Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет55/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Перфорациялау: Перфораторлар да қойындәптерге парақ қосу үшін пайдаланатын 
тескішіңіз секілді үш саңылаумен жұмыс істейді, айырмашылығы олар домалақ, төрт бұрышты, 
сопақтау немесе тік бұрышты пішіндерді қалыптай алады және оны сіздің Салли тәтеңіз 
шоколад түйірлерімен қамырды жайғанынан да тез жасайды.
Кесу: Тағы бір қағазбен ұқсастықты алсақ, кесетін машина ‒ өте үлкен қайшы, бірақ ол 
металға арналған. Олардың бар істейтіні ‒ металдың үлкен табақтарын шағын бөліктерге 
кесу, содан соң олар әдетте қалыптама немесе ию бөліміне одан әрі өңдеу үшін жөнелтіледі.
Қалыптау: Бірнеше азат жол бұрынғы құралдар мен қалыптар жасаушылар туралы 
жарнамалық хабарландыру есіңізде ме? Осы жерде олардың дағдылары жоғары бағаланады. 
3-7-
суретте көрсетілгендей қалыптама машиналары аспаптық және қалыптама цехтарында 


60 
өндірілетін құрал-саймандарсыз үлкен өтпейтін балғалар болған болар еді. Қалыптар 
(әсіресе, прогрессивті қалыптар) сағатына жүздеген немесе тіпті мыңдаған бөлшектерді 
шығара отырып, қалыптауды, июді және иіп қалыптауды бір үдерісте біріктіреді. Осыған 
қажетті құрал-саймандарды әзірлеу айтарлықтай қымбат болғандықтан, қалыптама 
операцияларының көбі ірі көлемді өндірістерде орындалады. 
Лазерлік кесу: Шамамен 1980-ші жылдарға дейін көптеген бөлшектер алдында 
айтылып кеткен төрт үдерістің бірін немесе бірнешеуін қолданумен әзірленетін. Лазерлік 
кескіштер қуатты және арзанырақ болған соң бәрі өзгеріп сала берді. Бүгінгі таңда лазерлік 
кескішті қолданбайтын металл құрастырылым цехын табу оңайға түспейді және көптеген 
бөлшектер лазерлік кесудің мүддесінде перфораторлар мен металл қайшысын айналып өтеді. 
Қалыңдығы шамамен 1 дюйм металл табақты үстелдің үстіне қойыңыз, машинаға өзіңіз 
қалаған пішін(дер)ді енгізіңіз, ал ары қарай лазер өзі жасай береді.
3-6-
сурет: Табақ қалыптау 
қысқышы табақтың күрделі 
июін орындауда 
3-7-
сурет: Осыған ұқсас 
қалыптау машиналары кесу 
мен қалыптау үшін 
қолданылады 
Металл құрастырылымы цехтары әдетте мойындай бергісі келмейді, бірақ 
олардың жұмысы механикалық өңдеусіз мүмкін болмаған болар еді. Ол 
перфораторлар, қалыптамалар және басқа да металл табағын – шын мәнінде 
жабдықтың өзін де өңдеуге арналған құрал-саймандар EDM-ның көмегімен 
КЕҢЕС 


61 
қажетті өлшемге дейін өңделуі, иілуі және ажарлануы тиіс. Асқан дәлдікпен 
және осы құрал-саймандарды әзірлеу үшін қажетті күрделі материалдармен 
айналысатын білдекші-операторлардың арнайы санаты бар: олар құрал-
сайман ұсталары мен қалыптаушылар деп аталады және оларсыз металл 
құрастырылым өндірушілерінде жұмыс болмаған болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет