін қабылдаған тұстан бастап қолданысқа енген кірме сөздер.
«Мәдениет» (маданийат) - сөзінің этимологиялық төркіні арабша қала, қоғам, қауымдасу т.с.с. мағыналарды білдіреді. Мәдениет пен дін сөздері бір түбірден (дана/йадину етістігінен) шыққан. Дін арапша - дин, сөздік мағынасында жол, сенім, үкім, қағида т.с.с. мағыналарды білдіреді. Мәдениет қала, қауымды білдіретін «...Тәңір тарапынан белгіленген «жолы», этикалық, әлеуметтік, экономикалық және діни құлшылық ету қағидалары мен сенімдік жүйеге негізделген, Тәңірмен байланыс құруға арналған табыну орны (мешіт, шіркеу, синагога т.с.с.) бар қауымның тіршілік әдісін, тұрағын анықтайтын ұғым (термин). «Маданийат» ұғымы кейіннен уақыт ішінде қала, қалалық, отырықшы т.с.с. сипатқа ие болып, латын тіліндегі «культура» ұғымымен тең мағынаға ие болған.»
Ал «әдет-ғұрып» – адам өзінің негізіне қайта оралу үшін жасаған әрбір іс-әрекетін дұрыс деп тану, білу, қабылдау. «Дұрыс» деп тапқан іс-әрекетті өз өмірінде үздіксіз қайталап отыру. Осы жерде адамдар өз іс-әрекетінің дұрыстығын немен өлшейді? деген сұрақ туады. Қай-кезде де болмасын адамзат баласы Жаратушы тарапынан келген діни үкімдер мен діни әмірлерін негізгі бастау ретінде алып отырған. Құдай тарапынан берілген әмірлер мен үкімдер қашанда міндетті заңдық құқыққа ие негізгі қайнар болғаны белгілі.
Егерде қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт дәстүрі негізінде Құдайлық негіз болса, онда, олардың барлығының киелілік сипаты бар жүйе. Демек, қазақ халықының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы қазақ халықының діні мен діни танымымен тығыз байланыста болып, қазақ халқының дәстүрлі діни танымының негізі болған Қожа Ахмет Йасауи негізін салған сопылық жолы негізінде қалыптасып,киелілік сипатқа иеболды. Оның үстіне мың жыл бойы исламда дұрыс деп қабылданған «Ахл ал сунна уа-л жама‘ның» құрамындағы ханафи мазхабының құрамдас бөлігі болып табылады. Әрине, Йасауи жолының өзіндік ерекшелігі бар. Алайда, бұл ерекшеліктер исламға қайшы келмейді. Сопылық тариқаттар – Аллаға баратын жолдар деген мағынаны білдіреді. Әркім ол жолдар ішінен өзінің мүмкіндігі мен уақытына қарай таңдайды. Йасауи жолы – түркінің рухани, мәдени ерекшеліктерін ескере отырып жасалған, оның рухани қажеттіліктерін толық қамтитын Аллаға ұластыратын жол. Қазірге дейінгі қазақ халқының дәстүрлі діни танымы осы Йасауи жолы негізінде қалыптасып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің, жалпы мәдениетінің өзіндік қайталанбас ерекшеліктерін қалыптастыруға негіз болды. Басқаша айтқанда, Йасауи жолы ислам дінінің түркілер арасындағы өмір сүру формасы еді. Түркі баласы үшін Йасауи жолынан тыс Исламда жол қалмады. Бұл жолдың шеңберінен шығу түркі мәдениетінен қол үзу дегенді білдіретін. Йасауи жолында түркілердің тек рухани, мәдени болмысы емес, мемлекеттік жүйесі де осы жолмен бірлікте қалыптасты. Мысалы, некелік қатынастағы жеті атаға дейін қыз алыспау мәселесі біріншіден, қан тазалығын сақтауға мүмкіндік берсе, екіншіден, түркілік мемлекеттік жүйенің негізін құрайтын рулық, тайпалық жүйенің сақталуының кепілі еді. Некелік қатынасқа мұндай қатаң талап Йасауи жолынан өзге бірде-бір тариқатта жоқ. Өйткені, рулық, тайпалық жүйе мемлекеттіктің тірегі ретінде тек түркі мемлекеттігінде ғана бар. Ол жүйені сақтау - түркі мемлекеттігінің негізін сақтау. Бұл түркі халықтарының тек рухани, мәдени болмысы емес, мемлекеттік жүйесі де Йасауи жолы негізінде қалыптасқандығын білдіреді. Ортағасырларда Йасауи жолынан шегіну Алтын Орда, Өзбек ұлысы сияқты мемлекеттердің ыдырауына әкелсе, Қазақ хандығының күйреуі де Йасауи жолынан шегінуге байланысты болды. Бүгінгі күні қазақ халқының дәстүрлі діни танымының негізін құрайтын Йасауи жолына жасалып жатқан шабуыл ертеңгі күні қазақ халқының толығымен тарих сахнасынан кетіруге ықпал етері хақ.
Бүгінгі күні «әсіре исламшылдар» Йасауиге, Йасауи жолына, осы жолдың өзіндік діни жол-жоралғыларына: атап айтқанда, әулиелерге зиарат ету, әруақтарға арнап ас бару, зікір ғибадаты сияқтыларға шабуылдаумен шектеліп отырған жоқ. Йасауи жолы негізінде қалыптасқан бүкіл әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қарсы шабуылды бастады. Халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері халықтың діни танымының материалданған көрінісі, символдары. Халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін өзгерту діни таным негіздерін, киелі саналған бүкіл символдарын жояды. Бұл халықты діни танымымен қоса, рухани, мәдени болмысынан толық ажыратуға әкеледі. Басқаша айтқанда, қазақ халқын тамырымен қопарып, тарих сахнасынан кетіреді. Қазіргі күні осыдан бары-жоғы 20-30 жыл бұрынғы әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің көпшілігінің халық санасынан өшкенінің куәсі болып отырмыз. Олардың ешбірі шариғат талаптарына қайшы келмейтін және қазақ халқының табиғи-географиялық ерекшеліктеріне негізделген болатын. Енді сол ерекшеліктердің біріне тоқталып өтелік. Солардың бірі – қазақта кісі қайтыс болса, қазан көтеріліп, тамақ пісіріледі. Өйткені, қазақ әлі күнге өз ағайын-туысынан ажырамаған, қоғамдасып өмір сүріп келе жатқан халық. Кісі қайтқан үй бар ауыртпалықты жеке көтермейді. Ағайын, туыс, жекжат болып, бірлесіп көтереді. Адам баласы үшін өлімнен ауыр салмақ жоқ. Ағайын, туыстың, жекжаттың кісісі қайтыс болған үйде болуы – сол үйге өлім әкелген ауырпалықты бірлесіп көтеруге, кісінен айрылған отбасының көңілін аулап, тағдырға мойынұсыну қажеттігін сезіндіреді. Ал ол үйдегі қонақтың ішіп-жемі алғашында сол үйден болуы мүмкін. Алайда, ертеңгі күні ағайын, туысы бұл шығынның орнын толтырады. Жоқ-жітік болса, ондай кісіні жөнелтуді ағайын, туыстары мен ауыл-аймағы бірлесіп көтереді. Бұл халықтың ұзақ ғасырлар бойына жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі.
Бақылау сұрақтары: 1. Салт-дәстүр сөзінің түпі мағынасын қалай түсінесің?
2. Әдет-Ғұрып сөзінің мағынасы қандай?
3. Қазақтың мәдени дәстүрлерінің негізінде қайсы сопылық жол жа тыр?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет