«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»



бет10/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері

Бақылау сұрақтары: 1. Дінін өзгерткен халықтар мәдениеті қандай өзгерістерге ұшырауы мүмкін?
2. Түркілердің ислам дінін қабылдауы түркі мәдениетіндегі қандай өзгерістерге себеп болды?
3. Ислам дінінің келуімен түркілердегі қоғамдық қатынастардың өзгеруі қандай өзгерістерге себеп болды?
Қожа Ахмет Йасауи және түркі мәдениетінің қайта жаңғыруы

Сабақтың жоспары: 1. Сопылық ілімнің қалыптасуы кезеңдері
2. Қожа Ахмет Йасауи мен Йасауи жолының дүниеге келуі
3. Йасауи жолының қалыптасуымен түркі мәдениетінің қайта жаңғыруы
Сопылық тариқаттар – Аллаға баратын жолдар деген мағынаны білдіреді. Әркім ол жолдар ішінен өзінің мүмкіндігі мен уақытына қарай таңдайды. Йасауи жолы – түркінің рухани, мәдени ерекшеліктерін ескере отырып жасалған, оның рухани қажеттіліктерін толық қамтитын Аллаға ұластыратын жол. Қазірге дейінгі қазақ халқының дәстүрлі діни танымы осы Йасауи жолы негізінде қалыптасып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің, жалпы мәдениетінің өзіндік қайталанбас ерекшеліктерін қалыптастыруға негіз болды. Басқаша айтқанда, Йасауи жолы ислам дінінің түркілер арасындағы өмір сүру формасы еді. Түркі баласы үшін Йасауи жолынан тыс Исламда жол қалмады. Бұл жолдың шеңберінен шығу түркі мәдениетінен қол үзу дегенді білдіретін. Йасауи жолында түркілердің тек рухани, мәдени болмысы емес, мемлекеттік жүйесі де осы жолмен бірлікте қалыптасты.
Бақылау сұрақтары: 1. Сопылық ілімнің қалыптасып, тариқат дәрежесіне көтерілуіне қандай факторлар ықпал етті?
2. Қожа Ахмет Йасауи негізін салған сопылық жолдың түркілік бағытының қалыптасуы ислам әлеміндегі қандай түбегейлі өзгерістерге себеп болды?
3. Йасауи жолының қалыптасуымен түркілердің діни танымы қандай өзгерістерге ұшырады?
4. Йасауи жолының түркілердегі халықтарының рухани-мәдени болмысындағы орны қандай?

Жошы ұлысындағы діни-саяси реформалар және Йасауи жолының түркі халықтарының ортақ мәдениетін қалыптастырудағы рөлі.

Сабақтың жоспары: 1. Жошы ұлысының халықтарының рухани тұтастығын қалыптастырудың қажеттігі
2. Йасауийа шайхтарының Жошы ұлысында йасауийа тариқатын мемлекеттікң идеология дәрежесіне көтеруі
3. Мемлекеттің құрылымдық жүйесі мен халықтың рухани-мәдени болмысындағы түбегейлі өзгерістер. Рухани билік пен саяси биліктің киелілік сипатының қалыптасуы
Жошы ұлысында йасауийа тариқатының мемлекеттік идеология болып қалыптасуы ислам тарихында бұрын болмаған, Құран аяттары мен Пайғамбар хадистеріне барынша жақындатылған билік жүйесін қалыптастырды. Осы кезеңде Мұхаммед Пайғамбар мен оның серіктерінен кейінгі ислам тарихында алғаш рет саяси билік пен рухани билік арасында теңдік дәрежесі қойылған, біріне-бірі мойын ұсынатын, биліктің екі жүйесі де аттап кете алмайтын ортақ төреші - шариғат билік құрған дәуір дүниеге келді. Ханы да, қарасы да, биі де, байы да шариғатқа бағынған билік жүйесі құрылды. Осы кезге дейін қалыптасқан билік жүйесі толығымен өзгерді. Хан сайлауына, өзге де күрделі мәселелерге қатысты шақырылатын Жошы әулетінің құрылтайы өз қызметін тоқтатты. Хан жеке заңды билік иесі ретінде тақ мұрагерін өзі тағайындайтын болды.
Осы кезеңде Алтын Ордадағы биліктің киелілігі туралы, ол биліктің тек Шыңғыс хан әулетіне тиесілігі туралы түсінік қалыптастырылып, ол түсінік ислам дінінің билік туралы талаптарымен сәйкестендіріліп, тарихи тұрғыдан көне түркілік билік жүйесімен байланыстырылды. Исламда Жаратушының жердегі билігін жүргізуші билік иесіне бағынудың өзі киелі, діни парыз ретінде қарастырылған. Өйткені, ислам дінінде абсолюттік билік иесі тек Ұлы Алла. Оның жердегі әміршісіне бағыну, сол Ұлы Жаратушының өзіне бағыну болып табылады. «О, дінге сенгендер! Аллаға бағыныңдар, оның жіберген елшісіне бағыныңдар және өз араларыңнан шыққан билік иесіне бағыныңдар»- деген Құран аяттарында айтылатын талаптар толығымен жүзеге асырылды. Сөйтіп, Өзбек хан өзінің мұсылман қауымына билік жүргізу құқығын толығымен заңдастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет