Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет16/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1 Әбілқайыр ханның билікке келуінің ерекшеліктерін талдаңыз? 
2 Әбілқайырдың Шығыс Дешті қыпшақ аумағына өз билігін орнтауы қалай 
жүзеге асты? 
3 Жалпы 1428-1468 жж. Әбілқайыр ханның ішкі-сыртқы саясатына сипаттама 
беріңіз? 
4 «Көшпелі өзбектер» этносаяси қауымдасытығының қалыптасуы мен 
этникалық құрамы туралы жазба деректердің мәліметтерін талдаңыз?
V тарау. ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫ МОҒОЛСТАН ҚҰРАМЫНДА 
 
§1. Моғолстан мемлекетінің аумағы, этникалық құрамы
Моғолстан мемлекеті Шағатай ұлысының ыдырауы нәтижесінде оның 
шығыс бөлігінде құрылды. Оның аумағы қазіргі Жетісу аймағы мен Қырғызстан, 
Шығыс Түркістанды алып жатты. 
Тарихшылар ұзақ жылдардан бері Моғолстанды ХІV ғасырдың орта шенінде 
қазіргі Оңтүстік Батыс Қазақстанның және Қырғызстанның жерінде құрылған, 
яғни Жетісу мен Тянь-Шань өлкесін қамтыған, Шағатай мемлекетінің құлауы 
нәтижесінде пайда болған ортағасырлық мемлекет деп келеді. Ол ХVІ ғасыр 
ортасына дейін өмір сүрді. М.Х. Дулатидің өзі Моғолстан мемлекетінің 
шекарасын былай көрсетеді: “... қазір Моғолстан атап жүрген территория өзінің 
ұзындығы және ені жөнінен жеті-сегіз айлық жолды құрайды. Оның шығыс 
шекарасы қалмақтар жеріне – Барскөлге (Баркөл – авт.), Емілге (Алакөлге құятын 
Тарбағатайдағы өзен – авт.), және Ертіске (Тарым өзенінің жүйесі – авт.) 
жалғасады. Солтүстігінде ол Көкше теңізге (Балқаш көлі – авт.), Бумлишке және 
Қараталға (Балқашқа құятын өзен – авт.) ұштасады, батысында Түркістанмен және 


86 
Тәшкентпен, оңтүстігінде Ферғанамен, Қашғармен, Ақсумен, Чалишпен және 
Турфанмен шектеседі”. 
Міне, Моғолстанның М.Х. Дулати куә болатын тарихи жер көлемі осындай. 
“Тарих-и Рашидидің” Тәшкент басылымына түсініктеме берген ғалымдар М.Х. 
Дулати көрсеткен Моғолстан территориясының ХІV-ХVІ ғасырлардың өн 
бойында өзгеріп отырғанын, оның құрамына алғаш Сырдария, Сарысу, Балқаш, 
Ертіс және Оңтүстік Тянь-Шанның оңтүстік сілемдері аралығындағы үлкен 
жерлер, онан соң тек Қырғызстан және Іле өлкесінің үлкен бөлігі ғана кіргенін 
айтады. Ал мемлекет құлар кезінде моғол хандары билігі тек Қашғарияға ғана 
таралғанын атап өтеді. Сондықтан, “Бабур-намеге” түсініктеме берген ғалымдар 
Моғолстанды – Шығыс Түркістан ретінде көрсеткен.
Ендігі жерде мемлекеттің атауы, тарихи-географиялық термин ретінде 
қолданылатын Моғолстан атауына тоқтала кетсек. Моғолстан – моғол этнониміне 
байланысты шыққан. Себебі сол кезеңде Орта Азияда моңғол сөзін сәл бұрмалап, 
моғол деп атау орын алған. Сондықтан ХІV ғасырдағы парсы-түркі тілдес 
шығармаларда да «монғол» сөзі моғол деп жазылған.


87 
Белгілі Ресейлік зерттеушілер С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов 
Моғолстанның Шағатай мемлекеті күйреген соң оның орнында пайда болған 
көптеген иеліктердің бірі екенін айта келе былай деп жазады: “Шағатай мемлекеті 
екі бөлікке – батысқа және шығысқа бөлінді. Батыстағы иеліктерде – 
Мәуереннахрда Шағатай тұқымы өзінің билігін жоғалтты және нақты билік түрік-
моңғол әмірлері қолында болды. Олардың арасында түріктенген монғол тайпасы 
барластан шыққан әмір Темір (1370-1405 жж.) ерекшеленді. Шығыс бөлігінде 
Шағатай руынан шыққан жалған және шын хандар үстемдік етті. Шағатай 
мемлекетінің осы, шығыс бөлігіндегі көшпелілер өздерін моғолдармыз деп атады. 
Монғолдардың аты Орта Азияда осылай, “н” әрпінсіз айтылатын және жазылатын. 
Сол тұста осы терминнен парсыша географиялық атау Моғолстан келіп шықты”.
Бірақ моғолдарды моңғолдармен шатастырмауымыз керек. Себебі, 
Моғолстан мемлекеті құрылған тұста ХІІІ ғасырдан моңғол шапқыншылығынан 
кейін Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін басып алып, үстемдікке қол жеткізген 
моңғолдар уақыт өте келе жергілікті ру-тайпалармен араласып, түркіленіп кеткен 
еді. Бірақ ХІV ғасырдағы авторлар оларды жалпы моғолдар (моңғолдар) деп 
атағандарымен, олардың жергілікті түркі ру-тайпалары екендігін жоққа 
шығармайды. Сондықтан моғолдар, моғолдар елі (Моғолстан) деп отырғанымыз 
жергілікті түркі және түркіленген моңғол ру-тайпалары. Атап айтсақ, олар 
дулаттар, керейттер, аркинуттар, қаңлылар, баарындар, булгашылар, жалайырлар, 
үйсіндер және т.б. 


88 
Белгілі шығыстанушы ғалым В.П. Юдин Мұхаммед Хайдар Дулатидың 
«Тарих-и Рашиди», Шах Махмуд бен Мырза Фазыл Шорастың «Тарих», авторы 
белгісіз «Тарих-и Кашгар» атты негізгі деректерді құрайтын ортағасырлық 
шығармалардың, сондай-ақ Хафиз-и Абру, Шараф ад Дин Али Йезди, Низам ад-
Дин Шами, Абд ар-Раззаки Самарканди сияқты ортағасырлық авторлардың да 
шығармаларына сүйене отырып моғолдардың ру-тайпалық құрамын талдайды. 
Осылайша, автор моғолдардың рулық-тайпалық құрамының керейт, қаңлы, 
арканут (бұл атауды белгілі зерттеуші Н.А. Аристов арғындармен 
байланыстырады. Дегенмен бұл мәселе әлі күнге дейін басы ашық күйінде қалып 
отырғандықтан біз бұдан ары қарай да алғашқы деректерде кездесетін атауын 
қалдыруды жөн көрдік – авт.), сұлдыз, дулат, шорас, құрлауыт, қарлұқ, итаршы, 
қоншы, құсшы, байрын, қалушы, бұлғашы, арлат, барлас, дохтуй, йарки, ордабегі, 
меркіт, шунқаршы, нарын, долан, балықшы, татар тайпаларынан құралғандығын 
анықтайды. 
Әрине, Моғолстанның негізгі халқын құраған ру-тайпалардың толық құрамы 
туралы нақты мәліметтер сақталмаған. Дегенмен әртүрлі деректерде кездесетін 
мәліметтерді талдай отырып, Моғолстан аумағын мекендеген бірқатар ру-
тайпаларды нақты анықтауға болады. Көптеген зерттеушілер мәліметтерді талдай 
келе, Моғолстан халқын негізінен дулаттар, керейіттер, шорастар, құрлауыттар, 
барластар, барындар, қаңлылар, қалушылар, бұлғашылар, арлаттар, құсшылар, 
аргинуттар, қазшылар, атаршылар, меркіттер құрағаны туралы қорытындыға 
келген. 
Моғолстанның этникалық құрамына тарих ғылымдарының докторы 
С.Жолдасбайұлы да “негізінен жергілікті түркі тілдес дулат, қаңлы, жалайыр, 
керей, найман, үйсін, т.б. және толық түріктеніп болған моңғол тайпалары 
бұлғашы, шурас, баарин, арлат және т.б.” кіргізеді. 
Қазақстандық шығыстанушы В.П. Юдин: «Моғол этнонимін кезінде 
Шағатай және Үгедей ұлыстарына бөлінген моңғолдар Жетісу жеріне алып келді. 
Бірақ олар аз еді және олардың тағдыры Дешті-Қыпшақтағы моңғолдар тағдыры 
тәріздес болды: олар түркітілдес тайпалармен жедел араласып кетті. Моғол 
этнонимін сақтауға моңғолдардың көшпелі тұрмысы үлгі болған көшпелілік 
дәстүрлерін және хандар-шағатайлар билігінің мұрагерлігін алғашқы кездері 
сақтауға моғол феодалдарының ұмтылулары ықпал еткен тәрізді», - дейді. 
В.П. Юдин сонымен қатар бұл мәселеде зерттеушілер арасында әр түрлі 
пікірлер орын алғанына назар аударады. Мысалы, академик В.В. Бартольд 
могулдарды монғолдар деп атап көрсетсе, профессор С.Аманжолов оларды 
түріктер, Н.А. Аристов оларды шағатайлық хандарға қызмет жасайтын сословияға 
жатқызады. 
Сонымен бірге Н.А. Аристовтың төмендегідей пікіріне назар аударған жөн. 
Ол моғол және Моғолстан атауын белгілі бір тайпаның немесе халықтың атауы 
деп қабылдауға қарсы болды және мұның саяси атау екенін атап көрсетіп былай 


89 
дап жазды: «Әрине, шағатайлықтар Шыңғыс хан ұрпақтары ретінде, өздерін және 
өздерінің иеліктеріндегі халықтарды моғолдар, ал өздерінің мемлекеттерін 
Моғолстан деп атай алатын еді. Бірақ халықтың басым көпшілігі түрік 
көшпелілерінен тұрды. Нағыз монғолдар тіптен де көп емес еді: бұлар 
Шағатайдың байырғы 4 мың ғана әскерлерінің ұрпақтары еді. Оның үстіне 
Моғолстанда олардың бір бөлігі ғана қалуы тиіс еді...». 
Мұның өзі Моғолстанның этникалық негізде емес, Шағатай тұқымдарының 
таққа таласуы негізінде жоғарыдан құрылғанын дәлелдей түседі. Сондықтан да 
бұл мемлекеттің өмірі ұзақ болмай, кейіннен оның орасан зор бөлігі этникалық 
негізде құрылған Қазақ хандығы құрамына қосылып кетті. 
Ал енді Моғолстан қандай тілде сөйледі? – деген сауалға жауап берер 
болсақ, ол әрине, түрік тілінде сөйледі дейміз.
Дулаттан 
шыққан М.Х. Дулатидің және оның бөлесі түркіленген монғолдан шыққан 
Захираддин Бабур түрік және сол кездегі халықаралық тіл – парсы тілінде 
сөйлеген және жазған. Моғолдардың тілдік ерекшеліктері М.Х. Дулатидің 
еңбегінде әңгіме болмайды. Алайда оның еңбегіндегі пікірлері олардың түркі 
тілдес болғанын айқындай түседі. Осыған байланысты арнайы зерттеу жүргізген 
қазақстандық шығыстанушы В.П. Юдиннің мына пікірі М.Х. Дулатидің еңбегін 
толықтыра түседі: «Моғолдардың монғол тілдестігіне келер болсақ, оған қарсы 
алғашқы дәлел деректерде қандай да бір болмасын олардың монғол тілділігінің 
үлгілерінің кездеспеуі болып табылады. Ал енді олардың түркітілділігіне фактор 
аз емес. Бәрінен бұрын моғолдардың тайпалық құрамы осыны мақұлдайды. 
Моғолдар құрамында қаңлылар болды. Ал олардың түркі халықтарына 
жататындығы даусыз. Егер моғолдар халық болып табылса, онда олар ортақ тілде 


90 
сөйлеулері тиіс болды. Ал егер халықтың бір бөлігі түрік тілінде сөйлеген болса, 
онда барлық халық сол тілде сөйлеуі тиіс еді».
XIV ғасырда бұрынғы Шағатай ұлысында жергілікті түркі және түркіленген 
моңғол тайпаларының ықпалы өсе түсті. Әсіресе, жекелеген тайпа көсемдері саяси 
билікте үлкен табыстарға жетті. Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде ХІV 
ғасырдың ортасына қарай дулат тайпасының ықпалы өте жоғары болды. Шағатай 
ұлысының ыдырауы мен жергілікті ру-тайпа әмірлерінің билігінің күшеюінің 
бірнеше себептері болды. Солардың бірі Шағатай мемлекетіндегі көшпелі және 
отырықшы өмір салтын жақтаушылар арасындағы күрестен туындады десек те 
болады. ХІV ғасырдың басынан бастап Шағатай мемлекетінің хандары 
отырықшылық өмір салтын, қала мәдениетін көркейту бағытын ұстанды. Міне, 
осы тұста бұрыннан келе жатқан көшпелі өмір салтын сақтауды жақтаған ру-
тайпалар мен олардың қарсыластары арасында күрес өрши түседі. 1346 жылы 
Шағатай ұлысының ханы Қазан хан өлтіріліп, оның орнына билікті әмір Қазаған 
иеленеді. Осындай кезде Шағатай ұлысы аумағында Қазағанның билігін 
мойындаудан бас тартқан бірнеше дербес жеке иеліктер құрылады. Нәтижесінде 
Шағатай ұлысы екіге бөлініп, ыдырап кетеді. Мәселен, Ходжент және оның 
аймағы жалайырлар иелігі болып саналды. Осы оқиғалар барысында Дулат 
әмірлерінің қолдауымен, Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде шағатайлық 
Тоғылық Темір хан билікке келеді. Осылайша, 1348 жылдың күзінде іс жүзінде 
дулат әмірлері билік жүргізген Моғолстан мемлекеті құрылады. 
Моғолстан мемлекеті де өз ішінде бірнеше дербес иеліктерден тұрды. 
Бұлардың ішінде әмір Болатшының иелігі Маңғылай-Сүбе деп аталған ең ірі 
аумақты қамтыды. Маңғылай-Сүбе деп аталған дулаттар иелігі оңтүстік Тянь-
Шяннан Кучиден Ферғана мен Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды. Бұл 
жерлерде Ақсу, Қашқар, Хотан, Жаркент, Ахсикент, Әндіжан қалалары 
орналасқан еді. Солтүстігінде Маңғылай Сүбеге Атбасы аймағы мен Ыстықкөлге 
дейінгі аумақ, яғни қазіргі Қырғызстанның елеулі бөлігін қамтыды. 
Ал Маңғылай Сүбеден солтүстікке қарай Сырдариядан Ілеге дейінгі аймақ 
әмір Болатшының інісі әмір Қамар ад Дин дулаттың тәуелсіз иелігі болды. Ол өз 
иелігінің дербес билеушісі болды, әрі көп ұзамай әмір Болатшы билікке әкелген 
Тоғылық Темір ханның билігін мойындаудан бас тартты. 
Моғолстан аумағында дәл осы кезеңде дулат әмірлерінің жоғарыда аталған 
иеліктерімен қатар, тағы бірнеше дербес иеліктер өмір сүрді. Олардың бірі Іле 
өзенінің арғы бетінде, солтүстік-шығыс Тянь-Шань аумағында аркинут 
тайпасының билеушісі Қажы бектің, Еміл-Тарбағатай ауданында Енке төренің 
иеліктері болды. Темірдің тарихшылары еңбектерінен Енке төренің 
Моғолстандағы дербес, ірі феодалдық иеліктердің билеушісі болғандығын 
байқаймыз.
Моғолстан мемлекетіндегі жағдайды сараптай отырып, біз оның негізгі 
халқын жалпы «моғолдар» деген атпен құраған ру-тайпалардың аталған 


91 
мемлкеттің өз ішінде табиғи-географиялық орналасуы мен шаруашылық жүргізу 
ерекшеліктеріне байланысты үш топқа бөлінгенін байқаймыз. Бірінші топты 
негізінен көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанатын Жетісу 
аумағындағы жетісулық ру-тайпалар құраса, екіншісін өмір салттарында негізінен 
отырықшы-егіншілік, қала мәдениеті басым Шығыс Түркістандық (Маңғылай-
Сүбе) ру-тайпалар, үшінші топты кейінірек негізінен қырғыз халқының негізін 
қалаған Тяьн-Шяньдық ру-тайпалар құраған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет