Жаныштау
Егер сіз өз көлігіңіздің тежегіш жүйесін тексертуге кіргізіп көрген болсаңыз, онда, бәлкім,
осы маңызды автокөлік үдерісі туралы естіген боларсыз. Жаныштау өңделген саңылаулардың
ішіндегі тежегіш цилиндрі, қозғалтқыш шығыры, бұлғақтар және т.б. секілді аса жылтыр және
«функционалды» беткі қабатты қалыптастырады. Жанғыштау сіздің отбасылық көлігіңіздің
бөлшектерімен шектеліп қоймайды, ол сондай-ақ гидравликалық цилиндрлердің ішкі
бөліктерін жылтыратуға, құрылыс жабдықтарындағы май ағынын бақылауға арналған
коллекторлардағы саңылауларды аяққы өңдеуге және піспек басқа механикалық құрауыштың
ішінде еркін сырғуы тиіс басқа да кез келген жерде қолданылады.
Жаныштаудың физикасы ажарлауға тым ұқсас болып келеді. Қажау тастардың қатары
біліктік сызығы жай ғана фрезаның артынан жүріп отыратын (көп жағдайларда) алдын ала
өңделген саңылауда жүзіп жүретін икемді жиекке орнатылады. Жануыш саңылаудың бойымен
жоғары-төмен қайтымды ілгерілеме қозғалыс жасаған сайын ол саңылауды «түзете» отырып
және оның бетін жақсарта отырып кеңейеді. Осы орайда материал шығыны жоқтың қасы, ал
дәлдік ерекше болып келеді, осының арқасында жаныштау көптеген бөлшектерді өңдеудің
соңғы кезеңі үшін жиі таңдалады.
Бұрамдық жонғышпен кесу, тісқару және тісжонғылау
Тісжонғылау түсіндіруге бірнеше тарау кететін тағы да бір техникалық тақырыптардың
бірі болып табылады. Дегенмен мен оны қалдырып кете алмаймын, себебі білдекші-
операторларға, әсіресе операторларға көбіне тегершіктер жасауды тапсырады, оның үстіне
оның не үшін қолданылатынын бліместен, бір нәрсені күні бойы жасап тұрудың қызығы қанша?
Тіпті сіз тегершікті өмірі көрмеген болсаңыз да, бәлкім, оның көмегімен көлікпен жүрген
боларсыз: тегершіктер автокөліктер мен пойыздардағы қуатты береді, олар ұшақтың шассиын
көтереді, олар табақ толып кеткен кезде мұз генераторының кішкентай тұтқасын жылжытады.
Алайда олар велосипедтерде қолданылмайды: ол жерде жұлдызшалар қолданылады, бірақ
мен олар туралы бұл кітапта сөз қозғамаймын.
Тегершік дайындамасы СББ білдегінен шыққан соң оны әдетте тісжонғылау білдегіне
жөнелтеді (3-5-суретті қараңыз). Ол жерде оны әзірленетін тегершіктің түріне байланысты
айналмалы сүмбіге (кеңінен таралған түрі тіктісті және шиыршықты) бекітеді, содан соң шағын
бұрышқа иілтеді. «Бұрамдық жоңғыш» үлкен тісті бұранда секілді көрінетін кесетін құрал ‒
жеке сүмбіге орнатылады (кесетін ернеуімен) және дәл бақыланатын қозғалыспен
дайындаманы қозғалысқа келтіреді, осылайша болашақ тегершіктің пішінін шығарады.
Бұрамдық жонғышпен кесу тегершіктерді кесудің ең кеңінен таралған әдісі, бірақ
тегершіктер жонғышталған, құйылған, соғылған және фрезерленген болуы мүмкін. Бүгінгі
таңда өндірілетін бұрамдықтыдан конустыққа, төрткілдешке, гипоидтікке және тәждіге дейінгі
тегершіктердің көптеген түрлері біздің талқылауымызды күрделендірке түсуі мүмкін. Егер
тегершіктер болмаған болса, онда Сіздің жұмысқа жаяу баруыңызға, ал бөлшектерді
қашаумен және егеуқұм қағаздарымен өңдеуге тура келген болар еді. Тегершіктер барлық
жерде бар.
Достарыңызбен бөлісу: |