Тар шеңберлі секторларға көз жүгірту
Кейбір бөлшектер тым бірегей немесе оларды кесу қиынға соғады, не олардың көлемі
үлкен болатыны соншалықты, оларды дәстүрлі өңдеу тәсілін (тым болмағанда, экономикалық
тиімді тәсілмен) пайдаланып әзірлеу мүмкін емес. Олар көп жағдайларда басты үрдіске
айналып кететін «қалыптан тыс ойлауды» талап етеді. Гидроқажақты және лазерлік кесу (мен
олар туралы сәл кешірек осы тараудың соңына таман айтып кетемін) бір кездері
дайындамадағы сынған бұранда ойғышты алып тастауға арналған EDM үдерісі секілді қос
мысал болып табылады. Күндердің күнінде дәл солай кеңінен таралып кетуі мүмкін тағы да
басқа мысалдар бар.
Электронды сәулемен өңдеу
Келесі жолы шатырды жылылайтын кезде «EBM» аббревиатурасы туралы ойланыңыз.
Онсыз шыныталшықты оқшаулау Сізге анағұрлым қымбатқа түседі. Аббревиатура
«электронды сәулемен өңдеу» ретінде түсіндіріледі, ол ‒ бір кездері лампалық
теледидарлардағы технологияны пайдаланатын, сирек кездесетін өңдеу үдерісі. Дегенмен
егер сіз осы электронды сәуле шығаратындардың бірімен жабдықталған теледидардың
алдында отырған болсаңыз, онда сіз пультті қолыңызға алмастан бұрын көз жұмған болар
едіңіз.
EBM-
ның көмегімен бұрғылау 1949 жылы неміс физигі Карл Штайгервальд өзінің
электронды микроскобында байқамай күйген ойық жасаған кезде ойлап табылды. ЕВМ
жолындағының бәрін, осы жағдайда металлы буға айналдырып, шамамен жарық
жылдамдығының үштен екісіне дейінгі электрондар ағынын күшейте отырып жұмыс істейді.
ЕВМ көптеген титтей саңылауларды жылдамдатып бұрғылау үшін қолданылады, бір мысал
шыныталшықты оқшаулауды әзірлеу үшін қолданылатын «сүзгілер», сондай-ақ тамақ
өндірісіне арналған тот баспайтын болаттан жасалған елеуіштер болып табылады. Қалай
болғанда да ЕВМ бұрғы әрбір сағат сайын өлшемі адамның шашындай болатын
миллиондаған саңылауларды, сондай-ақ жандарының арақатынасы 25: 1 (диаметрге қатысты
ұзындық) болғанда, диаметрі шамамен ширек дюймға дейін келетін үлгілемелі, конустық және
қонышты саңылауларды оңай жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |