Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет35/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

 
Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Қазақ хандығы құрылуының этникалық маңызын көрсетіңдер. 
2. Қазақ хандығы құрылуының «қазақ» этнонимінің пайда болуына әсерін 
көрсетіңдер. 
3. Қазақ хандығы құрылуының бұрынғы мемлекеттік дәстүрді қалпына 
келтірудегі маңызына талдау жасаңдар. 
4. Қазақ хандығы құрылуының Қазақ тарихын кезеңдеудегі маңызын 
көрсетіңдер. 
5. Қазақ хандығы құрылуының «Қазақстан» терминінің қалыптасуына әсері 
қандай? 
6. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде? 
ІІ тарау. XV- XVIII Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ 
ТАРИХЫ 
 
§ 1. XV ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының дамуы
ХV-ХVІ ғасырдағы Қазақ хандығының саяси тарихын шартты түрде
1458-1470 жж. хандықтың құрылуы, 1470-1521 жж. аралығы күшеюі мен
нығаюы, 1521-1538 жж. хандықтың «уақытша әлсіреуі», 1540-1598 жж.
хандықтың қайта көтерілуі немесе этникалық территориясының
қалыптасуының аяқталу кезеңі деп бөлуге болады. Әрбір кезеңнің басты
белгілерін хандықтың сол тұстардағы ішкі және сыртқы саяси жағдайының
қандай болғандығы, жекелеген хандардың жүргізген саясаты, сонымен қатар,
билік басындағы хандардың жеке тұлғалық қасиеттері арқылы анықтауға
болады. Керей мен Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Шығай, Тәуекел
хандардың билік құрған кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы осыған
дәлел. 


202 
Қазақ хандығының дамуы мен қалыптасуында Қасым хан билік құрған кезең аса 
маңызды болып есептеледі. Жәнібек ханның тоғыз ұлының бірі Қасымның 
«Тарихи Рашиди» атты еңбекте қай жылы дүниеге келгендігін анықтайтын 
мәлімет бар. Онда автор 1513 жылы шағатайлық Сұлтан Сайд ханның Шу 
бойындағы Қасым хан Ордасына келгені жөнінде жаза келіп, «бұл кезде Қасым 
ханның жасы алпыстан асып, жетпіске жақындап қалған болатын», — деп 
баяндайды. Осыған сүйене отырып, 1513 жылы Қасым ханның жасы 67-68-дерде 
десек, онда ол 1445-46 жылдарда дүниеге келген болады. Ортағасырлардағы 
Қазақстан тарихының зерттеушісі Т.И. Султанов Қасым ханды 1445 жылы 
шамасында дүниеге келген деп есептейді. Қасым ханның өміріне байланысты 
деректер 1470-ші жылдарға дейін ешбір еңбекте кездеспейді. Оның себебі 
түсінікті де. Қазақ хандығы құрылғаннан 1470-ші жылдар басына дейін 
мемлекеттегі ірі саяси тұлғалар Керей мен Жәнібек хандар болды. Ал Бұрындық, 
Қасым, Махмут, Әдік және т.б. сұлтандар хандардың жанында жүріп сол кездегі 
оқиғаларға араласқанымен, жазба деректерде негізгі хандар аталып отырған. 
Алғаш рет жазба деректе Бұрындық хан 1469/70 жылғы оқиғаға байланысты 
кездеседі. Өйткені бұл кезде оның әкесі Керей қайтыс болған еді. Сол сияқты 
Қасым да алғаш рет жазба дерек мәліметтерінде Жәнібек қайтыс болғаннан кейін, 
яғни 1470-ші жылдар басынан бастап айтыла бастайды. 
XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Қазақ хандығының тарихында жаңа 
кезең басталады. Саяси тарих тұрғысынан қарасақ, бұл кезең — Қазақ 
хандығының күшеюімен, нығаюымен, этникалық тарих тұрғысынан — қазақ 
халқының этникалық, ұлттық территориясының біріктірілуінің басталуымен 
сипатталады. Мұндағы ең басты оқиғаға — Казақ хандығының Сырдарияның орта 
ағысы бойындағы қалалар мен далаларды қайтару үшін Мауреннахр 
билеушілерімен жүргізген күресі жатты. Бұл күрес 1470-ші жылдардан 1598 
жылға созылды. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған күрестің бірнеше кезеңі 


203 
бар. Алғашқы кезең — 1470-1520-жылдар аралығында өтті. Мысалы алғашқы 
кезеңде Қасым хан өзін ірі қолбасшы, әрі ірі мемлекет басшысы ретінде көрсетіп, 
замандастарының жазбаларында ұлы тұлға түрінде көрініс табады.
1470-ші жылдар басында Жәнібек ханнан кейін хандыққа Бұрындық келеді. 
XVI ғасыр басында жазылған «Шайбани нама» еңбегінің авторы Камал ад-дин 
Бинай Қасым туралы: «Бұрындық хан әскері ішіндегі атақты баһадүрі және мықты 
сұлтанның бірі», — деп жазады. Сыр бойы үшін күрестің басталуына Әбілқайыр 
ханның (1428-1463) немересі Мухаммед Шайбани ханның 1471/1472 жылдары осы 
аймаққа келіп, тұрақтануы түрткі болды. Қазақ хандығы бұған наразылық білдіріп, 
қыс мезгіліне қарамастан, Сығанақ пен Сауран төңірегіндегі шайбанилықтарға 
соққы береді. Қасым хан басшылық еткен қазақ әскерлері осы қалалар маңында 
шайбанилықтарды талқандап, қашуға мәжбүр етеді. Бұл шайқаста Қасым ханның 
бауырлары: Махмут, Жиренше, Қамбар сұлтандар бастаған жасақтар ерлігімен 
көзге түседі. Мухаммед Шайбани хан болса өзінің атақты сұлтаны мен 
баһадүрінен айырылады. 
1471/72 жылғы ұрыс Қазақ хандығы үшін өте нәтижелі аяқталды. Сыр 
өңірінен қарсылас жау қуылды және аймақтың солтүстік және солтүстік 
батысындағы Созақ, Сауран және Сығанақ аймақтары Қазақ хандығының 
құрамына өтеді. Кезіндегі Ақсақ Темірге арқа сүйеген Ақ Ордаға қарсы күрескен 
Тоқтамыс хан секілді Мұхаммед Шайбани хан да Мауреннахрдағы Ақсақ Темір 
ұрпақтарынан әскери жәрдем алып, Қазақ хандығына XV ғасыр соңында бірнеше 
рет күрес жүргізеді. Шайбани ханның екінші peт Сыр өңіріне келуі 1480-ші 
жылдарда болды. Бұл жолы да Қазақ хандығы оған тойтарыс береді және Сыр 
өңірінің қалған бөліктеріне ықпалын күшейте түседі. Бұл жолғы күресте Қасым 
мен оның інілері қол бастап, жауын тағы да қашуға мәжбүр еткізеді. 
Күрестің үшінші кезеңі XV ғасырдың 93-96 жылдары етті. Бұл Қазақ 
хандығы үшін ауыр кезең болды. Күреске Мауреннахр билеушілерімен қатар 
Моғолстан ханы Сұлтан Махмұт хан да араласып, Мұхаммед Шайбани ханға 
әскери көмек береді. Екіншіден, Қазақ хандығының Сыр өңірін толығымен 
қайтарудың соңғы кезеңінде билеуші топтар арасында қайшылық туып, екі топ 
пайда болады. Бірін – Бұрындық, екіншісін – Қасым және Жәнібек ханның өзге 
ұлдары құрайды. 
Қайшылық – Жәнібек хан ұлдарының Сыр өңірінде жаңа ұлыстарды 
иеленуіне, соның салдары — олардың күшейе бастауына байланысты туындады. 
Болашақта өз билігіне қауіп төнетінін сезген Бұрындық енді Жәнібек хан ұлдарын 
әлсірету мақсатымен кешегі жауы — Мухаммед Шайбани ханмен жақындаса 
бастайды. Және де шайбанилық сұлтанның Сыр өңірінде бекінуіне, бірнеше 
қаланы иеленуіне рұхсат етіледі. Бұрындықтың бұл әрекеті — Қасым хан тобынын 
Сыр бойын толық иеленуіне мүмкіндік бергізбеуге және қажет болса, кешегі 
жаумен Жәнібек хан ұлдарына қарсы одақтасуға жасаған бағыты болды. Қасым 
сұлтан қалыптасқан қиын жағдайдан оңай шығады. Өз кезегінде ол Бұрындық пен 


204 
Шайбани хан одағына қарсы моғол ханымен одақ құрып, қарсы шаралар әзірлейді. 
Сөйтіп, 1496 жылы Сыр өңірі үшін күрестің алғашқы дәуірі аяқталып, Қазақ 
хандығы Қасым және оның жақтаушылары арқасында Сыр өңірінің солтүстік 
бөлігін иемденеді. Егер ХV ғасырдың 70-80-ші жылдары Қасым үнемі Бұрындық 
ханның жанында жүріп, «оған бағынып, бұйрықтарын орындап жүрсе», сол 
ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, одан алшақтай бастайды. Қалыптасқан 
саяси жағдай және оның одан әрі дамуы Бұрындық пен Қасым арасын күннен-
күнге салқындата түседі. XV ғасырдың соңғы жылдарында Қасымның әскери 
қолбасшылық қасиетімен қатар, мемлекет қайраткері ретіндегі шебер дипломат 
ретіндегі қырлары айқындала түседі. Бұған дәлел ретінде, Қасымның жеке бастық 
мүддесінен гөрі мемлекеттілік мүддесін артық қоюы және осы соңғы мүддеге сай 
іс-әрекет жасап, шешім қабылдауы, оны жүзеге асыруы жатады. Қасым ханның 
қазақ халқы алдында, қазақ мемлекеттілігін нығайтуда сіңірген еңбектерінің бірі— 
XV ғасыр соңында Сыр өңірінің біртіндеп қазақ халқының этникалық 
территориясына ене бастауы болды. Ал XVI ғасыр басындағы ханның аса бір 
рөлі — қазақ жеріне басқыншы болып келген Мұхаммед Шайбани хан әскерін тас-
талқан етіп жеңуден көрінді. 1496 жылы Бұрындық ханмен одақтасу арқылы Сыр 
өңірінің бір шетіне табан тіреген Шайбани хан, Мауреннахрдағы саяси 
бытыраңқылықты ұтымды пайдалана отырып, 1500 жылы Самарқан тағына 
отырады. Және де 1500-1504 жылдары Орта Азияның бірталай аймақтарын 
бағындырып қуатты мемлекет құрады. Бірақ солтүстікте Қазақ хандығының 
болуы оған үнемі қауіп төндіреді. Сондықтан да Шайбани хан XVI ғасырдың 
басында Қазақ хандығын өзіне бағындыруды басты мәселе етіп қояды. 
Шайбанилық сұлтанның бірі, кейіннен хан болған Убайдуллах XVI ғасыр 
басындағы қазақтармен соғыс туралы мәселеде «біздің бүкіл мұсылман әлемін 
жаулаудағы алғашқа қадамымыз қазақтарды бағындырудан басталады», - деп 
жариялайды. Бұл - 1509 жылы айтылған сөз. Орта Азия билеушісі XVI ғасыр 
басында алдымен қазақтарды экономикалық тәуелділікте ұстау үшін 1505 жылы 
жарлық шығарады. Жарлықтарда қазақтармен толық сауда-айырбасты тоқтату 
жөнінде айтылады. Және де Орта Азияда жүрген қазақ саудагерлерін тонауға 
бұйрық береді. Бірақ бұл шара оған оң нәтиже бергізбейді, керісінше Қазақ 
хандығы тарапынан қарсы әрекеттер туғызады. Шайбани хан өз әрекетін оң 
көрсету үшін мауреннахрлық дін басыларына қазақтарды «дінсіздер» деп 
жариялатқызып, күреске Орта Азияның бүкіл мұсылмандарын жұмылдырады. 
Сөйтіп, ол 1505 – 1509 жылдар аралығында Қазақ хандығына қарсы үш рет жорық 
ұйымдастырды. Бұл үш жорық Шайбани хан үшін біршама табысты аяқталды. 
Сыр өңіріндегі қазақ сұлтандарының ұлыстары талқандалып мыңдаған мал мен 
жан олжаға түсіріледі. Талқандалған ұлыстардың бәрі Жәнібек хан ұлдарының 
ұлыстары болатын. 1509 жылдың қысында болған үшінші жорық кезінде 
Бұрындық хан жау шабуылын біле тұра, Жәнібек хан ұлдарына ешқандай көмек 
бермейді. Керісінше, өз басын аман сақтап, ұлысымен шегініп кетеді. Ханның бұл 


205 
әрекеті бүкіл қазақ қоғамында оның беделін төмендетеді. Осы кезден бастап 
барлық күштер Қасым ханның төңірегінде топтаса бастайды. Өйткені Шайбани 
хан алғашқы үш жорықта қазақ елін бағындыруды мақсат еткенімен оған жете 
қоймаған еді. Сондықтан да болашақта түпкі мақсатқа жету үшін әлі де болса 
жорықтар болу қаупі болатын. Міне, осы тұста сыртқы жауға тойтарыс бере 
алатын және бүкіл қазақ елін соған жұмылдыра алатын жалғыз тұлға – Қасым хан 
еді. Сыр өңірі үшін болған бүкіл қазақ елін соған жұмылдыра алатын жалғыз тұлға 
– Қасым хан еді. Сыр өңірі үшін болған күрестерде жинақталған тәжірибе мен 
атақ-абырой, қолбасшылық пен ұлыс билеушілік дәреже, хан әулетінің өкілі 
болуы – Қасым ханды қиын-қыстау жағдайда қазақ елінің ең ірі мемлекет 
қайраткеріне айналдырады.
Мұны сол кездегі тарихшылар да аңғарған. Мысалы, Мұхаммед Хайдар 
мырза Дулати: «Қасым ханның күшінің өскендігі соншалықты, Бұрындық хан 
туралы ешкім де ойламады», және «хандықты басқару мен ондағы бүкіл билікті 
қолына алды»,- деп жазады.
Шайбани ханның келесі жорықтарынан хабардар болған Қасым хан оған 
алдын-ала әзірленеді. 1510 жылғы Шайбани ханның соңғы жорығында Қасым хан 
өз Ордасын ішкері қарай, Ұлытау маңына қондырады. Және де Ордада аз күш 
қалдырып, негізгі күшін кейін шегіндіреді. Оңай жеңіске масаттанған жау қаннен 
– қаперсіз бірнеше күн бойы Ордада тойлайды. Осы тұста Қасым хан батырларын 
қарсы шабуылға шығарады. Қазақтардан мұндай қарсы әрекетті күтпеген жау 
әскері ешқандай қарсылық көрсете алмай, бас-сауғалап қашуға мәжбүр болады. 
Қазақтар жауын Ұлытаудан Сыр өңіріне дейін қуып, Сығанақ түбінде тас-талқан 
етеді. Шайбани хан әскерінің қалдықтары деректерде жазылғандай, қорыққанынан 
арттарына қарауға мұршасы келмей, Самарқанға дейін ешбір жеңілістің дәмін 
татпаған Шайбани хан әскері Қасым хан әскерінен 1510 жылдың қысы мен 
көктемінде осылай жеңіледі. Орта Азия билеушісінің бұл жеңілісін сол тұстағы 
тарихшы Балхи былай деп бағалайды: «Бір сөзбен айтқанда, Шайбани ханның 
үлесіне ірі жеңіліс тиді. Өзінің ең шырқау биігіне жеткен оның билігі енді 
құлдырай бастады». Көріп отырғанымыздай, Қасым хан тек қазақ елін құтқарып 
қана қойған жоқ, қарсыласы Шайбанидың белін үзіп, омыртқасын опырғандай 
соққы береді. Орны келгенде айта кетелік, Қасым ханнан жеңілгеннен соң 
Шайбани хан өшін айналасындағы сұлтандардан алып олардың иеліктерінің бәрін 
өзгертеді. Өз кезегінде сұлтандар бұған наразы болып, іштей қарсылық білдіреді, 
бірақ бірден сыртқа шығара алмайды. Сол жылы оның Бадахшанның таулы 
тайпаларына жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Күзде Мерв қаласында Иран шахы 
Исмайыл шах әскерінің қоршауында қалғанда қарамағындағы бірде-бір сұлтаннан 
көмек келмейді. Сөйтіп 1510 жылы күз айында ол қоршауда қаза табады, ал 
бірнеше жыл бойы орта Азияда саяси бытыраңқылық жайлайды. Міне, Қасым 
ханнан жеңілген Мұхаммед Шайбани ханның тағдыры және ол құрған 
мемлекеттің тағдыры осылай аяқталады. Қасым ханның Шайбани ханды жеңуі 


206 
оның рөлін одан әрі өсіреді, сонымен бірге ол билеген Қазақ хандығының 
халықаралық жағдайы арта түседі. Жалпы алғанда, Шайбани хан жорықтарына 
қарсы күресі, оны талқандауы- Қасым ханның қазақ халқы алдында сіңірген тағы 
да бір еңбегінің бірі. Қазақ жұрты алдында беделінің жоғалғандығын көрген 
Бұрындық 1511 жылы Мауреннахрға кетеді. Ешбір деректе жазылмаса да, осы 
жылдан 
бастап 
Қасым 
ханның 
ресми 
хандық 
дәуірі 
басталады.
Қасым хан Қазақ хандығында 10 жыл (1511- 1521 жж) отырды. Қазақ халқы үшін 
ол осы 10 жыл ішінде бірнеше хан ұрпағы атқаратын іс атқарып кетті. Ол хандық 
құрған жылдар ішінде қазақ елін, қазақ жұртын іргесіндегі көршіден алыстағы 
Еуропа халқына дейін танып біледі. 
1510-1513 жж. Шайбани хан өлгеннен кейін, орта Азияда саяси 
бытыраңқылық белең алып, Сыр өңірінде оның ықпалы әлсірейді. Сондай-ақ 
Жетісу мен Шығыс Түркістанда бір жарым ғасырдан астам өмір сүрген Моғолстан 
мемлекеті ыдырайды. Осындай Қазақ хандығы үшін қалыптасқан қолайлы 
сәттерді шебер пайдалана білген Қасым хан Жетісуда толығымен сыр өңірінде, 
Қазақ хандығының билігін орнатады. Мұнда бір ескеретін жай- бұл аталған 
аймақтар ешбір ұрыссыз қазақ халқының этникалық территориясына енеді. 
Себебі мұндағы тайпалар қазақ халқының этникалық компоненттерінің бірі 
болатын. Салыстырмалы түрде айтсақ, дәл осы жылдары орыс халқынын 
этникалық территориясының қалыптасу үрдісі, сонымен қатар, саяси үрдісі бір 
орталыққа бағындырылған мемлекеттің құрылып жатқан кезі болатын. Бірақ та 
бұл прогрессивті процестер кейбір княздықтардың қатты қарсылығына тап болып, 
қырғын соғыстар арқылы жүрді. 
Ал XVI ғасыр басындағы Қасым ханның билігі тұсында қазақ халқының 
этникалық территориясының қалыптасуы үрдісінің Жетісу, Сыр өңірлерінде 
бейбіт өтуі бірнеше мән-жайды ашады. Біріншіден, этникалық процестің біртұтас 
этнотерриторияда жүруі этникалық компоненттердің этнопсихологиялық 
жағынан жақындасуын тездетеді. Сол себепті де Жетісу мен Сыр өңіріндегі 
этникалық топтар саяси кедергілер жойылғаннан кейін өзінің негізгі этникалық 
ұйтқысына қосылады. Екіншіден, мұндай күрделі үрдістің қырғын- соғыссыз 
етуіне өз заманының ұлы қайраткері — Қасым хан тұрды. Жеке адамдардың 
тарихи кезеңдердегі тарихи рөлін Қасым ханның атқарған рөлі арқылы түсінуге 
және түсіндіруге болады.
Қасым хан қазақ халқының территориясын қалыптастырумен қатар, оның 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де күш салады. Оған дәлел — 1513 жылғы оның 
Ташкентке жорық жасауы болды. Осы жылдары Ташкенттің Қазақ хандығына өтуі 
бірнеше мәселені шешкен болар еді. Біріншіден, Ташкентті алу арқылы Сырдың 
орта ағысы бойындағы қалалар мен елді мекендердің бейбіт өмірін сақтау, 
хандықтың оңтүстік шекарасын қауіпсіздендіру және бір саяси кеңістіктегі Дешті 
Қыпшақ пен оңтүстігінде Сайрамға дейін Сыр өңірінің этникалық тұтастығын 
қамтамасыз ету, дамыту болды. Екіншіден, дәл осындай мақсаттар Жетісуға да 


207 
қатысты болды. Мауреннахр тарапынан Жетісуға және Сыр өңіріне апаратын 
қысқа және төте жол – Ташкент арқылы өтті. Сондықтан да қаланың қазақтарға 
өтуінің әскери-стратегиялық маңызы болды. Үшіншіден, Қасым хан алдында 
саяси міндет 1513 жылдың басынан қайта күшейе бастаған шайбанилық 
сұлтандардың күшін, Ташкент аймағындағы ықпалын әлсірету болды. Міне, 
осындай маңызды мақсаттар Қасым ханды Ташкентті алуға итермеледі. 
Жорықтың басталуына Сайрам қаласын өз еркімен Қасым ханға берген Қатта-
бектің ұсынысы түрткі болды. Бірақ та Қасым ханның Ташкентке жасаған 1513 
жылғы жорығы сәтсіз аяқталады. Кейін шегінген қазақ әскері Ташкенттің 
солтүстігіндегі қала – Сайрамға келіп тоқтайды. Уақытша болса да бұл қала 
әскери – стратегиялық маңызға ие болды. 1513 жылдан кейін қайта бірігіп, 
күшейген Мауреннахрдағы шайбанилық сұлтандар Қазақ хандығының Сыр 
өңіріндегі ықпалын жою мақсатымен 1516/17 жылдың қысында жорық 
ұйымдастырады. Шайбанилық тарихшылар жорықтың ұйымдастырылуы туралы 
қанша марапаттаса, жорықтың немен аяқталғандығы туралы сонша аузын 
ашпайды. Қасым хан шайбанилықтарға күйрете соққы береді. 1516/17 жылғы 
оқиғадан соң Қасым хан қайтыс болғанға дейін Сыр өңірі мен Жетісу 
аймағындағы саяси талас-тартыс аяқталып, бейбіт өмір қалыптасады. 
Қазақ хандығының оңтүстік пен оңтүстік - шығыс бағыттардағы сыртқы 
саясатын сәтті аяқтаған Қасым хан 1517 жылдан бастап күш-жігерін батысқа 
Жайық, Еділ бағытына жұмсайды. XVI ғасыр басында екі өзен аралығындағы 
Ноғай Ордасы ауыр саяси дағдарыста болатын. Мырзалар ру-тайпа көсемдері 
билік үшін өзара күресте мемлекетті толығымен ыдыратып, бір-біріне 
бағынбайтын, дербес иеліктерге бөлініп кеткен еді. Ноғай мырзаларының өзара 
күресінен әбден шаршаған ру-тайпалар өздерінің этникалық ортасы, этникалық 
кеңістіктегі құрамдас бөлігі – қазақ этносына қосыла бастайды. А.Исиннің 
зерттеулерінде кейбір ноғай мырзаларының 1519 жылы Еділдің оң жағалауына 
ығыстырылғандығы жөнінде айтылады. Ал сол жағалауда Қазақ хандығының 
билігі жүре бастайды да, ол енді Астрахан хандығымен шектеседі. Өз кезінде бұл 
жағдай Қазақ хандығына Алтын Орда ыдырағаннан кейін, оның батыс бөлігіндегі 
саяси қарым-қатынастарға белсене араласуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазан, 
Астрахан, Қырым, Москва княздықтарымен осы тұста Қасым хан кезінде 
дипломатиялық қатынастар орнатылады. Алтын Орданың мұрагері болуға 
ұмтылған Қазан, Қырым және Астрахан хандықтары бір-бірімен күресте өздеріне 
мықты одақтас іздестіреді. Москва княздығы бұл кезде әлі де болса қуатты емес 
еді. Сондықтан да күшті одақтас Қасым хан деп танылады. Орыс деректерінде 
1520 жылы Қырым хандығында қазақтардан елші келгендігі айтылады. Жазба 
деректер бұл жөнінде мардымды ештеңе айтпаса да, осы жылдардағы үздіксіз 
болған байланыстар халық ауыз әдебиетінде жақсы сақталған. Тарихи, батырлык, 
жырларда Қырым, Казан хандықтарына байланысты, жекелеген батырларға 
байланысты көптеген оқиғалар баяндалады. 


208 
Қырым хандығы* 
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы жайындағы хабарлар Еуропа елдеріне 
де жетеді. 1516 және 1526 жылдары Москвада екі рет болған австриялық елші 
Сигизмунд Герберштейн «Волга бойындағы бұл патшалық (Қазан хандығын 
айтып отыр – ред.) оңтүстікте және шығыста далалық аймақпен шектеседі. 
Шығыста олар шайбанилар және қазақтар деп аталатын татарлармен араласып 
тұрады», – деп баяндайды. Бұл тұңғыш рет қазақ деген халықтың еуропа 
халықтарына таныстырылуы, белгілі болуы еді. Қасым ханның билігі тұсында 
бұрыннан қолданылып келе жатқан «Дешті Қыпшақ», «көшпелі өзбектер», «өзбек-
қазақ» деген әртүрлі мәні бар атаулардың орнына бір ортақ этноним – «қазақ» 
және этносаяси термин – «Қазақстан» қолданыла бастайды. 1512-13 жылдардағы 
оқиғаларды баяндайтын Мұхаммед Талибтың «Матлаб ат-талибин» атты 
шығармаларында алғаш рет «Қазақстан» термині айтылады. Одан кейін 1537 
жылғы оқиғаларға байланысты Васифидың «Бадай ал-вакай» еңбегінде де бұл 
термин тілге тиек болады. «Қазақ», «Қазақстан» атауларының көршілес елдерінің 
тарихына енуі де Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының нығайғандығына 
байланысты болса керек. 
Әйгілі «Қасым ханның қасқа жол» – деп аталатын заң, қазақ арасында 
бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалған. Оның Қасым хан 
тұсында жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар: 
1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар 
кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді; 
2. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді; 


209 
3. Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты; 
4. Халықтың саны Қасым хан тұсында бірнеше есе өсті; 
5. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып 
заңы сай келмейді.
Міне осы аталған себептер «Қасқа жолды» дүниеге әкеледі. Бұл заңның 
жазбаша тексі болмаса да қазақ есінде заң атының жарты мың жыл бойы сақталуы 
«Қасқа жолдың» қазаққа өте қонымды, қоғамдық қатынастарға үйлесімді 
болғанын көреміз.
Қасым ханның қай жылы қайтыс болғандығы туралы жазба деректердегі 
мәліметтер әртүрлі жылдарды айтады. Дулати мен Хайдар Рази 1518/19 жыл десе, 
Гафари және басқалар 1523/24 жылды көрсетеді. Қазіргі кездегі оқулықтар мен 
кейбір зерттеу еңбектерінде ұлы тұлғаның қайтыс болған жылын 1518-23 жылдар 
аралығындағы кез-келген жылды көрсетуде. Қайтыс болған жылды анықтауда 
орыс деректерін зерттеген тарихшы А.Исиннің материалдары жәрдемдеседі. 
1519 жылы Қазақ хандығының шекарасы Еділге дейін жетіп, Астраханмен 
шектеседі дедік. 1520-21 жылдың қыс айларында Астраханда Занко Зудов деген 
рязаньдық 3-4 ай тұтқында болады. Қазақ хандығында болып жатқан оқиғалардың 
бірталайын ол тұтқында жүріп естиді. 1521 жылдың сәуірінде оның Москваның 
ұлы князі ІІІ Василийге жіберген хабарламасында «Осы жылы қыста қазақ 
патшасы қайтыс болды», — деп жазады. Бұдан басқа көздер арқылы да Москваға 
Қасым ханның қайтыс болғандығы туралы хабарлар жетсе керек. 1521 жылы июнь 
айында Түркияға бара жатқан бояр ұлы Василий Михайлович Третьяк-Губинге ІІІ 
Василий «Қазақ Ордасы туралы анықтау, қазіргі кездегі қазақтардың патшасы кім 
және олар қай жерде көшіп-қонып жүр»,— соны анықтауға тапсырма береді. 
Бұдан көріп отырғанымыздай, Қасым хан 1518 жылы не 1523 жылы емес, 1521 
жылдың қысында қайтыс болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет