3. «Ежелгі тарихи дәуірлер» туралы кестені толтырыңыз.
Б. з. б. 2 млн 500 жылдан Б. з. б. 3 мың жылдыққа дейін — Тас дәуірі Б. з. б. 2 млн 500 жылдан 45-35 мың жылға дейін — палеолит. Б. з. б. 2,6 млн жылдан — 100,000 жылға дейін — Төменгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 300 — 30 мың жыл бұрын — Орта палеолит дәуірі. Б. з. б. 50 — 10 мың жыл бұрын Кейіңгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 10-15 мың жыл бұрын — Мезолит дәуірі. Б. з. б. 15-3 мың жыл бұрын — Неолит дәуірі. Б. з. б. 3-2 мыңжылдықтар — Мыстас дәуірі. Б. з. б. 35 / 33 — 13/11ғасырлар — Қола дәуірі. Б. з. б. XV-XIII ғасырлар — Андронов мәдениетінің кезі. Б. з. б. VIII ғ. — Темір дәуірінің басы.
Ежелгі тарихи дәуірлер
22-билет
1. Көне түркілердің жазба мәдениеті.
2. 1990 жылдары құрылған «Азат» азаматтық қозғалысының мақсат- міндеттері.
3. Қазақстандағы 1867-1868 жж.реформа бойынша кестені толтырыңыз.
Генерал- губернаторлықтар
|
Облыстар
|
Уездер
|
|
|
|
|
|
|
1. Көне түркілердің жазба мәдениеті ----Түркі тілдері тарихындағы ең алғашқы жазу сыртқы нұсқасына қарай «руникалық» немесе табылған жеріне қарай «Орхон-Енисей жазуы» деп аталатын жазу. Бұдан өзге көне түрік тайпалары соғды, ұйғыр, манихей, брахми, эстрангело, тохар жазуларын да білген.
Руна бұл дыбыстық жазу, оның курсиві жоқ, жеке таңбалар бір-бірімен байланыспай жазылады. Фонетикалық жағынан алғанда руна жазуы түркі тайпаларының тіліне барынша бейімделген, әрі оның дыбыстық ерекшелігін дәл бере алады. Руна әліпбиінде, аймақтық және хронологиялық нұсқаларын ескере алғанда, 40-тан аса таңба бар. Оқылуы оңнан солға қарай.
Түркі руна жазуының таралу аймағы – Сібірдегі Енисей, Лена өзендері аңғарлары, Монғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы. Руна тектес жазуы бар ескерткіштер хазар мемлекетінің территориясы Еділ, Дон өзендері бойы және Солтүстік Кавказдан да табылған. Алайда руна жазуының бұл батыстық нұсқасы ірі текстердің табылмауынан сыры ашылмай, құпия күйінде қалып келеді.
Атақты «Күлтеін» (732ж.), «Білге қаған» (735ж.) және «Тоныкөк» (716) жылдары тасқа қашалып жазылған руникалық ескерткіштер ішіндегі ең көлемдісі, әрі көне түріктердің өздері туралы өздері жазған аса құнды, бірегей жәдігерліктер болып табылады Сыртқы пішіні пирамида секілді Күлтегін ескерткішінің биіктігі 3,15 м, ені 1,24м, қалыңдығы 0,41м. Күлтегін ескерткішінің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы болып есептеледі. Туркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол жазу үлкен жазу деп, ал 13 жол жазу — кіші жазу деп аталады. Кіші жазу үлкен жазу дың кіріспесі іспетті. Күлтегін жырында түрік халқының ата-бабалары туралы, елге ерен істерімен белгілі болған, Елтеріс, Қапаған, Білге қағандар, және қолбасшы Күлтегін жайлы, түріктердің жорықтары туралы айтылады.. Жыр автор – Йолығ Тегін жырының басты идеясы етіп халық бірлігін алған. Ел бірлігі арқасында бастыларды еңкейтіп, тізелілерді бүктіргендіктерін жазған. Бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге боларлық бұл тарихи жәдігерлік, өкінішке орай 1961ж. үстіне жай түсіп, күл-талқан болған. Бұл күндері Күлтегін ескерткішінің тек орны ғана сақталған.
Білге қағанға қойылған тас ескерткіштің ұзындығы 3м 45см, ені 1м 74см және қалыңдығы 72см. Сырт бейнесі, көркемдік нақышы жағынан да, мазмұны жағынан да Білге қаған және Күлтегін ескерткіштері бір-бірі мен ұқсас, текст мазмұны бір-бірін қайталайды. Тоныкөк ескерткіші екі бағана тасқа бөлініп жазылған. Біреуінің биіктігі 1м 70 см, оған 1—36 жол, екіншісінің биіктігі 1м 60 см, мұнда жырдың жалғасы, яғни 37-62 жолдар орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |