64
»
Көміртек: күлкілі, алайда металдардың көпшілігіндегі ең маңызды элементтердің бірі металл
емес зат болып табылады. Адамдар және ғаламшардағы кез келген тіршілік иесі тұратын
көміртек
шойынның, болаттың және тот баспайтын болаттың әрекетінде шешуші рөлге ие.
Шын мәнінде, металлургтер көміртекті бақылай алатын болған кезден бастап болатты өндіру
мүмкін болды, осы жағдай бір кездері өндірістік қоғамның патшасы болған темірді кейінгі
орынға ысырды.
Хром: хромсыз тот баспайтын болатты тот баса бастайды.
Хромсыз хромдалған
қақпақшалар және ашық сары түсті мектеп автобустары болмаған болар еді (хромды
сонымен қатар сырлауға да қолданады). Менделеев кестесіндегі 24-нөмір хромның аса
қаттылығын және коррозияға төтеп беретіндігін көрсетеді,
бұл оның тот баспайтын
болаттар мен суперқорытпаларда кеңінен қолданылуының басты себебі болып
табылады. Сіз үшін айтарлықтай зиянды болғанымен (бұл басқа да көптеген заттарға
қатысты), ол ‒ сонымен қатар адам үшін де маңызды микроэлемент.
Кобальт: месопатамдықтар оны шыныны әдемі көк түске бояу үшін пайдаланған, бірақ
кобальт 1735 жылға дейін элемент ретінде айқындалмаған. Оның атауы «Кобальт»
сөзінен шыққан, неміс тілінен аудармасы «жын» дегенді білдіреді. Ол
өзін өндіретін
жұмысшылардың улануына немесе өліміне алып келетін кобальт кенінде бар
күшәланың арқасында өзінің «жаман атына» ие болған. Шыны мен бояуда
сақталатын
пигменттің рөлімен қатар кобальт кесетін құралдарда (5-тарауда талқыланатын),
магниттерде және көптеген суперқорытпаларда кеңінен пайдаланылады. Ол қатерлі
ісікпен күресуге арналған сәулелік терапияда да маңызды орынға ие.
Достарыңызбен бөлісу: