Ж. С. Абдукаримова Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ (жалпы бөлім) Дәрістердің қысқаша тезистері АҚтау 2017 1 лекция


лекция. Тақырыбы Ортақ меншік құқығы



бет6/7
Дата27.10.2019
өлшемі202.89 Kb.
#447323
1   2   3   4   5   6   7
Азаматтық общая тезисы лекций


13 лекция. Тақырыбы Ортақ меншік құқығы
Жоспары

  1. Ортақ меншік ұғымы мен түрлері

  2. Ортақ үлестік меншік

  3. Ортақ бірлескен меншік

  4. Ортақ меншік құқығының тоқтатылуы

1. Жеке зат ретіндегі мүлікке немесе ортақ шаруашылық мақсатпен байланысты заттар жиынтығына меншік құқығы бір немесе бірнеше тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ортақ меншік пайда болады. Демек, екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады.

Қандай да бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды.

Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көздеген реттерде пайда болады (АК-тің 209-бабы, 4-тармағы).

Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық фактілер, атап айтқанда, шарттар, келісімдер, заңда көзделген өзге де реттер негізінде де жүзеге асады. Ортақ меншік ерлі-зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен де туындайды.

АК-тің 230- бабына сәйкес жай серіктестік қызметінің негізгі ақшалай немесе өзге де мүліктік жарналары, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі нәтижесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті меншігі болып табылады.

Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың мүлікті бір объект ретінде иелініп, пайдалану мен билік етуін бекітетін, реттейтін және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.

Бірлескен ортақ меншікте оған қатысушылардың үлесі болады, бірақ олардың жалпы мүліктгі көлемі алдын-ала айқындалмауына байланысты оны да тең деп есептейді.

2. Ортақ меншік құқығын жүзеге асыру кезінде иелену, пайдалану және билік ету салдарына мән беру керек. Егер меншік иелері ортақ мүлікті иелену және пайдалану жөнінде ортақ бір пікірге келе алмаса, онда сотқа жүгіне алады. Егер көзқарас қайшылығын сот шешпейтін болса,оны тараптардың өздері шешеді.

Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүліктен өзінің үлесін заттай күйінде бөліп беруге талап етуге құқылы. Егер үлесті заттай бөліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтіруіне байланысты мүмкін болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлетіп алуға құқылы (АК-тің 218-бабының 3-тармағы).

Азаматтық кодекстің 214-бабына сәйкес үлесті меншіктегі мүлікті пайдаланудан алынатын жемістер, өнімдер мен табыстар ортақ мүліктің құрамына келіп түседі. Үлесті меншіктің қатысушылары арасында жемістің, өнім мен табыстың одан кейінгі бөлінуі, өзгеше көзделмесе, олардың үлестеріне сәйкес жүргізіледі.

Үлесті меншіктегі мүліктердің мазмұны бойынша шығынды қатысушылардың бәрі сәйкестендіріле теңдей көтереді. Дәл осындай тәртіппен меншік иелері салық, басқа да төлемдер төлеуге қатысады, сондай-ақ ортақ мүлікті күтіп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті (АК-тің 215-бабы).

Ортақ меншіктің әрбір қатысушысы өз үлесін сатуға құқылы. Заң осы мүмкіндікті ескере отырып, басқа меншік иелерінің мүддесіне назар аударады, олар үшін ортақ меншікке бөтен тұлғалардың кіруіне әрқашан қолдау көрсете бермейді. Азаматтық кодекстің 216-бабы ортақ меншік қатысушыларына сатып алудың артықшылық құқығын береді.

Үлесін сатушы оның бағасын және оны сатудың басқа да шарттарын ескере отырып, үлесті меншіктің басқа да қатысушыларына өз үлесін бөгде адамға сату ниеті туралы жазабаша түрде хабарлауға міндетті. Егер үлесті меншіктің басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлікке меншік құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік жөнінен - хабар алған күннен бастап он күн ішінде сатып алмаса, сатушы өз үлесін кез келген адамға сатуға құқылы.

Үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып сатылған жағдайда, үлесті меншіктің кез келген қатысушысы үш айдың ішінде сотта өзіне сатып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы (АК-тің 216-бабы).
3. Ортақ бірлескен меншік ортақ меншіктің бір түрі .

Заңда ортақ бірлескен меншіктің мынадай түрлері қаралған:



  1. ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;

  2. шаруа қожалығының (фермер) ортақ меншігі;

  3. жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік.

Бірлескен меншіктің қатысушылары, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ меншікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады. Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Егер барлық қатысушылардың келісімінен өзгеше туындамайтын болса, бірлескен меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлікке билік ету жөнінде мәмілелер жасасуға құқылы. Бірлескен меншікке қатысушылардың біреуі ортақ мүлікке билік етуге байланысты жасаған мәміле басқа қатысушылардың талап етуімен мәміле жасаған қатысушының қажетті өкілеттігі болмады деген себеппен мәміледегі екінші тарап бұл жөнінде білгені немесе көпе-көріну білуге тиіс болғандығы дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін. Нотариаттың куәландыруын немесе мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәмілелер жасау кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың мәміле жасауға келісімі нотариалдық тәртіппен расталуға тиіс.

Ортақ бірлескен меншікте үлес болмайды деп есептеледі, яғни ортақ меншіктің мұндай түрінде меншік иелерінің үлесі алдын ала айқындалмайды. Сондықтан да ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысын ортақ мүлікке құқығындағы үлесі алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару кезінде, егер заң немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, олардың үлестері тең деп танылады.

Азаматтық кодекстің 223-бабы, 1-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны не олардың әрқайсысына тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады.

Жұбайлардың бірлескен меншігі деп олардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерін айтамыз. Егер некеде тұрған кезде ерлі-зайыптыларды ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құнын едәуір арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.б.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың бірінің міндеттемелері бойынша жаза өз меншігіндегі мүлікке ғана, сондай-ақ бұл мүлікті бөлісу кезінде ерлі-зайыптылардың біріне тиесілі болатын ортақ мүлкіндегі өз үлесіне ғана қолданылуы мүмкін (АК-тің 223-бабының 3-тармағы).

Жұбайлардың бірлескен меншігіне жұбайлардың әрқайсысының еңбекпен немесе кәсіпкерлікпен қызметпен тапқан табыстары, сатып алған заттары, бағалы қағаздары, зейнетақылары, жәрдемақылары және т.б. жатады. Жұбайлардың бірлескен меншігіне екеуі бірге тұрған кезде біреуі бала бағып, не басқа дәлелді себеппен табыс таба алмаса, ол екіншісінің табысына ортақтасады.

Шаруа (фермер) қожалығы дегеніміз бір шаңырақта бірлесіп еңбек етіп, ауылшаруашылығына арналған жерді игеріп, одан өнім алуға, өңдеуге, пайдалануға байланысты іс-қимыл әрекеті болып табылады.

Шаруа (фермер) қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкін:


  1. кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;

  2. өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік қожалығы;

  3. бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған (фермер) қожалығы (“Шаруа (фермер) қожалығы туралы” Заңның 1-бабы).

Шаруа қожалығына отбасының барлық мүшелері, оның ішінде кәмілетке жасы толмаған балалары (сондай-ақ асырап алған ұл-қыздары), ата-аналар және шаруашылықты бірге жүргізетін жақын туыстары мүше бола алады.

Азаматтық кодекстің 227-бабына сәйкес ортақ бірлескен меншіктің тұрғын үйдің жекешелендірілген тұрғын үйге байланысты жаңа түрі пайда болды. Тұрғын үй және тұрғын үй кооперативтерінде жұбайлардың, отбасы мүшелерінің ортаға салған қаржы есебінен алған пәтерге ортақ меншік болады (“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 58-бабы).

Мемлекеттік тұрғын үй қорының жайларында тұратын азаматтарды қалауы бойынша тұрғын жай жекешелендірілген соң оның ортақ бірлескен меншікке көшетіндігін заң қарастырған.

Сол үйде тұратын жұбайлар мен олардың балалары меншік иесі болып табылады. Жұбайлардың ата-аналары, сондай-ақ балалары меншік иесімен бірге тұрған жағдайда олардың меншік иесімен арадағы келісім арқылы танылуы мүмкін.

Үй иесінің отбасы мүшесі айрықша жағдайларда басқа адам да бола алады, бірақ ол меншік иесімен бірге тұрып, ортақ шаруашылықты бірлесе жүргізуі тиіс. Еңбекке жарамсыз азаматтар меншік иесімен тұрақты бірге тұрса, онда ол меншік иесімен отбасының мүшесі болып есептеледі (Заңның 21-бабы).

Тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі бойынша сатып алынған соң ол осы үйде тұратын азаматтардың ортақ меншігіне айналады. Ал оны қатысушылар арасында бөліске салу бұл үйдің меншік иесі тағайындалғаннан кейін мүмкін болады. (ҚР-сы Жоғарғы Сотының “Азамттардың тұрғын үйін жекешелендіру бойынша заңдарды қолдану тәжірибесі туралы” Пленумының қаулысы, 9-бап).

Азаматтар, заңды тұлғалар заңды тұлға болмай-ақ бірлескен қызмет туралы шарт жасасып бірлескен меншікті пайдалана алады. Демек, жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға міндеттенеді. Бұл жай серіктестік заңды тұлға болмайды. Бірлескен қызмет туралы шарт азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалар арасында жасалады (консорциум).

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Азаматтық кодексте ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері болатыны айтылған (АК-тің 219-бабының 2-тармағы). Соның бірі жай серіктестіктің түріне жататын - консорциум.

Консорциум - бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін белгілі бір ресурстарды біріктіріп, күш-жігерді үйлестіретін ерікті түрдегі тең құқықты уақытша одақ (бірлестік) (АК-тің 233-бабы).

4. Ортақ меншікті бөлу және қатысушылардың талабы бойынша одан үлестерін бөліп шығару қатысушылардың келісімі арқылы жүргізіледі, ал ол мүмкін болмаған жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі.

Ортақ меншікті бөлу кезінде барлық қатысушылардың құқығы тоқтатылады, ал әлдекімге үлесті бөліп шығару үшін ортақ меншіктен оның үлесі ғана бөлінеді.

Әрбір қатысушы өзінің үлесін ортақ мүліктен бөліп беруді талап ете алады. Мүліктегі үлесті бөліп беру, жоғарыда айтып өткеніміздей, барлық меншік иелерінің келісімімен шешіледі.

Үлесті меншікке қатысушылар ортақ мүлікті бөлу немесе біреуінің үлесін шығарудың әдістері мен шарттары жөнінде келісімге келе алмаған жағдайда үлесті меншікке қатысушы ортақ мүліктен өз үлесін заттай бөліп беруді талап етуге құқылы.

Егер үлесті заттай бөліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтірілмейінше мүмкін болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлетуге құқылы (АК-тің 218-бабының 3-тармағы).

Ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікке құқығындағы үлесі алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Үлесті немесе бірлескен меншікке қатысушыға несие беруші қатысушыда басқа мүлік жеткіліксіз болған жағдайда борышқордың ортақ мүліктегі үлесін одан ақы өндіріп алу үшін бөліп беру туралы талап қоюға құқылы.

Жұбайлардың бірлескен қызметі нәтижесінде ортақ меншікке айналған мүлік неке бұзылған кезде бөлінеді, жұбайлардың бірінің міндеттемелігі бойынша немесе жасалған қылмысқа байланысты залалдың орнын толтыру керек болғанда жұбайлардың бірі екіншісіне неке бұзылғанына қарамастан өз үлесін алуға талап қоя алады. Ортақ меншіктеріндегі мүлікті бөлу үшін жұбайлар сотқа жүгінеді, сот өз кезегінде қандай мүлік кімге тиесілі екендігін шешеді.

Егер жұбайлардың біріне бөлінген заттың құны оған тиесілі үлестен асып түссе, онда екіншісі одан өтем алады. Ерлі-зайыптылар біреуінің атынан несие беретін немесе басқа ұйымдарға ақша салып, ол екеуінің меншігі болып табылса, онда салынған ақшаны, капиталдағы үлесін алуды талап ете алады. Балаларға алынған заттар балалар бірге қалатын жұбайдың біріне ешқандай өтем ақысыз беріледі. Мұндай ереже жұбайлардың ортақ бірлескен меншігіндегі олардың бірінің мүлікке міндеттемелігі бойынша тиесілі үлесін алып қалуға деген әрекетіне де қолданылады. Алайда жұбайлардың жалпы міндеттемелігі мен қарызы бойынша бірдей жауапты болады. Егер қылмыстық іс бойынша сот шешімімен олардың ортақ меншігіндегі мүліктер қылмыстық жолмен табылса, оны олар бірігіп пайдаланса, екеуі де жауап береді.

Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 29-бабына сәйкес күштеп (меншік иесінің еркінен тыс) тұрғын үйге меншік құқығын тоқтатуға жол берілмейді. Бірақ Азаматтық кодексте қаралған жағдайларға орай, яғни тұрғын үйдің тұрған жері мемлекетке керек болса немесе реквизицияланса, тәркіленсе заңда қаралған ретте жер учаскесі алынады, оны иесінен сатып алу да мүмкін.

Азаматтық кодекстің 218-бабына сәйкес ортақ мүлікті бөлу ісін жүргізудің не одан үлесті бөліп шығарудың тиімсіздігі айқын болған жағдайда, сот мүлікті жария саудаға салып сатып, кейін одан түскен соманы ортақ меншікке қатысушылар арасында олардың үлестеріне сәйкес бөліп беру туралы шешім шығаруға құқылы.



14 лекция. Тақырыбы Меншік құқығын қорғау
Жоспары


  1. Меншік құқығын қорғау мен оның тәсілдері

  2. Меншікті иелену мен меншік құқығын қорғау

1. Демек кез-келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бірге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қорғауға тиісті құқықты еншілейді.

Меншік иесінің мүддесін қорғау екі негізгі нысанға бөлінеді: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.

Қорғаудың юрисдикциялық түрі субъективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұлға мемлекеттік немесе басқа да құзіретті органдарға шағынады, әлгі аталған органдар өз кезегіне бұзылған құқықты қалпына келтіру және бұзықшылықты жою үшін өкілеттілігіне сай қажетті шараларды қолданады.

Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртібін белгілейді. Жалпы тәртіпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесін қорғау сот арқылы жүзеге асады.

Азаматтық кодекстің 9-бабы азаматтық құқықтарды қорғаудың жалпы тәртібімен қатар әкімшілік тәртібін де қарастырған. Әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын меншік иесінің құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесінде зардап шеккен құқық иесін мүддесін қорғауға орай тиісті өкілетті органға беріледі.

Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оны иеленушісінің мемлекеттік және басқа құзіретті органға бермай-ақ өз бетімен қорғауын білдіреді. Азаматтық кодекстің тұжырымдарында аталған әрекеттер “азаматтық құқықтардың өзін-өзі қорғауы” ұғымымен байланысты (АК-тің 9-бабы) және меншік құқығы мен басқа заттық құқықтарды қорғаудың бір әдісі ретінде қаралады.

Сонымен қатар АК-тің 9-шы және 10-шы баптарында азаматтық құқықтарды қорғаудың жаңа құралдары қарастырылған. Бұл баптарда құқықтарды қорғаудың бұрын соңды заңдарда қаралмаған жолдары көрсетілген. Мысалы, моральдық зиянды өтеу, яғни тұлғалардың өзіндік мүліктік емес иеліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы. Моральдық шығын ақшалай нысанда төленеді. Екінші бір жағдай, ол мемлекеттік билік органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетімен (яки әрекетсіздігімен) келтрілген залалды өтеу механизмі енгізілген.

Меншік және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың қорғаудың мынандай әдістері бар: а) зат иесінің затты біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап етуі (виндикация); ә) иемдену еркінен айырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып отырған кедергіні жоюды талап ету (негаторлық талап); б) затты жойып жіберген немесе бүлдірген жағдайда зиянның (шығынның) орнын толтыру (ақшалай құнын өтеу); в) басқа бір адам негізсіз ие болған немесе сақтап қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құнын зат иесіне ақшалай төлеу.

Меншік құқығын қорғаудың алғашқы екі әдісі меншік иесіне затты сол қалпында иемдену, пайдалану және оған билік жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Талап ету – затты иесіне қайтару немее пайдалануға тигізіп отырған кедергіні жою туралы сотқа қойылған талап заттық-құқықтық талап деп аталады. Аталған әдістердің соңғы екеуі міндеттемелік құқығына жатады – мұндай жағдайда меншік иесіне заттың ақшалай ақысы төленеді, ал тиісті талаптар міндеттемелік талаптар деп аталады.

2. Азаматтық-құқықтық қорғаудың көздейтін мақсаты меншік иесінің заңсыз айырылған нәрсесін өзіне қайтару немесе өзінің затын пайдаланудағы кедергілерді жою болып табылады. Затын қайтару туралы азаматтық талапты виндикациялық талап, ал затын пайдаланудағы кедергілерді жою талабын негаторлы талап деп атайды.

Виндикация қағидасы АК-тің 260-бабында төмендегі түрде айтылған: “меншік иесі өзгеден заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы”, яғни меншік иесі өз затын оны ешқандай заңсыз иемденіп отырған жақтан талап ете алады.

Заттық-құқықтық талаптардың ең көп тараған түрі – виндикациялық талап. Тиісті мүлік өзінің бстапқы қалпындағыдай түрінде қайтарылады. Ал егер мүлік пайдаланылып қойылса немесе зиян келтірілсе виндикациялық талап болмайды. Бұл жағдайда меншік иесі өз құқығын келтірілген залалды және алынбай қалған залалды өтеу туралы талап қою арқылы (АК-тің 9-шы бабы).

Затты иелену оның заңды иесімен жасалған келісімге негізделмесе, заңсыз иемдену деп аталады. Ал меншік иесінің затты заңды иесінен виндикация жолымен қайтарып ала алмайтын жағдай да бар, өйткені заттың заңды иесі оны игілігіне жаратып отырғандықтан дәлелді себеппен қайтара алмайды. Айталық, бір азамат екінші біреуге бір жылға өзінің теледидарын жалдады делік, ал үш айдан кейін виндикация жолымен оны қайтаруды талап етеді. Мұндай реттерде теледидарды жалдап алушы мүлік жалдау мәмілесі бойынша иемденіп отырғандығын айтып, жалға алу мерзімі біткенше затты қайтармаймын деуіне құқылы. Сондықтан да азаматтық кодексте “заңды иеленуші”, “заңсыз иеленуші”, “адал ниетті”, “арам ниетті алушы” деген терминдер қолданылады.

Затты адал ниетпен иемденген адам деп өзіне зат сатқан адамның ол затты сатуға құқығы жоқтығын, яғни оның өзі сатып отырған заттың иесі емес екендігін немесе меншік иесінің өкілі емес екендігін білмеген және білуге тиісті емес адамды айтамыз. Зат иесі затын виндикация жолымен қайтарып алғанда адал алушының өзінің адалдығы өзін қорғап қалады. Айталық, меншік иесі шарт бойынша өз затын біреуге қарызға берді делік, ал алған адам ол затты үшінші бір адамға сатып жіберді, ол үшінші адам затты сатқан адамды оның иесі деп ойлап, адал қателесті. Мұндай жағдайда меншік иесі затты оны сатып алған адамнан қайтарып беруді талап етуге құқысы жоқ, бірақ ол затты қарызға алған адамнан шығынын өтеуді (заттың ақшалай құнын) талап ете алады.

Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін аланып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі немесе мүлікті иеленуші берген адам жоғалтқан ие мұның екеуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етуге құқылы.

Виндикация әдетте тараптардың өзара есептесуімен қатар жүреді. Меншік иесі виндикация негізінде өз мүлігін талап ете отырып, арам ниетті иеленушіден бүкіл иеленген кезінде өзі алған немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін қайтаруды немесе өтеуді талап етуге құқылы. Ол адал иеленушіден оның заңсыз иеленуі туралы білген немесе білуге тиіс болған, сондай-ақ мүлікті қайтару туралы талап қою хабарламасын алған кезінен бастап алынған немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін талап етуге де құқылы. Адал иеленуші өз кезегінде меншік иесінен мүліктен табыс есептелетін уақыттан бастап ол мүлікке жұмсалған қажетті шығындарды меншік иесінің өтеуін талап етуге құқылы. Арам ниетті иеленуші мұндай өтемді иеленушінің талабын сот негізді деп тапқан реттерде толық немесе ішіара алуға құқылы.

Заңсыз иеленуші өзі жасаған жақсартуларды, егер олар затқа зақым келтірмей бөлуге келсе, өзінде қалдыруға құқылы. Егер жақсартуларды бұлайша бөлу мүмкін болмаса, адал иеленуші жақсартуға жұмсалған шығындарын өтеуді талап етуге құқылы, бірақ бұл зат құқығының ұлғайтылған мөлшерінен аспауы керек. Ал арам ниетті иеленушінің мұндай құқығы жоқ.

Жоғарыда айтылғандай, адал иеленушіден мүлік екі ағдйда талап етіледі: біріншіден, ол аталған мүлікті ақысыз иеленсе (затты кері алу оған мүліктік залал келтірмейді); екіншіден, ақысыз затты иелену жағдайында меншік иесінен немесе басқа да заңды иеленушіден шығару тәсілі қолданылса.

Негаторлы талап (теріске шығару талабы) – мүлікті иеленуден айыруға байланысты емес, мүлікті (затты) пайдаланудағы кедергілерді жою туралы талап. АК-тің 264-ші бабында “меншік иесі, өз құқықтарының бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы” делінген.

Негаторлық талап бойынша сот меншік иесі мүлікті падаланғанда кедергі жасайтын тәртіп бұзушының әрекетін тоқтатуға және ондай әрекеттерді бұдан былай қайталамауға міндетейтін шешім шығарады. Айталық, үй иесінің көршісі гараждың есігі ашылмайтындай етіп оның алдына топырақ төгіп тастаса, меншік иесі өзінің автомашинасын не кіргізе, не шығара алмаса, гараждың иесі топырақты алып тастату туралы талап қоюға құқылы.

Негаторлық талап етудегі меншік иесінің мүддесі мүлікті пайдалануға жағдай туғызу және оның құқықтары мен еркіндігін шектейтін кедергілерді жою болып табылады.

Негаторлық талап қою негізінен оның пәнінің айырмашылығына келсек, ол жауапкер тарапынан заң бұзу меншік иесінің субъективтік құқығы болып табылмайды, қайта бұзылған құқықты түзеу немесе қалпына келтіру жөнінде жауапкерге қойылатын талап. Бұл талап қоюдың пәні ақыр соңында келіп құқық бұзушылықтың сипатына байланысты болады. Егер меншік иесі заңсыз әрекеттің нәтижеінде мүлкіне иелік ету мен оны пайдалану мүмкіндігінен айрылса, онда оның талабы әлгі құқық бұзушылықпен болған кешіліктерді түзеуді алға қояды. Бұл орайда сот жауапкерді өзінің күшімен, құралымен өзі жасаған кедергіні жоюды міндеттейді, яғни құқық бұзылғанға дейінгі жағдай қалпына келтіріледі, ал қажет жағдайларда зиян өндіріліп алынады. Жауапкер сот жүктеген міндетті орындамайтын болса, талап арыз беруші өз есебінен қалпына келтіріп, бірақ оған кеткен шығынды сот арқылы жауапкерден өндіртуге құқылы.
15 лекция. Тақырыбы Міндеттемелік қ±қық
Жоспары


  1. Міндеттемелік қ±қықтыњ т‰сінігі мен ±ѓымы.

  2. Міндеттемелік қ±қықтыњ б±зылѓаны ‰шін жауапкершілік.

1. Міндеттеменің ұғымына байланысты Азаматтық кодекстің 268-ші бабында: “Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті” - деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме - азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал талап ету мен міндеттеме - несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда - талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда - міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.

Міндеттеме төмендегі белгілері бойынша ерекшеленеді:


  1. мұның тек қана мүліктік азаматтық құқықтық қатынас болуы;

  2. заттық құқыққа және меншік құқығына (абсалютті құқықтық қатынас) қарағандағы айырмашылығы, міндеттемеде уәкілетті тұлғаға қарама-қарсы тек нақты міндетті тұлға тұрады (салыстырмалы құқықтық қатынас);

  3. міндеттемеде міндетті тұлғаның әрекеті белсенділік сипатта болса, заттық құқықта міндетті тұлғаның әрекеті негізінен бәсең сипатта болады;

Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар - субъект, мазмұн және объект.

Міндеттеменің субъектілеріне байланысты АК-тің 270-ші бабында тараптар (борышқор мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады деп көрсетілген. Борышқор – белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға міндетті, немесе, одан түрлі себептерге байланысты бас тарта тұратын жақ, ал несие беруші – борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Үшінші жақ ретінде міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Міндеттеме үшінші жақ үшін міндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде міндеттеме үшінші жақтар үшін міндеттеменің бір немесе екі тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкін. Үшінші жақ міндеттеме тараптарының тек бірімен байланыста болады. Міндеттеме үшінші жақтарға тек құқықтар туғызуы мүмкін.

Заң актілері арқылы құқық субъектілерінің кейбіреулеріне міндеттеменің тараптары ретінде қатысуына тыйым салынуы мүмкін. Мәселен, мемлекет және мемлекеттік заңды ұйымдар мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге байланысты мәмілелерде сатып алушы ретінде қатыса алмайды. Жекешелендіру туралы Жарлыққа сәйкес мыналар жекешелендіруге байланысты сатып алушылар бола алмайды:


  1. жарғылық қорының 20 пайызынан астамы мемлекетке тиесілі шаруашылық серіктестіктер;

  2. саудада сатылатын объектінің шарттарында көрсетілгендей, құрылтай құжаттарында немесе заңдарда көрсетілгендей ондай қызметтермен айналыса алмайтын заңды тұлғалар.

Азаматтар мен заңды тұлғалар арнайы рұқсатсыз наркотиктік заттар мен қаруларды сатушы және сатып алушы бола алмайды.

Азаматтық кодекстің 269-шы бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұндай жағдайда, Азаматтық кодекстің 286-288-ші баптарында көрсетілгендей, үлесті ортақтасқан үлесті ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме болады.

Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.

Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады:



  1. бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқан –ортақтасқан міндеттеме;

  2. бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқан - ортақтасқан талап етуші;

  3. бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар қатысқан - аралас ортақтасу делінеді.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, - ортақтасқан міндет болып табылады.

Ортақтасқан борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді.

Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындалуы қалғандарын несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады.

Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы.

Азаматтық кодекстің 288-ші бабына сәйкес негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.

Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықты қатынасқа бұрынғы несие берушінің орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын кейінгісі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде жүзеге асады. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да сондай құқықтарының біріне нақты міндеттемесі де кіреді.

Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі. Несие берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім шарт арқылы жүзеге асады. Талап етуді біреуге беру (мұны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады, оның күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Сонымен бірге талап етуді беруді жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніндегі және азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді (АК-тің 340-шы бабы).

Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап етілмейді (АК-тің 339-шы бабы 2-ші тармағы).

Бірақ талап етуді беру шарты жасалғанда бұл еске салынуы тиіс. Егер несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнінде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие беруші осыдан туындайтын өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге міндеттемені орындағаны тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады (АК-тің 339-бабы 3-тармағы).

Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықты, соның ішінде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады (АК-тің 341-бабы). Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орындамауға құқылы (АК-тің 342-бабы 1-тармағы).

Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті (АК-тің 342-бабы 2-тармағы).

Міндеттілік құқық қатынастарында регрестік (шегерме) міндеттеме ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап қоюға құқылы, осыны регрестік міндеттеме деп атайды.

Азаматтық кодекстің 268-бабына сәйкес міндеттеменің объектілері мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға байланысты келеді (немесе белгілі бір әрекет жасаудан тартынуды да айтуға болады).

Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы - несие беруші мен борышқордың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды.

Міндеттемелер айқындалған, факультативтік және баламалық мазмұнымен ерекшелінеді. Айқындалған мазмұндағы міндеттемеде борышқордың жасайтын әрекеттерінің сипаты біржақты бекітіледі. Мұндай әрекеттерді басқасымен ауыстыру әр жақтың келісімімен ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеттемені борышқордың бұзғаны деп бағаланады.

Факультативтік мазмұндағы міндеттемеде борышқордың белгілі бір әрекеттерді жасау міндеті бекітіледі, ал мұның өзі мүмкін болмаған жағдайда басқа әрекет қолға алынады.

Балама мазмұндағы міндеттемде борышқордың екі немесе одан да көп әрекеттерді тең дәрежеде жүзеге асыру мүкіндігі белгіленеді. Балама міндеттеме уәкілетті тұлғаның қай әрекетті таңдауына тәуелді келеді, яғни таңдап алынған нұсқа міндеттеменің нақты мазмұнына айналады.

Екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышқорға, егер заңдардан немесе міндеттеменің шарттарына өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі (АК-тің 285-бабына қараңыз).

2. Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және мұның өзі Азаматтық кодекстің 7-бабында көрініс тапқан. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады.

Азаматтық кодекстің 7-бабы әртүрлі құқықтық қатынастардың мүмкін болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар.

Міндеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты әрекеттер де жатады. Бұған - біреудің мүлкін қасақана не кездейсоқ иелену, залал келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады.

Міндеттеме азаматтық кодекстің 271-бабында қарастырылған негіздерде де пайда болуы мүмкін.

Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалық ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:


  1. жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме;

  2. біржақты және өзара ортақ міндеттеме;

  3. борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме:

  4. қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (бұл міндеттеме субъект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер етпейді);

  5. басты және тәуелді міндеттемелер;

  6. шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және біржақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме.

Міндеттеменің жағымды мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі мақсат борышқор мен несие берушінің сипатын айқындай түсу. Бұл орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі. Мұның өзі жағымды мазмұндағы міндеттеме деп аталады.

Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме деп борышқордың белгілі бір әрекет жасаудан бас тарта тұруын, несие берушінің бас тартуды мәжбүр ету құқығын айтамыз.

Міндеттеме біржақты және өзара ортақ та болады. Біржақты міндеттеме дегеніміз міндеттемеге қатысушының біріне тек қана құқық беріледі де, екіншісіне тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әржақтың әрқайсының міндеті де, құқығы да болуын айтамыз.

Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады Мұндай міндеттемеде борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуымен байланысты тоқтатылады (АК-тің 376-бабы).

Шарт міндеттеменің пайда болуының ең көп тараған негізі. Шарт мәміленің бір түрі, ал заңда азаматтық құқықтық қатынастың пайда болуының негізі тек шарт деп көрсетілген. Бірақ кейбір жағдайларда біржақты мәмілелер де міндеттеменің пайда болу негізі бола береді (конкурстық міндеттеме).

Міндеттемелердің туындауына орай оларды шартты, шарттан тыс деп те, сондай-ақ, біржақты еркін құжат міндеттемесі деп те бөлінеді. Міндеттемелердің шартты тобы өте көп кездеседі. (сату –сатып алу, тасымалдау, сақтандыру және т.б.) Шарттан тыс міндеттеме әр жақтың келісімі бойынша пайда болмайды, керісінше азаматтың жеке басына немесе азаматтық құқықтың кез келген субъектісінің мүлкіне жасалған зиян нәтижесінде кездеседі. Сондай-ақ, негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер, яғни басқаның мүлкін не жинағандарын заңсыз немесе мәмілемен белгіленген негіздерсіз иелену жағдайында көрінеді.


16 лекция. Тақырыбы Міндеттемені орындау

Жоспары


  1. Міндеттемені орындаудың ұғымы мен қағидалары

  2. Міндеттемені орындаудың мерзімі мен орны.

1. Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы. Міндеттемені орындау көп жағдайда борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді.

Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына әкеледі.

Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісінше орындау (АК-тің 272-бабы), міндеттемені тиісті адамның орындауы (АК-тің 275-бабы), міндеттемені тиісті мерзімде орындау (АК-тің 277-бабы), міндеттемені тиісті жерде (АК-тің 281-ші бабы) және міндеттемені нақты орындау (АК-тің 354-бабы) жатады. Міндеттемені тиісінше орындау принципі борышқордың міндеттемені заңдардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда - дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.

Міндеттемені тиісінше орындауды сипаттайтын талаптар мен шарттар заңдарда, басқа да нормативті актілерде, міндеттеме алған жақтардың келісімінде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушыларды, пәнді, мерзімді және міндеттеменің орындалу тәсілін айқындайды. Міндеттемені орындауда осы айтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені тиісті дәрежеде орындау дегеніміз оның саны мен сапасына, субъектілеріне, орнына, мерзімі мен тәсіліне қатысты талаптар мен шарттарды дәлме-дәл сақтай отырып, орындау болып саналады.

Міндеттеменің нақты түрінде дәл принципі борышқордың міндеттемені сол қалпына орындау керектігін міндеттейді, демек, ол міндеттеме мазмұнында көрсетілген жағдайлар (затты тапсыру, жұмысты орындау, қызмет көрсету) жүзеге асуы үшін әрекет етуге тиіс, бірақ бұл орайда ақшалай өтем жасай алмайды.

Міндеттемені нақты түрінде дәл орындау принципі көбінесе несие берушінің мүддесін қанағаттандырады.

Нақты түрінде дәл орындау принципі Азаматтық кодекстің кейбір баптарында міндеттеменің жекелеген түрлеріне қолдануда тәртіптелген.

Міндеттемені тиісінше орындау нақты түрінде дәл орындаудың бір мезгілде болғанын көрсетеді. Бірақ та бұл принциптерді араластыруға болмайды. Тиісінше орындау принципі нақты түрінде дәл орындауға қарағанда кеңірек: мысалы, затты уақытты өткізіп барып беру арқылы нақты орындау мерзімнің бұзылуына байланысты тиісті дәрежеде орындау бола алмайды.

Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Сонымен бірге, заңда, міндеттеме шартында, не оның мән-мағынасында міндеттемені борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек өзіне алған міндеттеменің орындалуын үшінші жаққа жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті (АК-тің 276-бабының 2-тармағы).

Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап етілетін жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету және т.б.) несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдамауға құқылы.

Бір тараптың талап ету құқығы және екінші тараптың міндетінде зат (нәрсе) жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады. Демек, міндеттеменің орындалу пәні – бұл міндеттемеге байланысты борышқордың беруі немесе орындауы мінедетті зат, жұмыс немесе қызмет көрсетуі. Міндеттеменің пәніне қойылатын талаптар оның шарттарда көрсетілген сапасы мен санына байланысты айқындалады.

Міндеттеменің тиісінше орындалуына байланысты қойылатын талаптар АК-тің тиісті баптарында қосымша жеке көрсетілуі мүмкін: мысалы, міндеттеменің субъектілеріне қойылатын шарттар (275 және 276 баптар), мерзімі (277-279 баптар), міндеттеменің орындалу жері (281 бап), орындау әдістері (284-288, 290, 291 баптар).

Міндеттемені орындау пәніне мүліктік кешен, оның бірі зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар, шығармашылық қызметтің нәтижесі, жасалатын белгілі бір жұмыстар, талап ету құқығы мен міндеттер т.с.с. Демек борышқор өз міндетін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың нәтижесін беру, қызмет көрсету, несие берушіге ақша төлеу тәрізді істерді қолға алады.

Міндеттемені тиісінше орындау үшін борышқор міндеттемеде көрсетілген пәнді орындауға тиіс, пәнге қойылатын талаптар шартта көрсетіледі. Ал, олай болмаған жағдайда дәстүрлі құқықпен шешіледі.

Міндеттеменің пәні жеке белгіленген затты беру, ал кейбір жағдайда тектес белгідегі заттар болуы мүмкін. Тектес белгілері бар міндеттеменің ең бастысы - ақшалы міндеттеме, яғни белгілі бір ақша сомасын төлеуді талап ететін міндеттеме.

Ақшалай міндеттемені орындау үшін арнайы талаптар заңда қарастырылған. Ақшалай міндеттемені орындаудың кейбір ерекшеліктері болады. Ақшалай міндеттеме теңгемен айқындалады. Ақшалай міндеттемеде шетел валютасы түріндегі белгілі бір сомаға тең теңге түріндегі сомада төленуге тиіс екендігі көзделуі мүмкін. Мұндай сома Қазақстандық банкаралық валюта биржасының курсымен айқындалады, ол төлем жасалған күнгі шетелдік валютаға сай келуі қажет.

Ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға тікелей төленетін сома (өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру үшін, өмір бойы асырау шарты бойынша және басқалары) ең төменгі жалақының ресми түрде өсуіне қарай арттырылып отырады (АК-тің 283-бабы).

Демек, мұндай жағдайда азаматтың сотқа есеп айырысу жөнінде жүгінуінің қажеті болмай қалады, өйткені, мәселе өз-өзінен қалпына келеді.

Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

Егер міндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгіленбесе немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.

2. Міндеттеменің орындалу мерзімі заңмен немесе шартпен, сондай-ақ, шарт алдындағы дауды қарайтын органмен айқындалуы мүмкін.

Егер міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі Һөзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуға тиіс (АК-тің 277-бабы).

Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім көрсетілмесе, бұл мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс.

Ақылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып, орындау мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына байланысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі, т.б. ескеріледі (мысалы, несие берушіге дейінгі қашықтық, көлік түрі, және т.б.)

Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі талап етілетін кезбен белгіленген міндеттемені егер заңдардан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен басқа мерзімде орындау міндеті туындамаса, борышқор несие беруші оның туындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімінде орындауға міндетті (АК-тің 277-бабының 2-тармағы).

Міндеттеменің тез арада орындалуын жүкті сақтайтын жерге тапсыратын, банкке ақша салатын адам талап ете алады. Борышқорға аяқ астынан болатын міндеттемені орындау үшін дайындалу үшін жеті күн мерзім беріледі. Міндеттемелерде орындау уақыты көрсетілмеген жағдайда несие беруші борышқордың орындағанын кез келген уақытта, заңда көзделгеннен тыс ретте қабылдауы керек.

Егер заңдарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның мәнінен туындамаса, борышқор міндеттемені мерзіміне дейін орындауға құқылы.

Кәсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімнен бұрын орындауға міндеттемені мерзіміне дейін орындау мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме шарттарында көзделген (жүкті жеткізу, банктің несие беруі және т.б.), не іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеменің мәнінен туындаған реттерде ғана жол беріледі (АК-тің 279-бабы). Демек бұл ереже кәсіпкерлер қатысатын қатынасқа арналады.

Міндеттеме орындалатын жер - борышқордың заттарды тапсыратын, жұмысты атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің тиісінше орындалғанын қабылдайтын орын.

Міндеттемені орындау тәсілі заңмен немесе әр жақтың жасасқан шарттарымен айқындалады, немесе сол міндеттеменің мәнінен туындайды.

Міндеттеме орындау бір жолғы (заттың құнын толықтай төлеу) немесе несиеге алған мүліктің құнын жабуы, пошта, көлік құралдарына төлеу тәрізді мерзімді түрде әрекет ету болып жүзеге асады. Кейбір міндеттемелер тұтастай немесе бөліктей орындалуы мүмкін (мысалы, қарыз шарты бойынша қарызды қайтару). Сонымен бірге, егер міндеттеме шартында, заңдарда өзгеше белгіленбесе, немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардын немесе мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы (АК-тің 274-бабы).

Борышқор заңда қаралған ретте, нотариат кеңсесіне немесе соттың депозитіне тапсыруы міндеттемені орындағаны болып есептеледі. Азаматтық кодекстың 291-бабына сәйкес борышқор ақша самасын немесе бағалы қағаздарды нотариус пен соттың депозитіне салу құқығына ие. Ол егер:


  1. несие берушінің немесе орындалған істі қабылдауға өзі уәкілдік берген адамның міндеттеме орындалуға тиісті жерде болмауы;

  2. несие берушінің әрекет қабілетсіздігі және оның өкілінің болмауы;

  3. міндеттеме бойынша, атап айтқанда, бұл мәселе жөнінде несие беруші мен басқа адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушінің кім екені жайында анық айқындық болмауы;

  4. несие берушінің орындалған істі қабылдаудан жалтаруы немесе оның тарапынан өзге мерзімін өткізіп алушылық салдарынан борышқор міндеттемені орындай алмаса, борышқор міндеттемелерін орындау үшін өзінен алынатын ақшаны депозит шарттарында, ал бағалы қағаздарды-нотариустың атына сақтау шарттарында, ал заң құжаттарымен белгіленген жағдайларда соттың атына орналастыруға құқылы.

Ақшаны бағалы қағаздарды депозит шарттарына салу немесе нотариустың немесе соттың атына сақтау міндеттеменің орындалғаны болып есептеледі.

17 лекция. Тақырыбы Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
Жоспары


  1. Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету ұғымы мен мәні

  2. Айып төлеу

  3. Кепіл

  4. Кепілдік және кепіл болушылық

1. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, мемлекетіміздің даму бағыты мен үлгілерін еркін таңдау мүмкіндігіне ие болғаннан кейін, елдің саяси, экономикалық жүйелерімен қатар мемлекеттің ішкі құрылымдарын қайта жаңа бағытта жасауға қадам жасалды. Бұл өз кезегінде құқықтық реформаларды да жүргізуге негіз болды. Үлкен өзгерістерді қамтитын реформалардың ішінде, экономикалық сипаттағы қайта құрулардың маңызы үлкен болып, басты мүдделілік те сонымен тікелей байланысты болды. Бұл жағдайда экономиканы реттеуге байланысты құқықтық нормалардың өзектілігі мен маңызы жоғары болатыны заңды құбылыс.

Осыған байланысты міндеттемелік құқықтың нарық қатынастарындағы құқықтық реттеу мәселелері кең ауқымды да әрі өзекті. Мұның күрделілігі сонда, кәсіпкерлер мен басқа да құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету, осыған байланысты әрбір субъектінің мүдделерін қорғау мен өз іскерліктерін жетілдіру және мемлекеттің экономиканы дамыту бағытындағы реттеу іс-шараларының жүзеге асуының негізгі құқықтық тетігі болуында.

Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны да бар. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды қолданады.

Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданылады. Азаматтық кодекстің 292-бабының талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады.

Сонымен нақты көрсетілген жағдайларды есепке алмағанда, қамтамсыз ету әдістерін таңдау, шарт түзуші тараптардың өздеріне байланысты болып келеді. Бірақ тараптар әдістің қайсысын таңдап алғанына қарамай, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету әдісі туралы шарт жазбаша күйде ресімделеді, кері жағдайда ол жарамсыз деп танылады. Тараптар арасында дау туған жағдайда, сотта оған сүйену мүмкіндігінен айырылады. Осы шарт негізгі шарттың тарауы ретінде ресімделуі мүмкін, ал егер шарт ауызша түрде түзілген болса, онда қамтамасыз ету әдісіне арнайы жеке жазбаша ресімделген шарт құрылады.

Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.

Міндеттеме заң талаптары және міндеттеме шарттарына сәйкес, мұндай шарттар мен талаптардың болмаған жағдайында –іскерлік қызмет өрісіндегі әдетегі құқықтар ғана немесе басқа талаптарға сәйкес түрде орындалуы тиіс.

Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуде борышқордың мүлкіне әсер етудің қосымша шарасы қолданылады, осы арқылы оның өз міндеттемесін орындауына ықпал етіледі. Борышқордың шартта көрсетілген міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы жағдайында несие беруші мүддесі қанағаттандырылады.

2. Міндеттемелерді қамтамасыз етудің бұрынан белгілі және өте кең таралған әдісі айып төлеу болып табылады.

Борышқор міндеттмесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші оған келтірілген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес (АК-тің 293-бабы).

Айып төлеу - кәсіпкерлік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістерінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып алу, тасымалдау, мердігерлік және т.б. шарттарды орындамау айып төлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастарда ол ақша міндеттемелерінде (қарыз шарты, тұрғын үйді жалдау және т.б.) қолданылады.

Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл және өсім. Бұл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп алған кезде қолданылады, яғни өткізіп алған әрбір күн үшін соманың пайызымен ұсталады.

Айыппұл тек қана ақша сомасында немесе соманың белгілі бір мөлшерінде орындалмаған міндеттемеге қолданылады.

Айыппұл дегеніміз - борышқордың қарыз сомасына процентік қатынаста немесе бүкіл орындау затының (келісім сомасының) алдын-ала белгіленеген мөлшер иесі берушіге төлеуге міндеттенген, келсімде белгіленген ақшалай сома, ал өсім - дегеніміз келісімде белгіленген, ақшалай сома, оны борышқор белгіленген мерзімі ұзартылған жағдайда проценттік қатынаста әр күні немесе кезеңі үшін төлеуге міндеттенеді.

Өсім - міндеттемені бұзған тараптың заңда немесе шартта белгіленген ақшалай соманы төлеуі, оның мөлшері міндеттемені орындау мерзімі ұзартылуының ұзақтығына қарай болады.

Айыппұл - міндеттемені бұзған тараптың заңда немесе шартта белгіленген ақшалай соманы төлеуі, оның мөлшері міндеттемені орындау мерзімінің ұзартылу ұзақтығына байланысты болмайды. Ол бұзылған міндеттеме құнына байланысты емес нақты мөлшерде болады.

Айып төлеу - міндеттемені бұзған тараптың заңда немесе шартта белгіленген ақшалай соманы төлеуі, оның мөлшері міндеттемені орындау мерзімінің ұзақтығына байланысты болмайды. Бұзылған міндеттеме құнына тікелей байланысты болады.

Қосымша міндеттеменің пайда болу негізінде айып төлеуді заңды және шартты деп екіге бөледі. Заңды түрі міндеттемеге, қандай міндеттемені бұзған кезде қолданылатынын айқындайды. Заңды айып төлеу көлікпен жүк тасымалдау, өнімді жеткізу, құрылысқа қажетті құрама бұйымдарды жеткізу үшін болатын міндеттемелерде кеңінен қолданылады. Заңды айып төлеу тараптардың міндетінде көзделген-көзделмегеніне қарамастан борышқордан өндіріле береді (АК-тің 295-бабы). Егер заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен заңды айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін (АК-тің 292-бабының 2-тармағы).

Шартты айып төлеу әржақтың келісімімен айқындалады. Бұл орайда олар қандай құқық бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданылатын өздері анықтайды.

Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған міндеттеме сомасының проценті күйінде белгіленеді. Несие беруші заңда белгіленген айып төлеудің төлеуін, бұл жағдай тараптар келісімінде белгіленбеген болса да талап ете алады.

Мәселен, жеткізіп беруші белгіленген мерзімді 10 күнге ұзартса немесе белгіленген мерзімде өнімді жеткізіп бере алмаса, онда ол сатып алушыға номенклатураның (ассортимент) әрбір жеке атауы бойынша мерзімінде жеткізілген өнім үшін 20% көлемінде айыппұл төлейді. Өнімді жеткізіп беру мерзімін ары қарай 10 күн ұзартқан жеткізіп беруші әрбір ұзартылған күн үшін сатып алушыға өнім құқының 1 % - көлемінде өсім төлейді.

3. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артықшылықпен қанағаттандырылуы құқығына ие болады (АК-тің 299-бабы).

Кепіл бойынша қатынастарда әр жақ кепіл беруші және кепіл ұстаушы деп аталады. Кепіл берушінің кепіл мүлкіне меншік құқығы немесе оның шаруашылық жүргізу құқығы болады. Мұндай құқықтар оған мүлікке иелік етуге мүмкіндік береді. Негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші дегеніміз борышқордың өзі, сондай-ақ оған үшінші жақтың да құқығы бар.

Кепіл ұстаушы дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша несие беруші, яғни кепілге құқығы бар тұлға. Кепіл ұстаушы өзінің құқығын кепіл жөніндегі шарт бойынша талаптардан бас тартудың жалпы ережесіне сәйкес басқа тұлғаға беруге құқылы.

ҚР АК 299 бабында кепіл деп міндеттемені қамтамасыз етудің мынадай тәсілі көрсетіледі: несие беруші (кепіл ұстаушы) міндеттемені кепілмен қамтамасыз еткен борышқор міндеттемесін орындамаған жағдайда, осы мүлік тиісті болған (кепіл беруші) басқа несие беруші тұлғалар алдында артықшылықты пайдалана отырып, кепіл мүлкі құнымен өтем алады. Мұндай істің құықтық мақсаты негізгі міндеттемені орындауды қамтамасыз ету болып табылады. Ол мынадай жолдар арқылы жүзеге асырылады:


  • Кепіл заты ретінде белгілі бір мүлікті қою.

  • Кепіл затын кепіл иелігіне өткізу немесе оны кепіл беруші меншігінде қалдыру (билік ету құқысымен немесе билік ету құқығынсыз) және екпіл ұстаушыда кепіл затын қадағалау, тексеру құқығының болуы. Оның сақталуын бақылау бойынша өкілеттік берілуі, кепіл беруші қарамағындағы кепіл затына белгілі бір шектеулер белгілеу, кепіл ұстаушыға кепіл заты болып табылатын мүлікті пайдалануы бойынша шектеулі құқықтар беру, негізгі қамтамасыз ету міндетін орындамаған жағдайда, кез келген тұлғадан, оның ішінде кепіл беруші мен меншік иесінен кепіл затын талап ету құқығын беру.

  • Негізгі қамтамасыз ету міндеттемесінінің орындалмауы жағдайында кепіл затын (мүлікті) сатуды жүзеге асыру және кепіл ұстаушының кепілге қойылған мүлік құнымен қанағаттандырылуы;

  • Кепіл берушіге басқа несие берушілер алдында кепілге қойылған мүліктің сатылған құнын қанағаттандырылуы үшін артықшылықтар ұсыну.

Міндеттемені қамтамасыз етудің басқа әдістеріне қарағанда кепіл бірқатар артықшылықтарға ие.

Біріншісі - кепіл міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің заттай-құқықтық тәсілі болып табылады, яғни кепіл ұстаушы өз құқықтарын іске асыру үшін затына тікелей әсер етеді.

Кепіл затына деген мүліктік құқығының үшінші бір тұлғаға өтуі кепілдік міндеттемелерін тоқтатпайды, яғни мүлік бұрынғыдай кепіл арқылы беріледі. Кепіл ұстаушының өз мүддесін кепілге қойылған мүліктің үстіне тағы бір мүлік кепілге қойылса, бұрынғы кепіл ұстаушы талабы оған дейінгі кепіл ұстаушының талабы қанағаттандырылғаннан кейін барып орындалады. Сонымен, несие беруші борышқор мен кепілдік етуші тұлғасынна тәуелді емес, міндеттеменің орындалуын тұлға емес, зат қамтамасыз етеді.

Кепіл беруші кепілге қойылған затқа меншік құқығын сақтауы керек. Кепіл беруші ретінде борышқор танылады. ҚР АК 305 бабы заттық кепіл болушы деп аталатын үшінші бір тұлғаның кепіл беруші бола алатындығын көрсетеді.

ҚР АК 301 бабының 2-ші тармағына сәйкес болашақта жеке меншік немесе шаруашылық жүгізуге келіп түсетін мүлік қана кепіл заты бола алады.

Шаруашылық жүргізу құқығы негізінде мүлікке ие мемлекеттік кәсіпорындар заң актілерінде тиым салынбаған болса, мүлікті меншік иесі рұқстаымен ғана кепілге қояды.

Жоғарыда айтылған ережеден тыс заң актілерінде мынадай ерешеліктер көрсетілген: ҚР АК-нің 200 бабы және ҚР Президентінің “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” заң күші бар Жарлығының 25 бабы 3 бөліміне сәйкес шаруашылық жүргізу құқығы негізінде мүлікке ие мемлекеттік кәсіпорын негізгі қорға жатпайтын қозғалатын мүлікті кепілге қоюда меншік иесінен талап етпейді.

Егер құрылтай құжаттарына сәйкес құқықа ие болса, мүлікті оралымды басқаруға құқылы мекеме мүлікті өз қалауынша басқарады (ҚР АК 206 бап).

Мүлікті кепілге беру осы мүлікке билі етуді білдіреді. Сөйтіп, белегілі бір мүлікті басқаруға құқылы мекеме оны кепілге бере алады. Алайда, бұл жағдай мүлікті оралымды басқару құқығына ие қазыналық кәсіпорындарға тиісті емес.

ҚР АК-нің 312 бабына сәйкес кепіл затының сақталу жағдайы жауапкершілігін кепілге қойылған мүлікті иемденуші тарап көтереді. Осыған сәйкес бір тарап мүлікті кепілге алған тараптан оның, яғни кепіл затының сақталу жағдайын тексеруге құқылы.

Бұл ереже диспозитивті сипатқа ие және тараптар немесе заң актілері жағынан өзгертілуі де мүмкін.

Кепіл затының сақталу жағдайы қалай шешілуіне қарамастан кепілге қойылған мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуіне кепіл беруші жауап береді, бірақ бұл шартта көрсетілуі тиіс. ҚР АК 190 бабында мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуіне меншік иесі жауап береді деп белгіленген. Мүлікті кепілге қойғанда оны иемдену құқығы кепіл берушіден кепіл ұстаушыға өтеді. Кепіл ұстаушы осы мүліктің жағдайына жауап береді, кепіл затының нақты құны мөлшерде ақы төлейді.

Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер негізгі міндеттеме нотариалды куәландыруға жатса, онда кепіл туралы шарт нотариалды куәландырылуы керек. Қозғалмайтын мүлік кепілі туралы шарт нотариалды куәландырылғанда ғана күшіне енеді.

Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмегендіктен, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жөнінен-бұл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер беруге жатпаса, кепіл туралы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады (АК-тің 310-бабы). Кепіл туралы шарт тіркеуге жатқан жағдайда, ол тіркеуден өткен сәтінен бастап жасалған деп есептеледі.

Кепілдің екі түрі болады:

1) ипотека;

2) кепілзат

Ипотека - кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотека тұтастай кәсіпорындар, жекелеген құрылыстар, ғимараттар, яғни жерге тікелей байланысты (ипотека) басқа да объектілер, сондай-ақ айналымдағы тауар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Ипотека тәртібіне кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда қалады.

Ипотека туралы шарт нотариалды куәләндырылуы керек. Ол қозғалмайтын мүліктің тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап жасалды деп есептеледі.

Кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының иелігіне беруі кепілзат деп аталады (АК-тің 303-бабы). Жақтардың келісімі бойынша кепілге салынатын мүлік кепіл ұстаушыда құлыпталып, мөр басылып немесе белгілі қойылуы арқылы сақталады.

Кепілге салынған мүлікті күту мен сақтау кепілге қатысты негізгі міндет болып табылады. Бұл міндетті кепілге салынған мүлік орналасқан жақ мойнына алады.

Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті пайдалануды Азаматтық кодекстің 315-бабына сәйкес жүзеге асыра алады. Егер шартта өзгеше көзделмесе және кепіл мәнінен өзгеше туынмаса, кепіл беруші кепіл нысанын оның мақсатына сәйкес пайдалануға, соның ішінде одан жемістер мен табыстар табуға құқылы. Кепілге салынған мүлікті пайдалану үшін (бөтенге беру, жалға беру, басқа тұлғаның тегін пайдалану және т.б.) кепілге беруші кепіл ұстаушының келісімін алуы тиіс. Бірақ та кепіл берушінің кепілге салынған мүлікті өсиет етіп қалдыру құқығын шектейтін келісімі жарамсыз болады.

Ломбардқа заттарды кепілге салу да-кепілдің бір ерекшелігі. Бұл субъект құрамына, кепіл нәрсесіне, негізгі міндеттеменің сипатына және т.б. қатысты болады (АК-тің 328-бабы).

Азамат кепіл беруші ретінде өзінің жеке тұтынуындағы мүлікті қысқа мерзімді несиені қамтамасыз ету үшін кепілдікке салады. Бұл орайда кепіл ұстаушы ломбард болып табылады. Бұл - лицензия негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асырытын арнайы ұйым.

Ломбардқа заттарды кепілге салумен қамтамасыз етілген несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, ломбард нотариаттың атқарушық жазбасы негізінде жеңілдік ретінде бір айлық мерзім өткеннен кейін кепілге қойылған мүлікті сату үшін белгіленген тәртіп бойынша сатып жіберуге құқылы (АК-тің 328-бабының 5-тармағы). Осыдан кейін, егер кепілге қойылған мүлікті сатудан түскен сома оларды толық қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса да, ломбардтың кепіл беруші - борышқорға қойған талабы өтеледі.

4. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді (АК-тің 330-бабы).

Кепіл болушылық арқылы міндеттеме қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушылық жауапкершілігі мәнінен туындайды, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепіл болушы несие беруші алдында кепіл болушылықта көрсетілген сома шегінде жауапты болады. Кепіл болушылық арқылы ақшалай міндеттеме қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауапкершілігі мәнінен туындайды, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепіл болушы несие беруші алдында кепіл болушылықта көрсетілген сома шегінде жауапты болады (АК-тің 332-бабы).

Кепіл болушылық кезінде борышқордың несие берушісі мен оның кепіл болушысы арасында шарт жасалады. Кепіл болушылық қатынастарына үш субъект қатысады. Біріншіден, борышқор өзінің негізгі міндеттемесі бойынша кепіл болушымен өзінің орындамаған міндеттерін орындауға тәуекел ететіні жөнінде келіседі. Екіншіден, аталған келісімі негізінде кепіл болушымен негізгі міндеттеменің несие берушісі арасында шарт жасалады.

Кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуы тиіс, егер бұл талап орындалмаса, онда шарт жарамсыз деп есептеледі.

Кепіл болушы мүлікке ие болуға тәуекел ете алатын және мүліктік жауапкершілікті көтеретін тұлға болуы керек.

Кепіл болушылық:

1) өздері қамтамасыз еткен міндеттеменің (негізгі міндеттеменің) тоқтатылуымен;

2) кепіл болушының жауапкершілігін арттыруға немесе өзге де қолайсыз зардаптарға әкеліп соқтыратын осы міндеттеме кепіл болушының келісімінсіз өзгерген жағдайда;

3) кепіл болушылық мерзімінің бітуімен байланысты тоқтатылады.

Егер мұндай мерзім белгіленбесе, егер несие беруші кепіл болушылық қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімі басталған күннен бастап бір жыл ішінде кепіл болушыға заңды талап қоймаса ол тоқтатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет