Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет36/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

 
Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1.XV ғ. соңғы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихындағы басты 
оқиға не болды?
2. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін жүргізген күрестерінің себебін ашып 
көрсетіңдер. 
3. XV ғ. соңғы ширегіндегі Қазақ хандығының Сыр бойы үшін жүргізген 
күрестерінің қорытындысы қандай болды? 
4.Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайына талдау жасаңдар. 
5. Шайбани ханның қазақтарға жорық жасауының себептерін және оның 
нәтижесін түсіндіріңдер. 


210 
§ 2. XVI ғ. екінші ширегіндегі Қазақ хандығы «уақытша әлсіреу» 
кезеңіндегі саяси тарихы 
  Қазақстан тарихында ХV-ХVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының жеке
тарихи тұлғасы арнайы толық түрде зерттелген емес, ол мәселе көбіне
тарихшылар назарынан тыс қалып отырды. Тіпті кейбір хандардың тарихтағы
орны зерттелінбей, кейбір еңбектерде есімдері де аталмайды. Олар 1521-1538
жж. Қазақ хандығының «уақытша әлсіреу» кезіндегі билік еткен Мамаш, 
Тақыр, Бұйдаш, Қожа-Ахмет, Тоғым хандар болатын. Осы «уақытша әлсіреу» 
кезеңіндегі Қазақ хандарына тоқтала отырып, олардың көрші елдермен 
жүргізген саяси қарым-қатынастарын талдап көрейік. «Уақытша әлсіреу» 
кезінде билік құрған хандарға қатысты зерттеу еңбектерінің болмауы тікелей
жазба деректерінің тапшылығына байланысты болып отыр. Ал, жазба
деректердің сирек болуының бір себебі ХVІ ғасырдың 20-30 жж. Қазақ
хандығының көрші елдермен саяси қарым-қатынасында белсенді рөл атқара
алмауы еді. Өйткені, сыртқы саясатта жетекші рөлге ие болмау – тікелей
хандықтың ішкі саяси жағдайымен байланысты. Ішкі саяси тұрақтылықты бір
қалыпты дәрежеде сақтау, нығайту көп жағдайда биліктегі ханның жеке
басындағы қабілеттерінен көрініс табады. ХVІ ғасырдың 20-30 жж. Қазақ
хандығының «уақытша әлсіреуі» ең алдымен ішкі саяси тұрақсыздықтың
тікелей нәтижесі. Өз елінде толыққанды билікке ие бола алмаған немесе
саяси бытыраңқылықты жеңе алмаған билеуші сыртқы қатынастарда
белсенділігін көрсете алмай, көрші елдердің жазба деректеріне де ілінбей
қалып отырған.
Қасым ханнан кейін билікке келген Мамаш хан кейбір жазба дерек
мәліметтерінде Құмаш хан деп айтылады. Ол Қазақ хандығында билік құрған
бесінші хан. Мамаш хан жөнінде жазба деректер өте мардымсыз аз.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи- Рашиди», Хайдар Разидың «Тарих», 
Махмуд ибн Уәлидің «Бахр әл-асрар фи манакиб әл-ахиар» атты
шығармаларында ол туралы өте қысқа мәліметтер кездеседі. Деректерде
Мамаштың Қасым ханның ұлы екендігі және Қасым ханнан соң билікке
келгендігі, сонымен қатар қандай жағдайда дүниеден өткендігі туралы жазылған.
Мамаш хан шамамен 1450-1460 жж. дүниеге келген. 1513 жылы Моғол
ханы, шағатайлық Сайд хан Қасым ханның ордасына келгенде, оны қарсы
алуға Қасым хан өзі бармай, 30-40 сұлтанды жібереді. Олардың ішінде бірнеше
сұлтан 50-60 жаста болатын. Солардың бірі - Мамаш хан еді деп хабарлайды
Мұхаммед Хайдар Дулати. Мамаш ханның алғаш дерек мәліметінде көрінуі
1513 жылы еді. Және онда оны «хан» деген мәртебелі атпен жазылуына 
қарағанда ол Жаныш, Таныш хандар сияқты Қазақ хандығының көп
ұлыстарының бірінде иелік етсе керек. 
«Тарихи Рашиди» авторының жазуына сүйенсек Қасым хан өлгеннен
кейін, билік үшін қазақ сұлтандары арасында алауыздықтар басталады да, 


211 
таққа Қасым ханның ұлы - Мамаш хан келеді. Бұл 1521 жыл еді. Осылайша
мұрагерлік дәстүр алғаш рет бұзылады, осының салдарынан мүмкін сұлтандар
арасында алауыздық туындайды. 
Мамаш хан қанша уақыт биледі, хандықтың ішкі және сыртқы саяси
өмірінде қандай өзгерістер болғандығын деректердің жоқтығынан біле алмаймыз. 
Деректерде тек қана Мамаш ханның қалай қайтыс болғандығы жайлы мәлімет
бар. «Тарихи Рашидиде» Мамаш ханды бір шайқаста тұншығып өлді делінсе.
Махмуд ибн Уәлидің мәліметі бойынша «Ол бір ұрыста тапталып өлтірілді», - 
делінеді. Ал, Хайдар Разидың мәліметі сәл нақтырақ айтылады «… бір шайқаста 
ол қару-жарағының ауырлығынан және көп тапталудан тұншығып өлді», - 
делінеді. Ол 1522 жылы қаза тапты. Яғни, Мамаш хан билік үшін болған 
күрестің бірінде қаза болған. Егер де ол соғыста қайтыс болса, ол туралы жеңуші 
елдің дерегінде өздерін мадақтау мақсатында оның есімі кездесер еді. Сондықтан, 
1521-1522 жж. билеген Мамаш хан ішкі алауыздықтың құрбаны болып, сыртқы 
саясатқа араласуға шамасы келмегендігін көреміз. Оның ұрпақтары жайлы 
ешқандай дерек жоқ.
Мамаш ханнан кейін билікке Тақыр хан 1522-32 жж. келеді. Ол Жәнібек
ханның төртінші ұлы Әдік сұлтанның ұлдарының бірі. Хайдар ибн әли Хусайн
Рази: «Қазақтар деп аталатын Дешті Қыпшақтың сұлтандары бір-бірімен ұзақ 
соғысты. Ақырында билікке Тақыр хан келді», - деп жазады.
Тақыр ханның билік еткен 10 жылдық кезеңі ішінде қазақ хандығында
алауыздықтар мен билік үшін күрес тоқтатылмады. Кейбір сұлтандар оны
тыңдамай ұлыстармен бөлініп кетіп отырды. Қадырғали Қосымұлы Жалайр 
«Жәми ат-тауарих» еңбегінде Тақыр хан жөнінде өте қысқа: «Тақыр хан болды. 
Біраз күн хандық құрды, бірақ патшалық сырын білмеді», - деп жазады. 
Қазіргі кездегі зерттеушілер ішінде Т.И. Сұлтанов Тақыр ханды былайша 
бағалайды: «… ол дипломатиялық, әскери таланттарға ие болмады, … шексіз
қаталдығымен және әділетсіздігімен ерекше байқалды, сонымен қатар 
мемлекетті басқаратындай қабілеті болмай, өзінің билігімен жалпылама 
қарсылыққа душар болды. Өз халқынан қуылады», - дейді. 
Тақыр ханның сыртқы саясаттағы жүргізген істері көбінесе нәтижесіз
аяқталып отырды. Көрші мемлекеттердің шапқыншылықтарына тойтарыс
берілмеді. 1522-1523 жж. Ташкент билеушісі Сүйініш Қожа хан Дешті Қыпшаққа 
жорыққа шығып, жеңіске жетеді. Сонымен қатар қазақ-ноғай арасындағы бейбіт 
қатынастар бұзылып, шиеленісуінің нәтижесінде маңғыт мырзаларының 
тапсырысымен Тақыр ханға тәуелді 200 мың адам Дешті Қыпшақтан Моғолстанға 
көшіп кетеді. «Тарихи Рашидиде» Тақыр ханның осы кездегі жағдай туралы Жүніс 
ханның қызы Әдік және Қасым хандарының әйелі болған Сұлтан Нигар ханымның 
айтқан сөздерінен де байқауға болады. Онда Тақырдың істері оңға баспай, бұрын 
он лек әскері болса, қазір төрт лек қана қалғандығы, қарсыласуға шамасы жоқ 


212 
екендігін айтады. Сонымен қатар, Нигар ханым Тақыр мен Моғолстанның
жақындасуына ықпал жасайтындығын да баяндайды. 
Бірақ, Тақыр хан сыртқы саясатта, әсіресе, моғол хандары мен қарым-
қатынаста терең ойластырылмаған саясат жүргізеді. Сұлтан Нигар ханымның 
араласуы оған көп көмегін тигізеді. 
Зерттеуші А.А. Семенов өзінің зерттеуінде: «Тақыр хан қатал мінезі мен
ісімен көшпелілер арасындағы әскерінің ғана емес, туыстарының да теріс
қарауына жағдай жасады», - дейді. Одан әрі Тақыр ханның осы жағдайдан кейін 
қорқып, Сүйініш Қожаның баласы Сұлтан Мұхаммед ханнан көмек сұрап, елші
жібергендігі белгілі. Сұлтан Мұхаммед хан оны қабылдап, Тақыр ханға елші
жібереді. Ол елшілер өте жақсы қарсы алынып, сый-сияпатпен шығарып
салынады. Олардың достық қатынастары нығая түскендігіне бүкіл көрші елдер
куә болды. Сөйтіп, Тақыр ханға жағымпазданып, бұрынғы жаулары кешірім
сұрайды. Осы жағдайда Тақыр хан өзінің күштілігін сезініп, кетіп қалған жерінің 
қайта қосылуынан күшейе түскендей болды. Сұлтан Мұхаммед осы жағдайда 
Тақыр ханды қайта билігінің күшеюімен құттықтап, елші жібереді. Бірақ,
көкірегінде нан піскен Қазақ ханы бұл елшілікті тұтқындайды. Суық хабарды
естіген Келді Мұхаммед хан (Сұлтан Мұхаммед хан) 1525-1526 жж. қысында
Тақыр ханға қарсы шабуылға аттанып, нәтижесінде Тақыр хан жеңіліп қалды. 
Зерттеуші Т.И. Сұлтановтың пікірі бойынша Тақыр хан тұсында Қазақ хандығы 
үшін ең маңызды болған оқиға 1526 жылы бүкіл Жетісуда қазақ билеушілерінің
билігінің орнауы жатады. Тақыр хан алғаш рет қалмақтармен соғысқан қазақ
хандарының бірі. Васифидің дерегі бойынша бір таудың етегінде Қазақ ханы 
Тақыр хан қалмақтарға тойтарыс беру үшін Жатан қамалын салдырды. Васифи 
бұл қамалды биіктігі мен мықтылығын тілі жеткенше мақтап, биікке шығарды. 
1537-1538 жж. шағатайлық және шайбанилық билеушілер бірігіп қазақтарға
жасаған жорығында қазақтар осы қамалды пайдаланған екен.
Осылайша, саясаттан еш хабары жоқ өзімсініп қаталдығымен хандық
ішіндегі бейберекетсіздікті туғызып, сыртқы көрші мемлекеттермен қатынастары 
жеңіліспен аяқталған Тақыр хан өз елінен тысқары қырғыздар арасында жүріп, 
сонда қайтыс болады. 
Тақыр хан тұсында Қазақ хандығының «уақытша әлсіреуі» тереңдей
түсіп, сыртқы саясатта мардымсыз жеңілістерге тап болады. Тақыр ханнан соң
жазба деректер бойынша Қазақ хандығында бір мезгілде, 1533-1538 жж. 
бірнеше хан билік етеді. Қазақстанның батыс бөлігінде ноғайлармен күресте 
Қожа-Ахмет хан, Жетісуда моғолдармен күресте Бұйдаш хан, Мауреннахрдағы 
шайбанилықтармен күресте Тоғым хандардың есімдері де кездеседі.
Деректерге сүйенсек, бұл кезеңде Қазақ хандығы мен шайбанилер әулеті 
арасындағы саяси қарым-қатынастарға байланысты мәліметтер жоқтың қасы. 
Үшке бөлінген Қазақ хандығы үш түрлі саясатты ұстанып, біртұтас Қазақ


213 
хандығының «уақытша әлсіреу» кезеңі Хақ Назар ханның тұсында ғана қайта
жөнге келе бастайды.
Т. Сұлтановтың зерттеуі бойынша Бұйдаш хан өзінің бес ұлымен өзбек
ханы Дервішпен (Сүйініш Қожаның екі ұлының кішісі Барақ ханның сегіз
ұлының үлкені) Сыр бойындағы қалалар мен өңірлерге келіп өту үшін
соғысады. Қадырғали Жалайырдың дерегі бойынша сонда шаһид болады 
(1559-1560 жж). Сонымен қатар, 1537-1538 жж. Моғолстанның ханы Абд-Рашид 
хан (Сұлтан Сайдтың ұлы) Шайбанилық әулеттің ханы Убайдолламен одақтасып, 
қазақтарға қарсы жорыққа аттанады. Ол жайында Зайн ад-Дин Васифидің 
«Бадай-ал-Вакай» еңбегінде жазылады. Онда өзбек және моғол хандары бірігіп 
қазақтарға қарсы жорыққа аттанғандығы туралы мәлімет бар, бірақ Қазақ
хандығын сол кезеңде кім билегені жөнінде мәлімет жоқ. Яғни, XVІ
ғасырдағы «уақытша әлсіреу» кезеңінде де Қазақ хандығымен Шайбанилық
әулет арасында соғыстар мен уақытша мәмілеге келу кезеңдері орын алған. 
Бірақ, хандық ішіндегі бытыраңқылық пен алауыздық қашанда елдің
әлсіреуіне алып келеді. Бірлік болмай тірлік болмайды деуге де саяды. 
Қорыта келгенде, Қазақ хандығында «уақытша әлсіреу» кезеңінде орын
алған ішкі саяси жағдай сыртқы саясатта да белгілі бір роль атқарған. Сол 
кезеңдегі 
алауыздық 
пен 
хандардың 
жеке 
тұлғалық 
қасиеттерінің 
мардымсыздығынан олар көбіне деректерде де, халық ауызында да қалмаған. 
«Уақытша әлсіреу» кезеңінде сыртқы саясатта, әсіресе, Шайбанилық әулет 
арасындағы қатынастар көбіне деректің жоқтығы мен мәліметтердің бұлыңғыр 
кездесуінен басы ашылмай қалып отырған мәселелердің бірі. Бұл тақырып әлі де 
терең зерттеу мен талдауды қажет ететін бірден-бір мәселе.
Жалпы ХVІ ғ. І жартысында Қазақ хандығы мен көрші елдер арасында әр
кезеңде әр түрлі саяси қарым-қатынастар орын алған. Әр елдің билеушілерінің 
сыртқы саясаты өз мүдделеріне сай жүзеге асырылып, кейде уақытша мәмлеге
келуімен, кейде соғысуымен жалғасып отырған. Сондықтан да, халықтың
өмірінде билеушінің күшті мемлекет басшысы, шебер дипломат, ақылды әрі
ұстамды адам болуы ел үшін маңызды рөл атқаратындығын тарихтың өзі
дәлелдеп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет