100
айналу барысында ұстап қармап алатын, жұдырықшалар деп аталатын
алынбалы металл
кесектерінің тобынан тұрады. Жұдырықшалар мен патрондардың алуан түрлері туралы
әңгімені бастамас бұрын, олардың қалай жұмыс істейтінін қарастырып алайық:
Механикалық: кез келген жону-бұрама кескіш білдекке қарап көріңіз, сонда алдыңғы
үш жұдырықшалы әмбебап патронды көруіңіз ықтимал.
Олардың көбі бір ұшында
төртбұрышты кілті бар, патронның оң жақ бүйіріндегі беттесетін саңылауға
салынатынТ-тәріздес сомын кілтімен жабдықталған. Сомын кілтін бұрап көріңіз, сонда
ол тегершікті патронның ішіндегі түйіндес шиыршықты дискіге бұрады (кейбір
патрондарда бұрамдықты тегершіктер болады), нәтижесінде жұдырықшалар ашылады
немесе жабылады.
Гидравликалық: патрондармен туындайтын тағы бір мәселе бар ‒ортадан тепкіш күш
оларды ашуға тырысады. Бұл айналым саны шектеулі қол білдектері үшін алаңдауға
аса көп негіз емес, бірақ CNC-тәріздес СББ жону білдектерінің сүмбісінде
жылдамдық
оп-оңай минутына 4000 айналымға немесе одан да көпке бара алады. Егер осы
айналымда механикалық патронды қолдансаңыз, онда дайындама бүкіл
цехтың
ортасынан ұшқан кезде сізге, бәлкім, табан астында бұғып қалуға тура келер. Білдек
өндірушілер ішінде тісті беріліс емес, сына түріндегі
механизмі бар және ортадан
тепкіш күшке қарсы тұратын дайындамаға үнемі қысым көрсететін гидравликалық
басқарудың көмегімен осы мәселені айтарлықтай азайтты. Айналдыру үшін кілт
болмағандықтан (тек аяқ басқысы) қысу
мен босату тезірек орын алып, өнімділікті
арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: