Ж. С. Абдукаримова Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ (жалпы бөлім) Дәрістердің қысқаша тезистері АҚтау 2017 1 лекция


-лекция: Тақырыбы: Шарт туралы жалпы ережелер



бет7/7
Дата27.10.2019
өлшемі202.89 Kb.
#447323
1   2   3   4   5   6   7
Азаматтық общая тезисы лекций

18-лекция: Тақырыбы: Шарт туралы жалпы ережелер


Жоспар

Шарттың ұғымы мен оның маңызы





  1. Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: “шартқа екі жақты көп мәмілелер туралы ережелер қолданылады”. Сонымен бірге, “мәміле” ұғымы “шартқа” қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.

Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.



Шарттың түрлері

Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі (өзіне тән шарт белгілері).



Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге құқылы. Шарттардың көбі екіжақты болып келеді (сату-сатып алу, мүліктік қарыз, жеткізу шарттау, мердігерлік, тасымалдау және т.б.). Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға тапсырылуы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың құнын төлеуге міндетті, және затты өзіне беруді талап ете алады.

Шарт ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған затқа атқарылған жұмысқа, істелген қызметке ақша алады, тапсырылған мүлкінің құнын алады). Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай, немесе ешнәрсе бермей ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-тің 384-бабының 2-тармағы). Шарт бойынша тарап өз міндеттерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Жоғарыда айтқан ақысыз шартқа мысалы, сыйға беру, мүлікті ақысыз тегін пайдалану, кейбір жағдайда сақтау жатады.



Консенсуалды (келісім) және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әржақтың құқықтары мен міндеттері туындайды (мысалы, сатып алу сату, мүлікті жалдау мердігерлік және т.б.).

Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғана құқықтар мен міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займ шарты, азаматтардың қатысуымен сақтау шарты).

Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттерді алатындар –сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда азаматтық айналымда басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемелерге не тікелей өзі, не өзінің уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады.

Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт-бұл тараптар несие берушіге емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт (АК-тің 391-бабы). Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан бөлектеу қажет, өйткені бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие берушінің өзі де оны орындау ретінде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығы-шартты орындауды талап ету дербес құқығы болмайды. Ондай құқық үшінші жаққа шарт бойынша беріледі.

  1. 1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттың мынадай түрлері бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.

Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе, қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт-жария шарт деп танылады (АК-тің 387-бабының 1-тармағы).

Одан ұйымдарға бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету және т.б. жатады. Аталған ұйымдардың тұтынушыларға тауар беруде, қызмет көрсетуде, жұмысты орындауда бас тартуына жол берілмейді. Шарт жасауға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы (АК-тің 399-бабының 4-тармағы).

Коммерциялық ұйым жария шартты жасауға қатысты бір тұлғаға басқа тұлғалар алдында, егер заңда немесе нормативтік актілерде өзгеше көзделмесе, ешқандай артықшылық беруге құқығы жоқ. Шартта көрсетілген талаптар, мәселен, тауарлардың, қызмет көрсету мен жұмыстардың құны тұтынушылардың бәріне бірдей болады. Тұтынушылардың кейбір категорияларына жеңілдік беруге заңдармен жол беретін жағдайлар есептелінеді (АК-тің 387-бабының 2-тармағы). Ондай тұтынушыларға, мысалы, мүгедектер, соғыс ардагерлері және т.б. жатады.



Шарттың мазмұны

Шарттың мазмұны–жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жасалған жағдайлардан басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді (АК-тің 382-бабының 1-тармағы).

Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімен өзгеше (диспозитивтік норма) белгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен норманың қолдануын жоя алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.

Егер шарттың ережесін тараптар немесе дипозитивтік қалып белгілемеген болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік қызметтің өрісіндегі әдеттегі құқықтармен белгіленеді (АК-тің 382-бабының 2- және 3-тармақтары).

Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлрқ елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.

Елеулі шарттар болып табылатындар:



  1. шарттың мәні туралы ережелер:

  2. заңмен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар:

  3. осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер:

  4. бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер (АК-тің 393-бабы).



Шартты жасау

  • Шарт әр жақтың келісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім жасауға ұсынысы мен екінші жақтың ондай ұсынысты қабылдау нәтижесінде жасалады. Шартты жасау тәртібі Азаматтық кодекстің 395-400-баптарымен реттеледі. Оларда шарт жасау кезіндегі екі кезең бекітілген.

Азаматтық кодекстің 395-бабының 1-тармағына сәйкес, бір жақтың шарт жасауға ұсынысы-оферта арқылы шарт жасау (бірінші кезең) және екінші жақтың ұсынысын қабылдауы (екінші кезең) оның акцептісі болады.

Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде, яғни, акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі. Заңға сәйкес шарт жасау үшін әржақтың келісімімен басқа мүліктерді де тапсыру керек, мүліктер тапсырылған сәттен бастап шарт жасалады деп есептеледі, яғни, сатып алушыға мүліктерді жеткізу ұйымдастырылады. Егер шарт заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтуге жатса, егер заңда басқаша көзделмесе, ол тіркеуден өткен сәттен бастап жасалады деп саналады.

Шарттың нысаны мәміленің нысаны туралы жалпы ережеге бағынады.

Әлгінде айтқанымыздай, шарт бір жақтың ұсынысымен (оферта), екінші жақтың оны қабылдауына байланысты жасалады. Бірақ та, кез келген ұсыныс оферта ретінде қарала алмайды, тек заңда бекітілген талаптарға сай келетін ғана мүмкін болады (АК-тің 396-бабы).

Азаматтық кодекстің аталған бабына сәйкес, біріншіден шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс жеткілікті дәрежеде айқын болып, ол қабылданған жағдайда осыны жасаған жақтың (акцепт) өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін көрсете, оферта деп танылады.

Екіншіден оферта шарттың елеулі жағдайлары енгізілуі тиіс, және шарт жасау үшін сол елеулі жағдайлармен келісуі жеткілікті.

Үшіншіден, оферта оны жіберген жақ пен алушының қолына тигеннен бастап оларды өзара байланысты етіп қояды. Офертаны қабылдаған тұлға оны өзіне жолдаушы жаққа белгілі бір уақыт өткенше басқа біреуге ұсыныс жасамай тұра тұруды міндеттейді және де офертамен келіскен тұлғамен оферта жіберуші шарт жасауы тиіс. Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледі (АК-тің 395-бабы).

Жарнама және беймәлім адамдар тобына жіберілген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тікелей өзгеше көрсетілмесе, оферта жасасуға шақыру ретінде қаралады.

Жаңа Азаматтық кодексте жария оферта ұғымы беріледі. Жария оферта-ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетілген жағдайларда шарт жасасу еркі көрінетін, шарттың барлық елеулі ережелері бар ұсыныс (АК-тің 395-бабы).

Шарт жасасудың екінші кезеңі-акцепт. Акцепт-оферта жолданған жақтың оны қабылданғаны туралы жауабы (АК-тің 396-бабының 1-тармағы). Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Заң құжаттарында, іскерлік өрісіндегі әдеттегі құқықтарда немесе бұрынғы іскерлік қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып есептелмейді. Офертаны алған жақтың оның акцепт үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде жасаған әрекеттері (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиісті соманы төлеу және т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетілмесе, акцепт деп есептеледі (АК-тің 396-бабының 3-тармағы). Акцепт қайтарылып алынуы мүмкін. Егер қайтарып алу туралы хабар оферта жіберген жаққа акцептің өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептелінеді (АК-тің 396-бабы).

Офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілген жағдайда, егер оферта жіберген жақ акцепті онда көрсетілген мерзім ішінде алса, шарт жасалған болып есептеледі.

Жазбаша офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілмеген жағдайда,оферта жіберген жақ акцепті заңдарда белгіленген мерзім біткенге дейін, ал егер ондай мерзім белгіленбесе, оны жеткілікті дәрежеде қажетті уақыт ішінде алса, шарт жасалған болып есептеледі. Оферта акцептіге арналған мерзім көрсетілмей ауызша жасалған жағдайда, егер екінші тарап оның акцепті туралы дереу мәлімдесе, шарт жасалған болып есептеледі.Егер оферта жіберген тарап екінші тарапқа акцепті кеш алғаны жөнінде дереу хабарламаса, акцепт туралы мерзімінде жіберілген хабар кеш алынған жағдайда, акцепт кешіктірілген болып есептелмейді. Егер оферта жіберген тарап екінші тарапқа оның кешіктіріліп алынған акцепт қабылдағаны туралы дереу хабарласа, шарт жасалған болып есептеледі.

Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт жасасуға келіскендіктен туралы жауап акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап офертадан бас тарту және сонымен бірге жаңа оферта деп танылады (АК-тің 397-бабы).

Шарттың еркіндігінен тыс заңда кейбір ерекшеліктерімен бөлектенетін міндетті түрдегі шарт жасасу жағдайы қарастырылуы мүмкін (АК-тің 399-бабы).

Шарт жасасу міндетті болған жағдайда, әр жаққа арналған заңдармен сәйкес, бір жақ екіншісіне мына талаптарды орындайды:



  1. акцепт туралы хабар, немесе:

  2. акцептіден бас тарту, немесе;

  3. офертаға (шарт жобасына) өзгеше жағдайларға акцепт жасалатыны туралы (шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы), егер заңдарда басқа мерзім белгіленбесе, не тараптар келіспеген болса, офертаны алған күннен бастап 30 күннің ішінде хабар жіберуі тиіс.

Офертаны жіберген және шартты жасасуға міндетті тараптан оған өзге жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар (шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы) алған тарап шарт жасасу кезінде пайда болған келіспеушілікті осындай хабар алған күннен бастап отыз күн ішінде, не акцептіде арналған мерзім өткен соң, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлері туралы өзге мерзім белгіленбесе, соттың қарауына беруге құқылы (АК-тің 399-бабының 1-тармағы).

Егер шарт жасасуға міндетті тарап жіберген шарт жобасына отыз күн мерзімде шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы алынса, бұл тарап екінші тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы, не келіспеушілік хаттамасын қабылдамайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын алған күннен бастап отыз күн ішінде хабарлауға міндетті.

Келіспеушілік хаттамасына қабылдамаған, не оны көрсетілген мерзімде қарау нәтижелері туралы хабарды алмаған жағдайда келіспеушілік хаттамасын алған тарап мұндай келіспеушілікті соттың қарауына беруге құқылы (АК-тің 399-бабының 3-тармағы 2-ші азат жолы).

Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы. Шарт жасасудан негізсіз жалтаратын тарап екінші тарапқа шарт жасасудан бас тарту арқылы туғызған залалдың орнын толтыруға тиіс (АК-тің 399-бабының 4-тармағы).

Шарт жасасу кезіндегі туындаған келіспеушіліктер тараптардың келісуімен соттың қарауына берілген болса (АК-тің 399-бабы), шарттың тараптар келіспеген ережелері сот шешіміне сәйкес белгіленеді (АК-тің 400-бабы).

Шартты өзгерту және бұзу



Шартты өзгету және бұзу заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, тараптардың келісуімен жүзеге асуы мүмкін (АК-тің 401-бабы). Тараптардың біреуінің талабы бойынша шарт:

  1. екінші тарап шартты едәуір бұзған кезде;

  2. заңда немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін (АК-тің 401-бабының 2-тармағы).

Тараптардың біреуі шартты бұзып, ал екінші тарап шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанымен едәуір дәрежеде шығынға әкеліп соқса, бұл шарт едәуір дәрежеде бұзылды деп танылады.

Шартты толық немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартқан келісімінде жол берілген кезде, шарт тиісінше бұзылған немесе өзгертілген болып есептеледі (АК-тің 401-бабының 3-тармағы).



Шартты бұзу кезінде тараптар міндеттемелері тоқтатылады, ал өзгертілген кезде өзгертілген түрінде қолданыла береді. Егер тараптардың келісуімен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, міндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келісімге келген кезден бастап, ал шарт сот тәртібімен бұзылған немесе өзгертілген жағдайда шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертілген болып есептеледі.

Егер заңда немесе тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе тараптардың шартты бұзған немесе өзгерген кезге дейін міндеттеме бойынша өздері атқарған жұмысты қайтарып беруді талап етуге құқығы жоқ. Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бір тараптың шартты едәуір бұзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертуінен залалдың орнын толтыруын талап етуге құқылы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет