Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет100/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Біліктер 
Бұл ‒ өңдеудің басты ережесі. Бөлшектер тиісінше бекітілуі тиіс, әйтпесе оларды кесетін 
құралдан лақтырып тастайды, ал бұл жарамдылық мерзімінің қысқаруына және бөлшектің 
ақауына алып келеді. Металдардың көпшілігіне арналған жақсы ереже ‒ ұшып кету 2:1-ден 
астам болмауы тиіс, ол диаметрі 1 дюйм болатын шыбықты дайындама патроннан екі 
дюймнан артық шығып тұрмауы тиістігін білдіреді. Басқа да көптеген нұсқаулықтар секілді, 
бұл да бар болғаны нұсқаулық және бөлшек көбірек шығып тұруы мүмкін, әсіресе ол екінші 
ұшынан берік бекітілген болса. 4:1 қатынасынан асып кетпеген дұрыс, әйтпесе қолайсыз 
жағдайға тап боласыз.
Дегенмен де көптеген өңделетін бөлшектер айтарлықтай ұзын және жұқа болады. 
Оларды «біліктер» деп атайды және олар автокөлік белағаштарынан бастап баспа 
машиналарына дейін пайдаланылады (6-3-суретті қараңыз). Диаметрі бір немесе екі дюйм 
болатын, ал ұзындығы қос дюйм болатын білікті айналдырғанның еш ерекшелігі жоқ. Мұнда 
басқа сұрақ туындайды, осындай дайындамаларды айналадағының бәрін сындырып 
тастамастан қалай өңдеуге болады?
Айналып келгенде (сөздің астарын байқаңыз), ол айтарлықтай оңай. Адамдар жону 
білдектерін жасауды бастағалы бері осындай жұмыс түрі үшін оларға артқы қысқыштарды 
орнатып келген. СББ білдектерінің немесе жону-бұранда кескіш білдектерінің кез келгеніне 
қараңыз, оң жағындағы ары-бері сырғитын және патронға қарама-қарсы тұрған ұшында 
конустық саңылауы бар үлкен темір кесегін көріп тұрсыз ба? Осы саңылау «айналмалы 
центр» деп аталатын үлкен, қалың қарындаш секілді көрінетін сайманды қабылдайды (қол 
жону білдектерінде артқы қысқыштар саңылау жасауға арналған бұрғыны ұстап тұру үшін 
пайдаланылады). Айналмалы центрлер бірқатар айналмалы мойынтіректерден тұрады, 
олар өткір ұшты жонғыш өңдеу кезінде сүйемелдей отырып, дайындамамен бірге 
айналуына мүмкіндік береді.


105 
6-3-
сурет: СББ екі белдікті 
білдектегі білік.
Сол жақта үш жұдырықшалы 
механикаландырылған патрон 
шыңдалған жоғары 
жұдырықшаларымен артқы 
қысқыш ұстап тұратын 
дайындаманы қысып тұр 
Алайда тағы бір шешімін таппаған мәселе бар. Әлі де патронның ішінде тұрған біліктің 
қимасын қайтеміз, сіз осы бөлікті қалай өңдемекшісіз? Тағы да мәселенің қарапайым шешімі 
бар. Бүйірлік жетектемелер айналмалы центрлерге ұқсас, бірақ олардың дайындамаға 
килігетін бірқатар кертпелері бар. Біреуін патронға орнатыңыз, бөлшектің сол жақ ұшын 
соған қарама-қарсы орнатыңыз, оң жақ ұшын сүйемелдеу үшін айналмалы центрді көтеріңіз 
де өңдеуді бастаңыз. Осы арада дайындаманың тек беткі қабаты іске қосылғандықтан,
барлық сыртқы диаметрі жонғыш өңдеу үшін қолжетімді болады.
Сіз қарындаш пішінді металл бұйымды дайындамаға жай тыға салып, жақсы 
нәтиже күте алмайтын болғандықтан, артқы қысқыш пен бүйірлік 
жетектеменің жұмысы үшін шамалы дайындық қажет. Міне, сондықтан да 
сіздің, алдымен, дайындаманың беткі қабатында, өзіңіз түсінгендей, 
дайындамалардың ұшында артынан өңделетін немесе орталықтардың 
ортасында ажарланатын арнайы пішіндегі саңылауларды жасау үшін 
арнайы ойластырылған құрал болып табылатын орталық бұрғының 
көмегімен шағын саңылау жасап алуыңыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет