Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Қандай және қанша жұдырықша пайдаланылатынын шешеміз



Pdf көрінісі
бет98/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Қандай және қанша жұдырықша пайдаланылатынын шешеміз
СББ жону білдектерінің көбі зауыттан үш жұдырықшалы механикаландырылған 
патрондармен жеткізіледі. Оларды орнату оңай, олар мықты және сәйкес жұдырықшалар 
пайдаланылған жағдайда жону білдегінің бөлшектерінің басым көпшілігін ұстап қала
алады. Бұрынырақ айтып кеткеніміздей, кейбір кездері басқаша тәсіл қажет болады. 
Мысалы, екі жұдырықшалы патрондар шаршы немесе тік бұрышты бөлшектерді, мысалы, 
бір жағынан бұрандалы саңылау, екінші жағынан, таңырқатарлық пішіндегі бөлшектер, 
мысалы, бүгілмелі келте құбыр қажет болатын гидравликалық коллекторларды жақсы 
қармап алады.
Кейбір патрондарда төрт немесе тіпті алты жұдырықшалар бар, алайда олар қолмен 
істейтін жону бұранда кескіш білдектерде көбірек қолданылады. Көптеген жағдайларда 
қысқыш жұдырықшалар бірдей қозғалады («әмбебап патрондар» деп аталатын), бірақ төрт 
жұдырықшалы патрондар тік бұрышты немесе ортадан ығыстырылған бұрыс пішіндегі
дайындамаларды оңай қармап алуға көмектесіп, көбіне өз алдына жұмыс істеуге 
есептелген. Әрбір жұдырықша өз алдына реттелетіндіктен, төрт жұдырықшалы патронның 
жақтастары оларды әмбебап патрондарға қарағанда «дәлірек» деп мәлімдейді.
СББ жону білдектерінің көбіндегі жұдырықшалардың 1,5х60 градус болатын тісті түбі 
бар, олар патронның беткі жағындағы түйіндес жылжымалы бағыттауышқа орнатылады 
МАҢЫЗДЫ 
БӨЛШЕКТЕР 
ЕСКЕРТУ


102 
және бір-екі бұранданың және Т-тәріздес сомындардың көмегімен бекітіледі. Алайда өңдеу 
әлемінің басқа да қалған көпшілігіне арналғандай, айқара тәрізді бекіткіші бар 
жұдырықшалардан бастап майда тісті төртбұрышты бірігуі бар жұдырықшаларға дейін
бірқатар стандарттар бар.
Патронның түріне немесе оның монтаждық орындалуына қарамастан цехтарға әрбір 
жону білдегін шыңдалған және ұшталған жұдырықшалар жиынтығымен жабдықтау 
ұсынылады. Олар жону жұмыстары үшін араланып кесілген шыбықты дайындама мен 
материалдарды ұстап қалу үшін қолданылады және олардың қысқыш бетінде материалға 
ойып орналастырылған шағын тістері болады. Қосалқы жұмыстар үшін әдетте 1018 
болаттан немесе тіпті алюминийден жасалған өңделінетін жұмсақ жұдырықшалар 
пайдаланылады, олар қысқыш патронға бұрандалармен бекітіледі және дайындамаға 
сәйкес ұшталған. 
Жұмсақ жұдырықшалар шағын көлемді өндіріс үшін қолайлы, бірақ айта 
кетерлік жайт, металдың уақыт өте босаңсуы және деформациялануы 
қысқыштың дәлдігі мен мүмкіндіктерін жоғалтуға алып келеді. Мұнымен 
қоса, металл жоңқалар мен майда түйірлердің жұдырықшаларға түсуіне 
және дайындаманың аздап майысуына алып келуі мүмкін.
Осы екі жағдайды да мұқият қадағалаңыз және қажет болған жағдайда 
жұдырықшаларды ұштап отырыңыз. Ал жаппай немесе қайталанатын 
жұмыстар үшін жұдырықшаларды арнайы дайындамаларға сәйкес 
шыңдаған және ұштаған жөн. Кейде дайындаманың шеңберін толығымен 
қамтыған жөн, осылайша триангуляция секілді жағымсыз жағдайдан аулақ 
боласыз. Бұл сондай-ақ қармап алу беткі қабатының ауданын ұлғайтады, ал 
бөлшектер патронда барынша мығым болады. Осы жағдайда алты 
жұдырықшалы патронды қолдануға болады, алайда екі үш жұдырықшалы 
патроннан бәліш (пирог) пішінді «секторлық жұдырықшалар» жасауға да 
болады. Сіз түсінгендей, секторлық жұдырықшалардың пішіні айтылып 
кеткен елдің бәріне ұнайтын десертті еске түсіреді және дайындаманы жан-
жағынан толығымен қамтиды.
Механикалық 
жүйелердің 
көпшілігіндегідей, 
патрондар 
түйіндес 
құрауыштардың жігіндегі аздаған саңылауға тап болады. Ол «люфт» деп 
аталады және жұмсақ жұдырықшаларды ұштау барысында асқан дәлдікке 
қол жеткізу үшін, алдымен, патронда бір қатты нәрсені қысып тұрып, люфтті 
алып тастау қажет. Металл сынығының кесегі немесе құрал-саймандарға 
арналған төменгі қорапшаңыздағы ескі бөлшек те жарайды, бірақ люфтті 
алып тастауға арналған сақиналар жиынтығы ‒ реттелетін ұштағыш 
сақинаны немесе ұштауға арналған құралды пайдалану талғамды және 
болжамды шешім болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет