70
4-3-
сурет: Осы үдеріс
анағұрлым тиімді
болғанымен, соңғы 150
жылда болат өндірудің
бастапқы үдерісі қатты
өзгере қойған жоқ
Қандай илем: қосындыланған болат
Қосындыланған болат молибденнің, вольфрамның
және басқа қоспалауыш
элементтердің шағын мөлшері қосылған көміртекті болат болып табылады. Көміртекті және
қосындыланған болат нөмірлеудің бірдей төрт сандық жүйесіне жатады, осы орайда алғашқы
сан болаттың түрін білдіреді:
» 1XXX Көміртекті болат
» 2XXX Никельденген болат
» 3XXX Никельденген хромдалған болат
» 4XXX Молибден болаты
» 5XXX Хромдалған болат
» 6XXX Вольфрамды хромдалған болат
» 7XXX Вольфрамды хромдалған болат
» 8XXX Никельденген хромдалған молибден болаты
» 9XXX Силиконды марганецті болат және басқа да түрлі SAE (болаттың сайка маркасы)
маркалары
Екінші сан негізгі қосындылау элементінің жуықтас пайыздық құрамына қатысты болады,
ал соңғы екі сан пайыздық жүзінші үлесімен берілген қатысатын
көміртегінің санын
сипаттайды. Мысалы, «5140» маркалы болат шамамен 1 пайыз хромды және 0,40 пайыз
көміртегін құрайды, ал «9360» маркалы болат шамамен 2 пайыз кремнийді және 0,60 пайыз
көміртегін құрайды. Өкінішке орай, көптеген ерекшеліктер бар және қоспалардың қайсысы
берілген элементті көбірек құрайтынын анықтаудың ең жақсы тәсілі оны кестеден қарау болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: